Президент • 29 Желтоқсан, 2017

Президент Жаңа жылды қайда қарсы алатынын айтты

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өткен жаңажылдық қайырымдылық балында Нұрсұлтан Назарбаев көпшілікке тілек айтты. 

Президент Жаңа жылды қайда қарсы алатынын айтты

"Көбі Президент Жаңа жылды қайда қарсы алады деп сұрап жатыр. Кеңседе боламын. Себебі Жаңа жылды қайда қарсы алсаң, жыл бойы сонда боласың деген сөз бар", деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар Елбасы барлық қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, денсаулық, бақыт тіледі. 

"Құрметті достар! Мен осы жердегілердің барлығымен бірге жұмыс істеймін. Біз бірігіп Қазақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп, мемлекетімізді жетілдірудеміз. Болашаққа артар үмітіміз көп. Келесі жыл Отанымыздың дамыған, гүлденген жылы болады деп сенеміз. Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Әр отбасыға бақыт, бар жақсылықті тілеймін", деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Естеріңізге сала кетсек, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жаңажылдық қайырымдылық балына қатысқан болатын.