Сапар АХМЕТОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты: Дербес бюджеттің ауылға берері мол

Егемен Қазақстан
01.01.2018 606
2

– Сапар Қайратұлы, биылғы жыл­дың 1 қаңтарынан бастап елі­міздегі ауылдық елді мекен­дердің біраз бөлігі өздерінің дербес бюджетін қалыптастыруға көшкені белгілі. Тиісті заң жобасын әзірлеуге қатысқан жұмыс тобының мүшесі ретінде бұл өзгерістің не мақсатпен қолға алынғанына, қандай артықшылықтары бар екеніне тоқталып өтсеңіз...

– Жалпы, аудан орталықтарында, ауылдарда тұратын адамдардың үлесі еліміздегі барлық халық­тың 40 пайызынан асып түсетінін ескерсек, жергілікті өзін-өзі басқару ісінің қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады. Ауыл халқының күнделікті тыныс-тіршілігі, сапалы білім алуы, медициналық қызметпен қамтылуы, әлеуметтік жағдай­лары күнтәртібіндегі өзекті мәселе­лердің бірі. Бұл мәселені шешудің жолы Елбасымыздың Ұлт жоспары – 5 институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамының» 98-қадамында көрсетілген. Онда «Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі бас­қарудың дербес бюджеті енгізі­летін болады» деп жазылған болатын.

Тиісті заңды қабылдау барысында жергілікті азаматтардың белсен­ділігін арттыруға, маңызды шешім­дерді жергілікті жиналыстарда шығаруға баса көңіл бөлінді. Әкімнің кандидатурасы, елді мекенді абаттандыру, жол салу, су тарту сынды жұмыстардың барлығы сол жердің өзінде, тұрғылықты халықтың белсене атсалысуы арқылы шешілетін болды. Осы тектес жұмыстар оңынан шешілу үшін не керек? Қаражат керек. Ал заңнамадағы кешенді өзгеріс – төртінші деңгейлі бюджеттің пайда болуы және сол бюджетті қай салаға жұмсау керектігін халықтың өзі анықтайтыны. Кей ауылдарға жол тартылмаған, енді біреуінде су құбыры тозған, балабақшасы жоқ ауылдар бар... Оның барлығын енді ауыл халқы жиналыстарда бірге ойласып, бірлесіп шешеді.

– Бұған дейінгі жылдардағы ауылдық елді мекендердің бюджеті туралы дерек бар ма?

– 2016 жылы осы мақсатқа 6 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлініпті. Бірақ жергілікті өзін-өзі басқару тетігі болмағандықтан, қаржының тиімді игерілуіне мүмкіндік болмаған. Қалай кәдеге жаратылып жатқанынан халық бейхабар, жалпылама білгеннің өзінде бюджетті жұмсау үдерісіне қатыспаған. Ал 1 қаңтардан бастап күшіне енген өзгерістердің арқасында осы мәселе шешімін тапты.

– Жаңа заңда жергілікті дербес бюджетті құру қамтылғанын айтып отырсыз. Республикалық бюд­жет­тен бөлінген қаржыдан бөлек, оны құрудың басқа тетіктері қандай?

– Бюджетті қалыптастырудың бірнеше жолы қарастырылған. Атап айтқанда, салықтың 6 түрі ауылдарға беріліп отыр. Оның ішінде мүлік салығы, автокөлік салығы, ком­муналдық меншікті сату барысында төленетін табыс салығы, жер салығы сынды ең маңызды дегендері бар.

Бюджетті құраудың басқа да жолдары аз емес. Мәселен, күре жолдың бойында орнатылған жарнамадан түсетін салық сол жол бойында қоныс тепкен ауылдарға тиесілі. Мемлекеттік мүлікті сату, жалға беру кезіндегі салық та осы қатарда. Осының бәрін есептейтін болсақ, қыруар қаржының басы құралады екен. Қазір халық басындағы баспанасы, астындағы көлігі үшін мемлекетке салық төлеп отырса, енді ол ақша автоматты түрде ауылдық округ бюджетінің қазанына құйылады. Яғни халық өзі төлеген салықты өзі пайдаланады. Осы тұрғыдан алғанда, төртінші деңгейлі бюджеттің берері көп деп ойлаймын.

– Жергілікті халық, ауыл әкімдері бұл жаңалықты қалай қабылдап жатыр?

– Біз өңірлерді аралап, тұрғын­дармен кездескен кезде су тарту, жол салу, жарық жеткізу, балабақша салу, мектептерді жөндеу сынды мәселелер жиі алдымыздан шығады. Өзіңіз білетіндей, облыс бюджеті – аудандарға, ауданнан ауылдарға беріледі. Қаржыны бір жағына тартсаң екінші жағына жетпей жататыны да рас. Халық өздерін алаңдатқан са­уалды бізге қояды, аудан әкімдеріне қояды. Аудан әкімдері мәселені бірден шешіп тастағысы келгенімен, олардың да мүмкіндігі шексіз емес. Осы орайда, бюджетті құрауды, игеруді өздеріне беру – халық үшін үлкен көмек. Оны ауыл халқының басым көпшілігі, әкімдер дұрыс қабылдап, үлкен үміт артып отыр.

