Медицина • 29 Желтоқсан, 2017

2018 жылдың үш айына жететін тегін дәрі-дәрмектер сатып алынды - ДСМ

214 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2018 жылдың 1 тоқсанына берілуі тиіс тегін дәрі-дәрмектер сатып алынды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бірінші тоқсанның өзінде тегін дәрілік қамтамасыз ету үшін жалпы препараттардың 874 атауы сатып алынды. 90 күндік қажеттілікті қамтамасыз ету үшін  13,3 млрд теңге болатын 328 түрлі дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алынды. Олар 2018 жылдың бірінші тоқсанында елдің медициналық мекемелеріне жеткізіледі», делінген хабарламада.

Препараттарға ең төменгі баға ұсынатын 24 компания 2018 жылдың қаңтар айының басында Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына дәрілік заттарды жеткізуді бастайды. Бағаны төмендету жөніндегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Бірыңғай дистрибьютор 1,7 млрд теңгеге жеңілдікке қол жеткізді. Ауруханалар бұл ақшаны қосымша дәрілерге жұмсай алады.

Айта кету керек, қазіргі кезде дәрі-дәрмектер отандық өндірушілермен, тікелей келісімшарттар бойынша шетелдік өндірушілерден және тендер арқылы сатып алынған келісімшарттар аясында СК-Фармация қоймаларына жеткізіле бастады.

Дәрі-дәрмектердің тағы 15 түрі халықаралық ұйымдар - ЮНИСЕФ пен БҰҰ ДБ келісімшартты бойынша жеткізіледі. Осылайша, бүгінгі күні дәрі-дәрмектің 881 түрі сатылып алынды. Қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде кідіріс болмауы үшін, Үкімет Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу рәсімдерін реттейтін қағидаларына өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады, оған дәрілік заттардың үш айлық қажеттілігін бір көзден сатып алу мүмкіндік бере отырып - мұндай рәсімдер қазақстандық науқастар үшін тегін дәрілер қол жетімді болуына қысқа мерзімде сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Үкімет қаулысы бүгінгі күні күшіне енді және Бірыңғай дистрибьютор сатып алу рәсімдерінің басталуын дереу жариялады.