Қазақстан • 02 Қаңтар, 2018

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы  болады. Тек оңтүстік-батыста тұман, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Жамбыл, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, түнде және таңертең, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.