Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2017

Мереке күндері Астанада қоғамдық көліктердің саны артады

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жылдық мейрам күндері мерекелік шаралар өткізілетін алаңдарға Астана тұрғындары мен қонақтардың еш қиындықсыз және ыңғайлы жетуіне сапалы қызмет көрсету мақсатында қала әкімдігі кей бағыттарда қоғамдық көлік санын арттырды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Мереке күндері Астанада қоғамдық көліктердің саны артады

«Негізінен 30-31 желтоқсан күндері мына бағыттар бойынша автобустар саны артады: № 2,5,7,8,9,10,12,19,31,33,37,40,51,71; ал 2018 жылдың 2 қаңтарында мына бағыттар бойынша: № 9,10,12,31,37,40,51», деп хабарлады «Астана LRT».

Осы бағыттар Жаңа жылдық шаралар өткізілетін сауда орындары, мұз айдыны, мәдени ошақтар және басқада нысандарға қатынайтын болады.