Мақсат – ауыл шаруашылығын дамытуға жағдай жасау

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрайымы – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Стаханқызы Мұхамадиевамен әңгіме

Егемен Қазақстан
29.12.2017 20525

– Айгүл Стаханқызы, Мемлекет бас­шысының «Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қа­бі­леттілік» атты Қазақстан халқына Жол­­дауында еліміздің Эко­но­ми­ка­лық ынтымақтастық және даму ұй­ым­­ына мүше-елдердің стандартта­ры­на көшуі туралы тапсырма бар. Ау­­ылшаруашылық тауар өн­ді­ру­ші­лерінің қаржыландыруға қол­же­тім­ділігі ЭЫДҰ-ның аграрлық сек­тордың бә­секеге қабілеттілігін ба­ғалау өл­шем­дерінің бірі болып та­бы­ла­ды. Аг­рар­лық несие кор­по­ра­ция­сы­ның  рөлі мен бе­ріл­ген көр­сет­кіш­теріне қол жеткізу үшін қан­дай жұ­мыстар атқарылып жат­қа­нын айтып берсеңіз?

– Қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдету – әсіресе ол ауылдық бизнеске қатысты болған жағдайда, Қазақстандағы жеке секторды дамытудың негізгі шарты. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2001 жылдан бастап бәсекеге қабілетті ауыл кәсіпкерлігін дамытуды ынталандыратын қолжетімді несиелендіру жүйесін қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келеді. 2017 жылдың 26 желтоқсанына дейін корпорация 6868 агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін 143,4 млрд теңгеге қаржыландырды. Ай­та кету керек, осыдан бір жыл бұрын 5000 ауылшаруашылық тауар өндірушісін қар­жыландырудың жалпы сомасы 113 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылғы көр­сет­кіштен 27%-ға төмен. 

Қазақстанның агроөнеркәсіп кеше­нін­дегі қаржыландыруға қол жеткізу бой­ынша ЭЫДҰ саясаты жөніндегі не­гізгі ұсыныс кредиттік серіктестіктер жүйе­сін дамыту болып табылады. Агро­өнеркәсіп кешеніндегі кредиттік се­ріктестіктер институты дамудың оң динамикасын көрсетіп отыр. 2001 жылдан баст­ап Қазақстанда шамамен 16 мың ау­ылшаруашылық тауар өндірушісін бі­ріктірген 193 кредиттік серіктестік құ­рылды. Кредиттік серіктестіктердің ау­мақтық қамтуы бүгінде 93%-ды құ­рай­ды. Орташа алғанда, 1 кредиттік серіктестікке агроөнеркәсіп кешенінің 2800 субъектісі тиесілі. Ал ауылдық жер­лердің банктік қызметтермен ге­огра­­фиялық қамтылуы шектеулі. Яғни елі­мізде бір миллион тұрғынға 130 банк бө­лімшесінен келеді. Бұл дегеніміз 7892 адамға 1 бөлімше жұмыс істейді деген сөз. Несиелік серіктестіктер пайда болған 16 жыл ішінде фермерлерге 241 миллиард теңгенің 40 мың несиесі берілген. Егер 2001 жылы орташа қарыз сомасы 5 миллион теңгені құраса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 11 миллион теңгені құрады. 

– 2017 жылы басты агрошараларды өткізуге бөлінген бюджеттік кредит сомасы 60 млрд теңгені құрады. Оның 40 млрд теңгесін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ екінші деңгейлі банктер арқылы берді. Кредиттерді алу үшін пайыздық мөлшерлемелер оңтайландырылды ма немесе қандай да бір ерекше шарттар енгізілді ме? 2017 жылғы несиелендіру қорытындысы қандай?

– Ағымдағы жылы көктемгі егіс жұ­мыс­тарын жүргізу үшін 1811 өтініш ке­ліп түсті. Өтінімдер бойынша жалпы сома 75 млрд теңгені құрады. Бөлінген 60 млрд теңге сомасындағы жеңілдетілген қаражат толығымен игерілді. Бюджеттік қаражаттан бөлек, көктемгі егіс жұмыс­тары басқа да қаржы көздерінен, соның ішінде корпорацияның өз қаражаты есебінен де қаржыландырылды. «Кең дала» бағдарламасы бойынша 2009 жыл­дың басынан бері корпорация фер­мерлерді 175 млрд теңгеден астам со­ма­ға қаржыландырды. Биылғы жылы көк­темгі егіс жұмыстарына берілетін несие ставкалары біршама төмендетілді. Корпорацияның тікелей қарыз алушылары үшін пайыздық мөлшерлеме 2%-ға (ЖТСМ - 2%-дан бастап) дейін төмендетілді. Бұрын ол 5% болатын. Егер қарыз екінші деңгейлі банк арқылы алын­са – 5% (ЖТСМ - 5%-дан бас­тап), ал несиелік серіктестіктер немесе микро­қаржы ұйымдары арқылы – 6%-дан (ЖТСМ - 6%-дан бастап) жоғары бол­майды.

– Агроөнеркәсіп кешенін дамыту­дың 2017-2021 жылдарға арналған мем­­лекеттік бағдарламасына сәйкес, «Аграр­лық несие корпорациясы» АҚ базасында, Германияның ауыл шаруа­шы­лығын және ауылдық аймақтарын да­мыту бойынша қаржы саласындағы ең табысты институттарының бірі – «Rentenbank» ауылшаруашылық бан­кі­­нің үлгісімен қаржылық инсти­тут­тарды қорландыру тетігін іске асы­ру көзделген. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ фермерлерге кредит беру үшін екінші деңгейлі банк­терді, кре­диттік серіктестіктерді, микро­қар­жы ұйымдары мен лизингтік ком­­панияларды қорландырмақ. Ал АӨК субъектілерін тікелей несиелеуді азай­ту үшін қандай шараларды қолға аласыздар? 

– 2017 жылғы маусым айында корпорация және «Rentenbank» ынтымақтастық және қаржылық тәуекелдерді басқарудағы тәжірибелерімен алмасу жөнінде уағ­д­а­ласты. Әлемдік жетекші рейтингтік агенттіктер – Moody ‘s Investors Service, Standard & Poor ‘s, Fitch Ratings-тердің бағалауы бойынша «Rentenbank» ең жоғары (ААА) ұзақ мерзімді рейтингіне ие болған. Бұл көрсеткіш Германия Федеративтік Республикасының бүкіл мемлекеттік рейтингіне сәйкес келеді. Негізі қаланған сәттен бастап «Rentenbank» бюджеттік қаржыландырудан жоспарлы түрде бірте-бірте алшақтай бастады. 20 жыл өткен соң халықаралық капитал нарығынан ақша тарта отырып мемлекеттік қаржыдан толығымен тәуел­сіз болды. Бүгін «Rentenbank» тіке­лей кредит берумен айналыспайды. Ол қаржы институттарын қорландырып, сол арқылы агроөнеркәсіптік кешенге кредит беру нарығындағы бәсекелестікті ынта­ландыра түсті. Германияның бюд­жетінен тәуелсіз бола отырып, банк АӨК саласындағы мемлекеттік саясатқа сәйкес қаржыландыруды жүзеге асырады.

Осыған орай, Қазақстан агробизнесін несиелеуші корпорация үшін «Renten­bank»-тің көпжылдық тәжірибесі өте пайдалы болды. Жаңа Даму стратегиясына сәй­кес Аграрлық несие корпорациясы 2026 жылға дейін қарыз алушыларды тікелей қаржыландырудан алшақтап, ең төменгі деңгейге дейін азайтпақ. Таяу жылдары корпорация фермерлерге кредит беру үшін екінші деңгейлі банктерді, кредиттік серіктестіктерді, микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компанияларды қорландырып, жоспарлы түрде АӨК субъектілерін тікелей несиелеуді төмендетпек ниетте. 2016 жылы қаржы институттары арқылы қорландыру 49%-ды құрады, бұл ағымдағы жылдың көр­сет­кішінен 13%-ға төмен. Кредиттік серік­тес­тіктер желісі бо-
йынша корпорация ша­руаларды 48,2 млрд теңгеге, екінші дең­гейлі банктерді қорландыру арқылы 31,1 млрд. теңгеге қаржыландырды. Ал микроқаржы ұйымдары арқылы – 6,7 млрд теңге, лизингтік компаниялар арқылы 799 млн теңге сомасында қаржыландырды. Жо­ғарыда айтып өткендей, корпорация кре­­диттік серіктестіктерді 16 жылдан бе­рі қаржыландырып келеді. Ауылдық қар­­жылық инфрақұрылымды дамытудың бір­неше негізгі артықшылықтары бар. 

