ОҚО әкімі көпбалалылар мен ардагерлердің шаңырағына барып, Жаңа жылмен құттықтады

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, Ұлы Отан соғысының ардагері Қаратай Төлебеков пен көпбалалы отбасылардың шаңырақтарында болды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
30.12.2017 12568

Өңір басшысы ең алдымен майдангер  Қаратай Төлебековті мерекемен құттықтап отбасына барды. Еңбек ардагеріне құрмет көрсеткен әкім өңірдегі атқарылған жемісті жұмыстарды атап өтіп, бүгінгі жастардың іскерлігін сөз етті.

«Бүгінгі жас ұрпақ өзіңіздей тұлғаларға еліктеп өсуі керек. Сол арқылы еңбекқорлықты, батырлықты бойына сіңіреді. Қазыналы қарттарымыз ұлағатты болашағымыздың кепілі. Еліміздегі барлық ардагерлеріміздің дендері сау, жастары ұзақ болғай», - деді әкім.

Қаратай Мұратбекұлы 1942-1945 жалдары Калинин, ІІ-Балтық фронттарында қатардағы жауынгер, кіші бөлім командирі, батальон комсоргі, әскери химик болған. Отан соғысының ІІ-ші дәрежелі және «Құрмет белгісі» орденімен, Сондай-ақ  білім саласындағы жемісті еңбектері үшін «Білім саласындағы ерекше еңбектері үшін» төсбелгісімен марапатталған. 

Бұдан бөлек, аймақ басшысы көпбалалы отбасы Сейтбековтар шаңырағында болып, балаларға жаңа жылдық тәттілер үлестіріп, теледидар сыйлады. Қуанышқа бөленген балғындар облыс әкіміне өз өнерлерін көрсетті. Тоғыз баланың анасы Айнұр Жаксылықова бүгінде «Алтын алқа» иегері атанған.

Тәуелсіз еліміздің демографиялық өсіміне елеулі үлес қосып жүрген алтын құрсақты аналарымызды құттықтаған облыс әкімі, батыр аналарға денсаулық, отбасыларына амандық пен татулық тіледі.

Айта кетейік, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін республикалық дәрежедегі 8 дербес зейнеткер, 196  Ұлы Отан соғысының ардагері мен 5543 «Алтын алқа» иегері  тұрады.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр 11 баланы тәрбиелеп отырған Жүсіпбаевтардың отбасына барды. Балалардың анасы Мадина  Жүсіпбаева бүгінде «Алтын алқа» иесі.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.04.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

24.04.2018

Солтүстік Қазақстанда құс өнімдері сатылымнан алынып тасталды

24.04.2018

Солтүстік Қазақстанда асық атудан ел чемпионаты өтті

24.04.2018

Қазақстан мен Норвегия парламенттерінің ынтымақтастығы нығая түседі

24.04.2018

Майқайың кентінде дзюдо күресінен ашық турнир өтті

24.04.2018

Қостанайда үш тілде сөйлейтіндер қатары көбейіп келеді

24.04.2018

Сенат Төрағасының орынбасары «Единая Россия» партиясының өкілімен кездесті

24.04.2018

Назарбаев орталығында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы талқыланды

24.04.2018

Қостанайда «Тіл – парасат» атты облыстық байқау өтті

24.04.2018

Солтүстікқазақстандық жас бишілер бас жүлдемен оралды

24.04.2018

Гендік ауруды емдейтін әлемнің үздік дәрігерлері Қазақстанға келді

24.04.2018

СІМ: Торонтода зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр

24.04.2018

Қазақстанның 12 кеден бекетінде байланыс жылдамдығы ұлғайды

24.04.2018

Үкімет басшысы мал шаруашылығын дамытуды тапсырды

24.04.2018

Оңтүстікте «7-20-25» бағдарламасы бойынша 104 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр

24.04.2018

Қазақстанның жас ғалым-педагогтарының I Республикалық Слеті өтеді

24.04.2018

Петропавлда бірнеше отбасы баспанасыз қалды

24.04.2018

Қазақстан Ауғанстанда болған террорлық шабуылдарды айыптады

24.04.2018

Астанада инвестициялық форум өтеді

24.04.2018

Торонтодағы көлік шабуылынан 10 адам қайтыс болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Киберспортпен күнелткендер

Балаңыз телефон немесе теледидар арқылы түрлі ойындар ойнаса аса қатты қорықпаңыз. Ол қазір еріккеннің ермегі емес. Мұны қазіргі жаһанданған әлемде киберспорт деп атайды. Ғаламтордың дамуымен бірге бұл спорт қазір елімізде де белең ала бастады.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Не ішіп-жеп жүрсіз, ағайын?

Жақында Астананың ірі азық-түлік дүкенін аралап жүріп бір қыздың атағы бүкіл Қазақстанға танымал мүйізі қарағайдай компанияның сүтін іздеп таба алмай, ол неге жоқ деп жағалай сұрап жүргенін кө­ріп қалдым. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Тажалға қарсы табанды күрес керек

Ашығын айту керек, есірткі мәселесі біздің елде өте күрделі. Ол небір отба­сының шаңырағын шайқалтып, айық­пас кеселге ұшыратып жатыр. Сондықтан да Елбасы «Таразының бір басында оны әкеліп, тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның  «көмегімен» қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр» деді.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Оқшауланудан – интеграциялануға

Алдымен мына мәселеге назар аударайық. Өткен жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан, Түрікменстан және Қырғызстан елдерінде сапарда болды. Биылғы жылдың наурызында ол Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барды. Душанбе халықаралық әуежайында Ш.Мирзиёевті Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның өзі қарсы алды.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Кісілік әліппесі

Жер бетінде сонау да сонау көз жеткісіз, көңіл сенгісіз небір ықылымдардан бері жасап келе жатқан заты адам баласының ең зарлы мақсаты не десе, ол – адам болу дер едік. Түр-сипатыңмен, тәніңмен ғана емес, жаныңмен, алпыс екі тамырыңдағы қаныңмен, бүкіл болмыс-бітіміңмен. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу