Қазақстан • 04 Қаңтар, 2018

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттарға байқау жариялады

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ы үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттарға байқау жариялады. 

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттарға байқау жариялады

Гранттық қаржыландыру операторы ретінде Орталық Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанынан 2016 жылы құрылды.

Алғашқы жылы жылы 88 өтініш түсіп, 194,5 млн теңгеге 11жоба жүзеге асырылса, 2017 жылы өтініш саны 512-ге жетіп, 618,5 млн теңгеге 57 жоба қаржыландырылды.

2018 жылы үкіметтік емес ұйымдарға 900 млн теңгеден аса қаражатқа 87 грант бөлінеді.

Байқау туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша таба аласыздар.