Біріншіден, аумақтық қамту, себебі қаржы институттары тікелей ауылдық елді мекендерде орналасқан.

Екіншіден, ауылдық кредит беру нарығында бәсекелестікті дамыту. Кре­дит­тік серіктестіктер, микроқаржы ұйым­дары, екінші деңгейлі банктер және лизи­нгтік компаниялар бәсекелестерінен гөрі тиімдірек жағдайда болғандықтан пайыздық мөлшерлемелерін төмендете бастайды. Клиенттер үшін күрес ауылда несиелендіру саласында нарықтық қатынастарды қалыптастыруға әкеледі. 

Тікелей қаржыландырудың азаюына жекеменшік қаржы компанияларының бұл нарықты бағындыра алу-алмауы да әсер етеді. Бастысы олар тек көлем мә­се­лесінде ғана емес, АӨК-ті дамытуға мем­лекет белгілеген басымдықтар шеңберінде де дайын болуы тиіс. 

Бүгінгі күні «Яссы» (ОҚО) және «Целиноград» (Ақмола облысы) кредиттік серік­тестіктері «АА» рейтингіне ие. Бұл кредиттік желі мөлшерін шектеп, түпкі қа­рыз алушылардың дербес қаржы­лан­дыруға лимит қоюды қарас­тырады. 

– Несие алу үшін АӨК субъек­ті­лерінің жіберген құжаттарын онлайн-ре­жімде қабылдайтын және өңдейтін ав­томаттандырылған жүйе туралы айтып берсеңіз?

– Өздеріңізге белгілі, «Қазагро» хол­дингі еліміздің ауылшаруашылық тауар өн­ді­рушілері үшін кредит ресурс­та­рының қол­жетімділігін кеңейту жөніндегі саяса­тын жүргізіп келеді. Мысалы, біздің ен­шілес компаниялардың кредиттік өнім­дер легі кеңеюде. Ауылдағы бизнесті қар­жыландыру үшін микроқаржы ұйым­дары мен кредиттік серіктестіктерді қорландыру жүзеге асырылуда. Екінші деңгейлі банктерді аграрлық секторға тарту бойынша үлкен жұмыс атқарылып отыр. Осы бағытта холдингтің несиелік өті­німдерді жинау және өңдеудің авто­маттандырылған жүйесін енгізуі өте орын­ды. Бұл жүйенің ерекшелігі неде? Қарыз алушы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, несие ұсынатын холдинг компанияларының кеңселеріне бар­май-ақ, уақытын және қаржылық шы­ғындарын едәуір қысқартады. Яғни несие немесе лизинг алу үшін өтінімді онлайн режімде бере алады. Сонымен қатар фермер жаңа технология ұсынатын мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өзінің «Жеке кабинетінде» отырып-ақ өтінімнің қаралуын қадағалауға, кері байланыс жасауға мүмкіндік алады. Енгізіліп жатқан жүйе «ҚазАгро» компаниялар тобы бойынша көрсетілетін қызметтің ашықтығы мен ыңғайлы процесті ғана ұсынып қоймайды, сондай-ақ бюрократиялық процедураларды, сыбайлас жемқорлық факторларын азайтады. 

