Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөз сөйлейді

Қаңтарда өтетін Қауіпсіздік Кеңесінде ядролық қаруды таратпау  мәселесі басты талқыланатын тақырып болмақ. Бұл туралы сейсенбіде Нью-Йорктегі  БҰҰ штаб-пәтерінде болған баспасөз мәслихатында Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі,  Қауіпсіздік Кеңесінің қаңтардағы төрағасы Қайрат Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды БҰҰ Жаңалықтар орталығы.

Егемен Қазақстан
03.01.2018 3322
2 Фото БҰҰ/Чиа Пак. Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы БҰҰ мінберінен сөз сөйлеп тұр

Елші Қауіпсіздік Кеңесінің осы айдағы жұмысы жайында әңгімеледі, сондай-ақ 18 қаңтарда Кеңесте жаппай қырып-жою қаруларын таратпауға арналған жоғары деңгейдегі тақырыптық брифинг өтетіндігін айтты. Оған бірқатар елдердің басшылары мен министрлері қатысады. Брифингте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді. «Неліктен бұл мәселені қозғауға шешім қабылдадық? Біз бүгінгі таңда түрлі саяси көшбасшылардың, елдердің арасында сенімді қарым-қатынастар құруға көбірек мән беруіміз қажет деп есептейміз», - деді Қайрат Омаров.

- Онсыз ешқандай мәселені шешу мүмкін емес. Меніңше, қазіргі әлемде дәл осы жетпей тұр». Қ. Омаров 19 қаңтар күні Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ауғанстан мен Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға арналған министрлер деңгейіндегі пікірсайысқа төрағалық ететіндігін мәлім етті. Отырыста БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сөз сөйлейді.

БҰҰ басшысы Орталық Азияға өткен жылдың жазында келген. Қазақстан елшісінің сөзіне қарағанда, Қауіпсіздік Кеңесінің қаңтардағы күн тәртібінде тұрған үшінші маңызды тақырып Таяу Шығыс, соның ішінде Палестина мәселесі болмақ. Сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Сириядағы жағдайды да талқылайды, - деді Қ. Омаров. Ол 2017 жылы желтоқсанда Астанада Сирия бойынша кезекті кездесу өткендігін еске салды. БҰҰ-да оны нәтижелі деп бағалады. Қазақстан алғаш рет Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды және алғаш рет оған төрағалық етуде. Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланған алғашқы мемлекет атанды. 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.10.2018

Станимир Стоилов: Бір ойынды жеңдік деп желпінбейміз

16.10.2018

Кольдо Альварес: Қазақстан бізден бір бас жоғары екен

16.10.2018

Машина жасау саласында меморандумға қол қойылды

16.10.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндия Республикасына келді

16.10.2018

Қарағандылық оқушылар халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

16.10.2018

С.Стоилов: Қазақстанда ұлттық құрамаға лайық шабуылшы жоқ (видео)

16.10.2018

Маңызды қадамдар атап көрсетілді

16.10.2018

Семейде «Екі жұлдыз» байқауы өтті

16.10.2018

Тарбағатайда 4 мың басқа арналған бордақылау алаңы ашылады

16.10.2018

Әскери борышын өтеген сарбаздар туған жерлеріне оралуда

16.10.2018

Қазақстан және Литва жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

16.10.2018

Cенаторлар университеттегі цифрлық хабты аралады

16.10.2018

Қайрат Әбдірахманов дипломатиялық қызмет жүйесін жетілдіру туралы айтты

16.10.2018

Туризм саласының маманы жоқ

16.10.2018

Сенаторлар Ақ Жайық өңіріне келді

16.10.2018

Қаңтар–қыркүйек айларында ЖІӨ өсімі 4,1% жетті — ҰЭМ

16.10.2018

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,8%-ға ұлғайды — ҚР ИДМ

16.10.2018

Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау: 444 нысан сатылды

16.10.2018

Қармақшы - елдік пен ерлік мекені

16.10.2018

Маңғыстауда теміржол вокзалында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу