Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018

Тараз қаласында жұмысшы топ пен арнайы офис құрылды

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақа­ласында айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асыру бойынша Тараз қаласында жұмысшы топ пен арнайы офис құрылды. Сондай-ақ 2017-2019 жылдарға ар­нал­ған іс-шаралар жос­пары бекітілді.

 

Тараз қаласында жұмысшы топ пен арнайы офис құрылды

Қалалық жобалық офис арқылы жалпы құны 2 миллиард 43 миллион теңгені құрай­тын 20 жобаның іске асырылуы жоспарланған. Қала әкімі Рүстем Дәулеттің айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 2 жоба жүзеге асқан. Сонымен қатар Тараз шаһарындағы жоғары және арнаулы оқу орындарында «Рухани дамыту», «Рухани қазына», «Өнеге», «Зерде» орталықтары ашылып, жұмыс істеп жатыр. 

 Жалпы, өңірдегі кәсіпкер азамат­тардың қамқорлыққа құл­шы­нысы қуантады. Елбасының «Туған жер» жобасы бойынша «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров «Мыңбұлақ» шағын ауданынан өз қаражатына заманауи әмбебап спорт алаңын салып беруді қолға алмақшы. Ал «Бином» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігінің директоры Қуат Баққараев компания атынан аз қамтамасыз етілген отба­сына екі бөлмелі пәтер сыйлау­ға уәде етіп отыр. Сондай-ақ Әлімбек Жұ­мабаев, Арман Еділ­­баев, Марат Рахманбердиев сияқ­­ты кә­сіпкерлердің де қайы­рым­­ды­лық қағидаттары талайға үлгі.

Хамит  ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы