Қазақстан • 03 Қаңтар, 2018

Автоматты жүйеде тіркелген жол жүру ережесін бұзу жайттары бойынша 50% жеңілдік беріледі

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол жүру ережесін бұзып, камераға түсіп қалған автокөлік иелері бір апта ішінде айыппұл төлейтін болса 50% жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды kolesa.kz.

Автоматты жүйеде тіркелген жол жүру ережесін бұзу жайттары бойынша 50% жеңілдік беріледі

28 желтоқсан күні елбасы Нұрсұлтан Нзарбаев «ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заңға қол қойды. Қазіргі заңнамаға сәйкес Қазақстанда автоматты жүйеде тіркелген жол жүру ережесін бұзу жайттары бойынша қазақстандықтарға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.

Сонымен бірге ережені бұзу фиксациясы бойынша 1 жыл және 25 тәулік өткен болса әрі іс сот орындау жазасына өтпеген жағдайда ескі айыппұл күшін жоюы мүмкін.

890-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қау­лыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіруі 1. Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама – заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл ішінде, ал салық салу және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін заңды күшіне енген күнінен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, ол орындалуға жатпайды», деген редакцияда жазылған.

Жохар Өтебеков есімді заңгердің сөзінше, мерзімі өткен айыппұлдарды алып тастау үшін көлік жүргізушілері аймақтық ІІД қызметіне арнайы өтініш жазуы тиіс. Өтініш үлгісін мына тұстан көшіріп алуға болады.