Руханият • 04 Қаңтар, 2018

Ел тарихының 30 жылы қамтылған

312 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Президентіміз Нұр­­сұлтан Назар­баев­тың «Тәуел­сіз­­дік дәуірі» атты кіта­бында тәуел­сіз­дік кезеңіндегі жаң­ғыру, сол кезеңдерден өту жолдары жақсы көрсе­тілген. Туын­дыда тәуелсіздік кезең­індегі тарихтың барлық саласы, өмірдің бар­лық саласы қамтылған. Оның ішінде экономика, саясат, ғылым, білім, күнде­лікті өмір тіршілігі, халық­аралық жағдай да бар. 

Ел тарихының 30 жылы қамтылған

Бұл кітапты энци­кло­педияға теңеп жатқанымыз да дұрыс деп ойлаймын. Себебі Президент бұл кітапта соңғы 30 жылдағы тарихымызды, өзінің көзімен көрген тарихын айтып берген. Тарихта қалатын бұл кітап тұтас бір кезеңнің картинасын көрсетіп тұр. Сондықтан мұндай еңбекті көпшілікке көрсету керек. Мұндай еңбекті жан-жақты насихаттау керек. 

Менің ойымша, Президентіміздің бұл еңбегі бұ­рын­ғы еңбектерінен өзгеше. Себебі барлық салаларды үлкен үш кезеңге бөліп қараған. Біз кезінде бұл кезеңдердің куәгері болдық. Сон­дық­тан да кітапты оқып отырған кезде көп нәрсе еске түсті. Көп нәрсені қайтадан басымыздан өткергендей болдық. «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы сол кезең туралы толық мәліметті қамтиды. Оқиғаларды сипаттап қана қоймайды, терең талдайды. 

Тағы бір айта кетерлігі, тәуелсіздік туралы жазылған кітап қазақ халқы тарихының 30 жыл өмірі қамтылған кезең туралы толық ақпаратты қамтып, оның құндылығын, тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңнің қиындығы мен қызығын қатар көрсетіп тұрған ерекше туынды. Сондықтан ол сөзсіз оқырманның көңілінен шығады деп ойлаймын. 

Сейіт ҚАСҚАБАСОВ, 
ҰҒА академигі

 

Дәуірнамалық еңбек 

Қазақстан тәуелсіздігін қалай алды? Тәуелсіздік алған­нан кейін мемлекет қалай қа­лыптасты? Қандай жұмыстар ат­қа­рылды? Президент мемлекет үшін ма­ңыз­ды шешім қабыл­данар сәттерде не туралы ойла­ды? Оны қандай мәсе­лелер толғандырды? Міне, мұның барлығы кітаптан жауабын та­буға болатын сан түрлі сұрақ­тардың кішкентай бір бөлігі ғана. 

«Тәуелсіздік дәуірі» атты кітап – дәуірнамалық еңбек. Ол біздің қазақстандық жолдың символы. Ол біздің жаңа та­ри­хымыздың жазбасы. Бұл кітапты оқулық ретінде пайдалану керек деген ұсыныстар айтылып жатыр екен. Ол да артық болмайды. Себебі әрбір азамат өзінің тарихын білуі керек. Ал бұл кітап − Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі тарихы. Бұл – Қазақстанның 26 жылдағы барлық өткелдерінің жинағы. Сондықтан оны барлық азаматтар оқуы керек деп ойлаймын.

Елбасының бұл кітабы тәуелсіздігіміздің 26 жыл­ды­ғында шыққанына қуаныш­тымын. Бұл кітап Қазақстан үшін үлкен байлық деп айтуға болады. Кітапта тәуелсіздік кезеңіндегі барлық кезеңдер мен оқиғалар туралы айтылған. Ол оқиғаларды көпшілігіміз білгенімізбен, тереңінен тану мүлде бір бөлек деп ойлаймын. Осы ретте бұл кітап тәуелсіздік кезеңінің, Елбасымыз айтқан­дай, Тәуелсіздік дәуірінің айнасы іспетті. Себебі кітаптан то­лық­тай бір кезеңді, жаңа заман тарихын көруге болады. 

Кітаптан алар тағылым да, үлгі де көп деп білемін. Ең бастысы, кез келген жастағы оқырман өзіне керекті дүниені бойына сіңіре алатыны анық. Сол себепті кітаптың болашақ ұрпаққа жете­ті­ніне, біздің қазіргі жастарға ғана емес, одан кейінгі ұрпақтарға да мирас болып қалатынына бек сенімдімін. 
Бұл еңбектің тағы бір ерек­ше­лігі – автордың кез келген оқи­ға­ға, кез келген шешімге қатыс­ты көзқарасы байқалады. Соны­сымен-ақ кітап өз құнды­лығын жоғалтпайды. 

Серік НЕГИМОВ,
филология ғылымдарының докторы, 
профессор

Жаңғыру кезеңдерінің жылнамасы
 

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабын көпшілік тәуел­сіз­дігіміздің энциклопедиясы деп атап жатыр. Мен сол теңеумен толықтай келісемін. Себебі туындыда Қазақ­станның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі оқиға­лары то­лығымен қамтылған. Сондықтан да жастары­мыз, оның ішінде студенттер қауымы бұл кітапты күн­де­лікті серігіне айналдырып, оқып жүруі керек. Менің ойымша, бұл кітап жастар үшін өте пайдалы болмақ. 

Тағы бір айта кетерлігі, бұл кітап қазақстандық даму үлгісінің эволюциясы. Сонымен қатар ол мем­ле­ке­тіміздің жаңғыру кезеңінің үшеуін де көрсететін жыл­нама іспетті. «Тәуелсіздік дәуірі» − біздің тәуел­сіз­дігіміздің тарихы, болашағымыздан үміт күтетін мақсаттарымызды белгілеп берген кітап. 
Менің байқағаным, кітаптан тек тәуелсіздік алған­нан кейінгі кезеңнің оқиғаларын ғана емес, Елбасының жеке көзқарасын да көруге болады. Сонымен қатар белгілі бір шешімді қабылдау кезінде Президенттің қандай ойда болғанын кітаптан оқи отырып біз белгілі бір деңгейде шешім қабылдауға әсер еткен факторларды да, себептерді де көре аламыз. 

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабының бір ерекшелігі – автор тәуелсіздік алғанға дейін де, кейін де ұлт үшін, халық үшін, мемлекет үшін маңызды оқиғалардың басы-қасында жүрген. Сондықтан оқырман саяси шешімдерді еркін түсініп, бойына бірден сіңіріп алады деп ойлаймын. 

Сатай СЫЗДЫҚОВ, 
тарих ғылымдарының докторы, профессор