Электронды форматтағы несие өтінімін беру процесі үш қадамнан тұрады: клиент «ҚазАгро» ұлттық холдингінің интернет-порталында мақсаты мен бағдарламасын таңдайды. Сосын құқықтары белгіленген құжаттарды тіркейді, таңдаған кредит беру шарттарын тексереді де жібереді. Содан кейін жинақталған электронды несие өтінімі тиісті еншілес ұйымға түседі. Қарыз алушы кредиттік өтінімінің қалай қаралып жатқанын және нәтижелерін білу үшін холдингтің порталына кіріп, «Жеке кабинетінде» бақылай алады. Бұдан басқа, қажет болған жағдайда кредиттік менеджер клиентке «онлайн-режімде» хабарлама жібереді. Тұтынушы кредиттік өтінімін құжаттармен толықтыра алады. Электронды жүйені енгізу «Қазагро» мамандарына құжаттарды электронды үлгіде алуға, жобаларды қарау мерзімін азайтуға, шаруалардың «бір терезе» принципі бойынша қызмет көрсетуге көшуге, яғни оны автоматтандыруға мүмкіндік береді. Несиелік өтінімдерді жинау және өңдеу жүйесін пайдалануға ыңғайлы болуы үшін фермерлерге көмек ретінде холдинг әдістеме-нұсқаулық дайындады. Оны «Қазагро» интернет-порталынан көруге және өзіңізге жүктеп алуыңызға болады. 

– Айгүл Стаханқызы, кезінде корпорация ауылдық кәсіпкерлерге өндірістің қаржы секторына өтіп, сауатты менеджерлер болуына көмектескен драйвер рөлін атқарды. 2000-шы жылдардың басындағы және қазіргі фермерлердің айырмашылығы бар ма? Олармен жұмыс істеу барысында ком­панияда қиындықтар туындаған жоқ па?

– Кезінде, бұдан 17 жыл бұрын фермерлер жаңа қаржы құралдарымен алғаш танысты. Алайда оны пайдалана отырып өз бизнесін айтарлықтай жақсарту оңай болған жоқ. Проблема қаржылық сауаттылықта ғана емес, сондай-ақ терминологиялық біліктілікте де болды. Бүгінгі фермерлердің көпшілігі – бизнес-жоспар жасауға қабілетті, тәуекелдерді есептеу, кредит беруші компаниялардың неғұрлым қолайлы шарттарын таңдай білетін сауатты менеджерлер. Бүгінде шаруалар еліміздің нарығын зерттейді, жаңалықтарды қадағалайды, көрмелерге, форумдарға қатысады. Онда өзара және шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасады. Біз қазақстандық фермерлердің белсенділігін көріп отырмыз. Бұл бізді қуантады. 
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін республиканың барлық облыстарында ғылыми-практикалық семинарлар өткізіп жүрген «Атамекен» ҰКП-ның Агробіліктілік орталығының жұмыс істе­ге­ніне екі жыл болды. Корпорация ха­лықаралық серіктес-институттармен, «Ата­мекен» ҰКП, қауымдастықтар жә­не басқа да салалық ұйымдармен ын­ты­мақтасып, өзінің базасында Біліктілік орталығын құруды жоспарлап отыр. Жаңадан бастаған фермерлер үшін несие ресімдеу кезіндегі негізгі проблема – кепіл мүліктің болмауы немесе бағалау құнының төмен болуы. Бірақ корпорацияда және кредиттік серіктестіктерде шаруашылық ғимараттар, жер, ауыл­ша­руашылық техникасы және т. б. дүниелер кепіл ретінде қабылданады. Ал кредиттік өтінімдерді қарау мерзімдеріне келетін болсақ, бұл жерде түсіндіріп кететін нәрсе, Аграрлық несие корпорациясы – екінші деңгейлі банктер сияқты қаржы институты. Кез келген банк кредит берместен бұрын қарыз алушының несиелік тарихын, қаржылық әл-ауқатын тексереді. Өйткені кредиттік тәуекелдер деген түсінік бар. Кейде қайтарымсыз несиелер, қаржыны мақсатсыз пайдаланулар болады. 
Бұрын ауылда жұмыс істеудің қадірі, беделі жоқ болып саналатын. Бүгін­де басқаша үрдіс байқалады. Қала тұр­ғын­да­ры мегаполистерді тастап, ауылда биз­нес ашуға кетіп жатыр. Білімді жас аза­маттардың көп салымдарды талап ет­пейтін ауыл бизнесіне жаңа идеялар­мен барып жатқаны қуантады. 2017 жы­лы ауыл шаруашылығындағы жаңа кә­сіпорындардың саны артып, мыңнан ас­ты. Жаңадан ашылған компаниялардың көп­тігінен агроөнеркәсіп кешені саласы үз­діктердің қатарында. Бұл адамдардың ау­ылдық жерлерде бизнес ашуға құл­шы­нысының жарқын үлгісі. Ауыл ша­руашылығына несие беру жүйесі шық­қан жылдардан бастап қалыптасқан кор­порацияның басты жұмыс қағидасы – фермерлермен әрқашан тікелей, ашық байланыста болу, түсінісу. Ең алдымен, оларға Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын көтеру үшін барынша жайлы, ыңғайлы жағдай жасау.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2018