Жалпы, бюджетті құрау мүмкін­дігін берудің тұрғындарға тигізетін пайдасы туралы тағы да айта кетейін. Бұл жаңашылдық ауылда кәсіп­кер­лікті дамытуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік дамыса, жеке мал шаруашылықтары, жылыжай шаруашылықтары көбейсе, оның салығы сол ауылда қалады. Яғни азаматтары неғұрлым іскер ауылдың тыныс-тіршілігі солғұрлым жақсара түседі деген сөз. Жұмыс істеген ауыл – көркейеді. Енді ауыл халқының жауапкершілігі де күшейеді. Өздерінің мініп жүрген көлігінің, тұрып жатқан үйінің, жасап жатқан жұмысының салығы, барлығы 6 түрлі салық түсімі сол ауылға беріліп жатыр. Олай болса, ол қаржыны қалай игереміз, қандай жұмыстарды бірінші қолға аламыз деген мәселенің барлығын өз­дері шешеді. Бұл халыққа да, әкімге де сын. Осы сыннан сүрінбей өтіп, іскер­лігімен көзге түсу өздерінің қолында.

Бұған дейін ауылды көркейту үшін талай жұмыстар қолға алынды. «Дипломмен – ауылға!» деген бағдарлама да болғанын білесіз. Алайда қазір көріп отырғанымыздай, жас­тар, жас отбасылар ауылда тұрғысы келмейді. Олар ауылда қалу үшін жұмыс керек, әлеуметтік жағдай жасалуы керек, баспана берілуі керек. Жайлы бас­пана, жұмыс орны, балабақша, мектеп болса, ауылға баратын жастардың да қатары көбейеді. Яғни ауылға жастарды тартудың басты жолы – қаладағыдай жағдай жасау. Төртінші деңгейлі бюджет осыған мүмкіндік береді.

– Ауыл әкімдерінің, басқа да жергілікті жауапты тұлғалардың білім-білігі заңнамалық өзгерістерді дұрыс қолдануға жеткілікті ме?

– Әрине жергілікті басқару ісіндегі үлкен өзгеріс әкімдердің, есепшілердің біліктілігіне, ауылдардың техника­лық жарақтандырылуына тікелей қатысты екені түсінікті. Дәл қазір барлық әкімдердің білім-білігі жет­кілікті деп айта алмаймын. Жауапты қызметкерлердің біліктілігін әлі де арттыра түсу керек. Бізге берілген мәлімет бойынша Мемлекеттік басқа­ру академиясының тарапынан осы бағытта біраз оқыту жұмыс­тары жүргізіліпті. Оған Қаржы ми­нистр­лігінің, Қазынашылық коми­тетінің, жергілікті әкімдіктердің қыз­мет­керлері оқытылды. Бірақ мәселенің бәрін осымен шешіп тастадық деуге болмайды. Егер кеңірек алып қарайтын болсақ, қай салада да бүгінгі жасалып жатқан жұмыс тәсілі ертең ескіріп қалып жатыр. Жаңа технологияларды, жаңа білімді игеру үдерісі толастамақ емес. Биыл үлкен заңнамалық өзгеріс болды, мұндай өзгерістер енді жыл сайын болып тұрады. Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, облыс әкімдіктері түрлі семинарлар өткізіп, жаңашылдықтармен таныстыруды жүйелі түрде жүргізуі керек деп санаймын.

– Халық саны 2000 адамға жетпейтін ауылдардың бюджетін қалыптастыру бұрынғы күйінде қалады екен. Болашақта олардың жағдайы қалай болмақ?

– Қазақстанда 2445 ауыл бар. 1053 ауылдың халқы 2 мыңнан асса, 1392 ауылдың халқы 2 мыңға жетпейді екен. Заңнамадағы өзгерістің алғаш­қы топқа тигізген ықпалын 2018-2019 жылдары байқайтын боламыз. Қолымыздағы деректер бойынша, осы ауылдарда интернет бар, салық түсімдері түсетін база бар, әкімдіктері жақсы жұмыс істейді. Ал 2020 жылдан бастап халық саны 2 мың адамға жетпейтін 1392 ауыл да осы қатарға қосылады, олардың дамуына мүмкіндік жасалады. Биылғы өзгеріс қамтыған ауылдардың тәжірибесі, жеткен табыстары оларға тәжірибе ретінде ұсынылады.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу