Алаштың алғашқы институтына 100 жыл

Жоғары оқу орнының ашылуы – өркениеттіліктің өріне шыққандықтың айшықты бейнесінің бірі. Алаштың арыстары өздеріне мүмкіншілік туғанда қолға алған ең алғашқы шаруаларының бірі де сол болған. Қазақтың оқу-білімге ынтызар жастарының талабын қайтсек тезірек қанағаттандырамыз деген олар қазақтың алғашқы жоғары оқу орнын Ташкент қаласында ашқан... 

Егемен Қазақстан
04.01.2018 7718

Патша құлаған тұстағы қазақ қоға­мы­ның саяси аренадағы белсенді іс-әрекеті негізінен Ташкент пен Ом­бы­ қалаларында, артынан Орын­бор­да өт­кені мәлім. 1917 жыл­ғы аласапыранда қа­ра­пайым халықты қайтсе де өз жағына тар­ту мақсатымен төң­керісшілер (ағы да, қызылы да) олардың ең зәру мәселелерін ше­шіп беруге тырысқан. Алаш арыс­тары да осыны пайдаланып, оқу орын­дарын ашуды талап еткен. Сондықтан да төңкерістен кейін қазақ даласының жер-жерлерінде оқу орындары ашылды. Мәселен, Омбыда 1918 жылы Колчак өкіметі Алашорданың өтінішімен мұғалімдік курс ашты. Оның алғашқы директоры, ақын Мағжан Жұмабаев болды. Жазушы Сәбит Мұқановтың сол курста оқы­ғаны белгілі. Артынан бұл оқу орны Қызылжарға көшірілді. Қазіргі М.Жұмабаев атындағы педа­гогикалық колледждің сүйегі сол оқу ор­нынан.

Сол секілді Ташкентте қызылдар­дың қолдауымен Алаш арыстары 1918 жылдың 5 желтоқсанында қа­зақ балалары үшін өлкелік пе­да­гогикалық курстар ашыпты. Оның меңгерушісі И.Тоқтыбаев, мұға­лім­дері Х.Болғанбаев, С.Қожанов, Қ.Ход­жиков, Ф.Құлтасов және­ Е.Та­бын­баев болған. Осы тұлғалардың бәрі де артынан алашордашы ретінде Қы­зыл империяның құрбандығына ұшы­рады. Курстың меңгерушісі қы­зылордалық Иса Тоқтыбаев 1933 жы­лы Мәскеудегі әскери академия­да мұға­лімдік қызмет атқарып жүрген жерінде ұсталған. Алаш зиялыларын зерттеп жүрген Мәмбет Қойгелдінің айтуына қарағанда, көп жыл қуғын көр­се де осы кісі әйтеуір ажалдан аман қалыпты (М.Қойгелді, «Ай­қын»­ газеті, 31.05.2013 ж). Ақмо­лалық Хайретдин Болғанбаев та екі рет репрессияға ұшырап, 1937 жылы атыл­ған («Бақ.кз», 26.09.2012 ж., Д.Асауов).

Ал басқа ағаларымыз туралы көп жа­зыл­ғандықтан олардың жарқын есімдерін оқыр­мандар жақсы біледі ғой деп ойлаймыз. Біздің қолымызға түскен ташкенттік қа­зақ зиялылары құрастырған «Первый казахский институт в Ташкенте» деген құжаттар жина­ғының 15-бетінде кел­тірілген дерекке қара­ғанда осы курс алдымен училищеге, артынан институтқа ай­налған:

«1. Постановлением Мусульман­ского комитета от 7-15 октября 1918­ го­да, утвержденным Советом Наро­д­ного Образования 20 октября­ 1918 года № 34, при русском Педа­го­гическом училище открыто Киргиз­ское педагогическое отделение.

2. С 1-го июля 1919 года педаго­гическое отделение выделено в с­амо­стоя­тельное педагогическое учи­ли­ще, которое с 1-го октября 1920­ года реорганизовано в Крае­вой Киргизский Инс­титут Просвещения с 4-мя основными, 3-мя подготовительными классами и Образцовой школой при нем» (ЦГА РУз, ф.372, оп.1, д.60, л.5).

Тағы бір құжатта онда кімдердің са­бақ бергеніне дейін көрсетілген. Құ­жат­­тың атауы: «Краткие сведения о возникновении Казинпроса в Таш­кенте». «В нем преподавали: М.Тынышпаев, Х.Досмухамедов, С.Ход­жанов, И.Тохтыбаев, М.Жума­баев, К.Жаленов, Х.Болганбаев, К.Ход­жи­ков, Ф.Култасов, Е.Табын­баев, С.Утегенов, А.Байтурсынов, Ж.Аймауытов, Д.Адилов, Д.Сарсенов и др». Осы институт 1928 жылы Алматыға көшірілген ҚазПИ.

Көріп отырғанымыздай Әли­хан Бөкей­ханов пен Міржақып Дула­тов­тан басқа Алаштың арыстары төрт көзі түгел осы инс­титутқа са­бақ берген екен. Әрине, алаш­ор­да­шы ­аға­ларымыздың аттарын атаудың өзі айыпқа бұйырылып тұрған замандарда ҚазПИ-ді олардың ашып, са­бақ бергенін айту мүмкін емес еді. Сондықтан, ҚазПИ-дің тарихын 1928 жылдан бастаған ағаларымызға кі­нә да таға алмаймыз. Бірақ қа­зір заман басқа, заң басқа ғой. Құ­дай­ға шүкір, қазір өз қолымыз өз аузы­мызға жеткен тәуелсіз елміз. Сон­­дықтан тарихи әділеттілікті орнатып, оқу орнының 1918 жылдан ашылғанын айтатын болсақ, оның қандай айыбы бар? Әзірге, ҚазҰПУ-дің жасаған «әділеттілігі» сол, оқу орнының тарихы туралы анықтамаға алғашқы ұстаздардың қатарына А.Байтұрсыновтың есімін қосыпты. Ал қалған арыстар қайда сонда? Олардың қандай жазығы бар?

Қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны туралы негізгі деректерді Ташкент архивінен алып, кітап қылып жариялаған тарих ғылымдарының докторы, 30 жыл бойы Ташкенттің Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық универ­ситетінің тарих факультетінің деканы болған, профессор Сейдуәлі Тілеу­құлов ақсақал бастаған топ. Олар құрастырған орыс тіліндегі аталмыш жинақта Қазақтың алғашқы жоға­ры оқу орны 1918 жылы Таш­кентте ашылып, 1928 жылы Алма­тыға көшірілгендігі архивтік құжат­тармен тайға таңба басқандай көрсе­тілген... Бұл қазіргі айтулы оқу орнымыз – Абай атындағы Қа­зақ­тың ұлттық педагогикалық уни­вер­ситеті. Бірақ  жоғарыда айтыл­ғандай, алаш­ордашылардың өздері­нен де, істерінен де қашып, оқу ор­ны өзінің құрылған жылын әлі күн­ге 1928 жыл деп көрсетуде. ҚазҰПУ-дің Ташкент педагогикалық инсти­тутының негізінде құрылғаны Қазақ энциклопедиясында да аталып өткен (ҚСЭ., 6 том., 247 б, А-ты, 1975 ж.). Бірақ кейінгі, «Қазақстан» Ұлттық энци­клопедиясында белгісіз себеппен оқу орнының алғаш рет Таш­кентте құрылғаны айтылмаған («Қазақстан» ҰЭ, 1 том, 286 б., А-ты, 1998 ж).

Оқу орны өзінің 75 жылдық, одан 2008 жылы 80 жылдық мерейтойларын да 1928 жылы ашылғандығымен санап, өткізді. Енді биыл, ашылғанына 100 жыл толғалы отырса да 90 жыл­дығын атап өтпекші. Осының өзі та­рих­қа да, Алаш арыстары рухының алдында да қиянат.

Аталмыш жинақтан тағы бір маңызды деректер келтіретін болсақ, онда сол кездегі студенттер мен оқы­­тушылардың санына дейін көр­сетілген: «Занятия начались с 1 октя­бря 1920 г. (Бұл институт болған уақыты – Ж.С.) Количество учащихся к началу 1920 учебного года –224, к концу 1920 учебного года –202. К началу 1921 учебного года –221, к концу учебного 1921 года –178. Общее количество преподавательского состава 1920 г. 33 человек, 1921г. 33 человек». Сол жылдарда осынша қазақты оқытқан оқу орнын көзге ілмеуге бола ма?

Жинақтың 48-бетінде институт­ мұға­­лімдерінің қазақ тілінде жаз­ған ғылыми еңбектері мен автор­лары­ның тізімі берілген. Соның ішін­де ­А.Бай­тұрсыновтың «Қазақ әліп­песі»,­ екі бөлімнен тұратын «Қа­зақ тілінің грамматикасы», М.Ду­латовтың «Қа­зақ хрестоматия­сы», М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі сөздігі теориясы мен атақты «Педагогикасы» осында жарық көрген.

1925 жылғы 20 мамырдағы бұй­рық­пен КазИнПрос-тың сол кездегі директоры Сегізбай Айұзынов қыз­метінен босатылады да, оның орнына Дәлел Сәрсенов тағайындалады. Осы жылдан Қазақ үкіметі жаңадан қазақ ЖОО ашу мәселесін қолға алады. Оны әуелде политехникалық инс­титут қы­ламыз деп білікті адам­дарға хаттар жа­зыл­ған (оның мәтіні де осы жинақта), бірақ артынан педа­гогикалық институт ашуға тоқ­таған секілді. 79-бетте осы педа­гогикалық институт туралы уақытша, ал 83-бетте түпкілікті ереже жарияланған. 1926 жылғы 2 мамырда ҚАКСР Халық комиссарлар кеңесінің отырысында Ташкенттегі КазИнПросты Педагогикалық жоғары оқу орнына айналдыру туралы мәселе қаралады: «Бывший Казинпрос в г.Ташкенте считать преобразованным в Пед­ВУЗ под названием «Казахский Пе­да­гогический Институт» деген қау­лы алынады. Және осы қаулыда оның барлық мүлкі жаңа институтқа кө­ше­тіні айтылған. 1926 жылғы 13 шілдеде бұрынғы ректор Дәлел Сәр­сенов қызметінен босатылып, оның орнына Темірбек Жүргенов тағайындалады.

Сөйтіп қазақ жастары арасынан алты жыл бойы мұғалімдер дайындап кел­ген алғашқы ағартушы институт енді педагогикалық оқу орнына айналыпты. 1926 жылғы 29 қазанда инс­титуттың ашылу салтанатында Қазақстанның Халық ағарту комиссары Смағұл Сәдуақасов сөйлеген. Оның сөзі профессор Дихан Қам­забеков құрастырған «Смағұл Сә­дуақасов» атты қос томдық жинақта жа­рияланған. С.Сәдуақасов өз сөзінің бір жерінде: «Я убежден, что будущий историк Казахстана, безус­ловно посвятит особую главу в своей книге – открытию первого ка­зах­ского ВУЗ-а» депті. Өкінішке қарай, олай болмай шықты. Тұңғыш қазақ ЖОО-сы Қазақстанның жаңа аста­насы Алматыға 1928 жылы көші­рілгенде, Ташкенттегі барлық кезеңі ұмытылып, «болашақ тарих­шылардың» бәрі оны ауызға да алмайтын болды. Туған жылын да 1928 жыл деп көрсетіп, Алаш арыс­тары қызмет еткен 10 жыл жадымыздан өшірілді. Өкінішті...

Енді Алаш абыздары ақталған, Тәуел­­сіз заманда Абай атындағы ҚазҰПУ өзінің шын туған күнін көр­сететін уақыт жетті. Әрине, бұл дерек­тен талай тарихшыларымыз хабар­дар болуы мүмкін. Ташкенттік ғалым­дардың жоғарыда аталған жинағын да талайлар білетін болар. Тіпті, өзіміз де дәл осы деректі алғаш рет «Егеменге» 2007 жылы, одан кейін басқа басылымдарда жариялаған едік. Алаш арыстарының еңбектеріне үлкен баға беріліп жатқан кезде олардың тағы бір зор еңбегін ұмытуға болмайды. Қазақтың тұңғыш жоғары оқу орнына 100 жыл толғаны ұлтымыздың мерейі екенін ұмытпайық.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.05.2018

Сенатта балық шаруашылығын қолдау шараларын нақтылау ұсынылды

25.05.2018

Астана мектептеріндегі соңғы қоңырау: Ж.Жабаев атындағы 4 мектеп-гимназиядан фоторепортаж

25.05.2018

Семей қаласының мектептерінде соңғы қоңырау мерекесі өтті

25.05.2018

Театрдағы музей түнінде мыңнан аса жәдігер көрермен назарына ұсынылды

25.05.2018

Дархан Кәлетаев пен Бауыржан Байбек азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды

25.05.2018

Мемлекеттік хатшы Ұлттық мектептің үздік тыңдаушыларымен кездесті

25.05.2018

Семейде балық аулауға уақытша тыйым салынды

25.05.2018

Атырау облысы мен Астананың әкімдіктері ынтымақтастық туралы келісім жасасты

25.05.2018

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде соңғы қоңырау салтанаты өтті

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

25.05.2018

Ақтөбе облысында 16 мың бала лагерьлерде тегін демалады

25.05.2018

Оңтүстікте биыл 33766 оқушы мектеп бітірді

25.05.2018

Семейдегі интернат тәрбиеленушілері «Отанымыз – Кеңес Одағы, астанамыз – Мәскеу» деп жазылған оқулықтармен оқып жатыр

25.05.2018

Ақтөбеде «Кемел кәсіпкер» чемпионаты өтті

25.05.2018

Маңғыстаулық полицей-палуан Қызылжарда топ жарды

25.05.2018

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚХА кафедрасы ашылды

25.05.2018

Андрес Иньеста Жапонияда ойнайтын болды

25.05.2018

Ақтөбеде «Бақытты бала» атты балалар байқауы өтеді

25.05.2018

Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумында бірнеше маңызды құжатқа қол қойылды

25.05.2018

KADEX - әскери ынтымақтастық көрмесі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу