Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2017

Жаңажылдық концерт Астананың қай жерлерінде өтеді?

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЭКСПО мұз қалашығында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жаңажыл түнінде көңілді мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Жаңажылдық концерт Астананың қай жерлерінде өтеді?

Биыл 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 03:00-ге дейін қазақстандық эстрада жұлдыздары ЭКСПО мұз қалашығында, сондай-ақ қалалық әкімдіктің жанындағы алаңда ашық аспан астында баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Көпшілікке Досымжан Таңатаров, Маржан Арапбаева, ағайынды Жүгінісовтер, Дос, Күләйым Қайырбаева, Альбина Оганесян, «АРТ Домбыра» триосы шоу-бағдарлама мен концерт әзірледі. Мұнымен қоса, «Қызыл өрік» және «Мария Магдалена» хиттерін орындаушылар - Ақылбек Жеменей мен Асхат Тарғынов та жаңажылдық түнді елорда тұрғындарымен және қонақтарымен өткізеді.

Жаңа жыл түні шараға қатысушылар мерекелік отшашу тамашалайды. 2018 жылды қарсы алуға орайластырылған салют елорданың үш ауданында атылады. Бұл - ЭКСПО аумағы, Есілдің жағалауы және Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының бойында.