Кабулдегі террорлық шабуылда 18 адам қаза тапты, соның біреуі Қазақстан азаматы

21.01.2018

Баянауылдың аэродромын аяқтау үшін 250 млн теңге қажет

21.01.2018

Павлодарда металлургтерге 10 көлік берілді

21.01.2018

Алексей Полторанин әлем кубогы кезеңінде топ жарды

21.01.2018

Аязға байланысты үш өңірде жол жабылды

21.01.2018

Павлодарда коттедждер кенті салынады

21.01.2018

Биыл Өскеменде 30 аула абаттандырылады

21.01.2018

Ертең Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептерде сабақ болмайды

21.01.2018

Астанада энергетикалық кешеннің алдағы қатты аязға дайындығы тексерілді

21.01.2018

Түпқараған ауданында сүт зауыты ашылды

21.01.2018

ОҚО-да биыл «Индустрияландыру картасы» шеңберінде 9 жоба іске қосылады

21.01.2018

Өскемен мен Аягөздегі әскери бөлімдер жауынгерлік даярлықтарын пысықтады

21.01.2018

Ольга Рыпакова турниріне 8 мемлекеттің жеңіл атлеттері қатысты

21.01.2018

Ақтөбедегі автобус өртінен қаза тапқандардың толық аты-жөндері белгілі болды

21.01.2018

Алматыда «Ұлы Дала саздары» атты концерт өтеді

21.01.2018

Қазақстанның төрағалық етуімен Қауіпсіздік Кеңесінде министрлік деңгейінде дебаттар өткізілді

21.01.2018

Білім басқармасы ауа райы жағдайына байланысты сабақтарды тоқтату қалай қабылданатынын мәлімдеді

21.01.2018

Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте бірнеше кездесу өткізді

21.01.2018

Қазақстан арқылы Әзербайжанға жөнелтілетін Қытайдың жүк пойызы жолға шықты

21.01.2018

Оңтүстік өңіріндегі көне қалалар бойынша деректі фильм түсірілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

АҚШ-та білім алып жүргенімізде екі апта бойы сөз бостандығы абсолют­тік болуы тиіс пе деген тақырыпты тал­қыладық. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ғажайып жаңалықтар

Заманауи экономиканың дамуы адамзатқа орасан зор жаңа мүмкіндіктер ұсынатындығын, соған сай экономиканың кейбір дәстүрлі салаларының түбегейлі өзгеріске түсетінін қазірдің өзінде байқауға болады. Тек бір ғана ауыл шаруашылығын алып қарайықшы.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қайдасың, менің ертегім?!

Алпысыншы жылдардың басында мектеп табалдырығын аттаған біздің толқынның бала қиялын баураған ғажап – қазақтың ертегілері мен батырлар жыры еді-ау. Сол кезде сол бір ғажайыптар әлемінен санамызға сің­ген сансыз суреттер бұл күнде сағындырып, сабырымызды сарқып ішкендей болады. Сондағы небір керемет сиқырларды көруге көңіл ынтығып, көкірек көзі құмартып, құштарлана ашылғандай күйге енеті­німіз бар.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Тажалды тізгіндеудегі байыпты бітімгерлік

Вашингтондағы кездесулер жоғары деңгейде өтті. Әлемнің белді, белгілі ақпарат құралдары да ол туралы жарыса жазуда. Маңызды кездесулердің өзекті тұсы – Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі табанды ұстанымы мен байыпты қызметін жоғары бағалау болды. Бұл іс жүзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бейбітшілікті сақтау мақсатындағы жеке бастамалары мен осы бағыттағы қажырлы қызметіне, әлем­дік деңгейдегі қайраткерлік болмысы­на берілген баға деп пайымдаймыз. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу