Медиатор жұмысы – дауды шешу кепілі

Президент Н.Назарбаев Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударып, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырған еді. Осыған орай, 2011 жылдың 28 қаңтарында «Медиация» туралы Заң қабылданды. Аталған Заңға сәйкес, Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді. 

Егемен Қазақстан
05.01.2018 2543

Қазір дау көбейді. Оған бірден бір себеп – меншік түрлерінің мола­юы, нарықтық қатынастардың ор­науы және халықтың құқықтық сау­аты мен талабының артуы. Аза­маттар кез келген ұсақ-түйек дау-шармен сотқа жүгінетін болды. Облыс, аудандар бойынша сот­қа түскен істердің 35 пайызын ұсақ-түйек дау-шарлар құраған. Маң­ғыс­тау облысында өткен жылы 5 айдың ішінде 170 азаматтық іс қаралған. Шығынды өндіруге қатысты даулар бойынша 18 іс, ортақ мүліктегі үлесті анықтау бойынша 11 іс, неке бұзу туралы 53 іс, келісімшарт дауларынан туындайтын даулар 20 іс, отбасына қатысты басқа да даулар бойынша 21 іс сот медиациясымен шешілген. Халық­аралық статистикаға сәйкес, барлық дау­лардың 40 пайызы медиа-
ция рәсі­м­і­мен шешілген. Олардың 85 пай­ызында оң нәтижелерге қол жет­к­ізілген. Ресейде,Украинада дау­­лар­ды соттан тыс қарау үрдісі қар­қын­ды дамып келе жатқанын БАҚ беттерінен көріп отырмыз. Оларда да медиация туралы немесе соған ұқсас заңдар қабылданған.

Медиацияның пайдасының көп екендігін білеміз, бірақ өңірде осы медиация ұғымын онша түсін­бей­­тіндер де баршылық. Ха­лық ара­­сында жүргізілген сауалдама нә­­тижесі бойынша 20 адамның тек төртеуі ғана медиация туралы біледі екен. Өңірде медиация за­ңын түсіндіру мақсатында бір­қа­тар іс-шаралар атқарылып та келеді. 

Медиация термині латын ті­лін­дегі геометриялық «медиана» – орта сызық деген ұғымды біл­­ді­реді. Қазақ ұғымына сәйкес­тен­­дірсек, медиатор – екі жаққа да ортақ, дау-дамайда айтысушы жақ­тарды мәмілеге келтіріп, тең ше­шетін араағайын. «Медиация ту­ралы» Заңның 1-бабында оның қол­данылу аясы белгіленген. Же­ке немесе заңды тұлғалар қа­ты­са­тын азаматтық, еңбек, отба­сы­лық және өзге де құқықтық қа­ты­настардан туындайтын даулар, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар ме­диацияның қолданылу саласы болып табылады. Медиация, яғ­ни, араағайындық негізінен тұр­ғын үй, еңбек, отбасылық жә­не көршілер арасындағы даулар мен кикілжіңдерді шешуде қол­данылады. Ал қылмыстық істер, егер олар аса ауыр болмаса, сотта қаралуға жатпаса, оларды да ме­диаторлардың қарауына беруге бо­лады.

Сонымен медиация – тарап­тар­дың ерікті келісімі бойынша жү­зеге асырылатын, олардың өз­а­ра қолайлы шешімге қол жет­кізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен арадағы дауды рет­теу рәсімі. Ал медиатор – кәсі­би және кәсіби емес негізінде ме­диация жүргізу үшін тараптар тар­татын тәуелсіз тұлға. Жоғарғы сот төрағасының 2017 жылғы 26 қаңтардағы өкімімен жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша қанатқақты жобаны іске асыру ережесі бекітілген. Аталған жо­баның басты мақсаты мен мін­дет­тері – даулардың жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылады. 

Қазір Қазақстанда 78 медиатор қызмет атқарады. Барлығы ар­найы сертификат алғандар жә­не медиаторлардың тізімдік реестрлерінде тұрғандар. Азамат­тық немесе қылмыстық үдеріс ше­гінен тыс жүзеге асырылатын медиация келісім жасағаннан бас­тап отыз күнтізбелік күннен ке­шіктірілмей аяқталуы тиіс. Қа­жет болса, тараптардың өзара ше­шімі бойынша медиацияны өтк­ізу мер­зімі отыз күнтізбелік күн­ге дей­ін ұзартылуы мүмкін. Де­ген­мен бұл мерзім жиынтығы ал­пыс күнтізбелік күннен аспауы ти­іс. Ерекше жағдайларда ше­ші­летін даудың қиындығына байланысты қосымша ақпарат пен құжаттар қажет болған жағдайда медиацияны өткізу мерзімі тараптардың жә­не медиатордың келісуімен отыз күн­тізбелік күннен асырмай ұзар­­ты­луы мүмкін. Медиацияны қол­­дануға байланысты бір мысал кел­тіретін болсақ, некені жал­ғас­ты­руға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерін белгілеуге, ата-аналарының балаларды бағып-күту жағдайына қа­тысты ерлі-зайыптылар ара­сын­дағы келіспеушіліктер медиация ар­қылы шешілуі мүмкін.

Абай САБИРАДДИНОВ,
Мұнайлы аудандық сотының бас маманы 

Маңғыстау облысы
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.08.2018

Атырау облысында құрылыс саласының үздіктеріне құрмет көрсетілді

15.08.2018

Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

15.08.2018

Құрбан айт мерекесі тамыздың 21-і күні басталады

15.08.2018

Аралды құтқару – әлемді құтқарумен пара-пар

15.08.2018

Эдуард Успенский өмірден озды

15.08.2018

Чемпиондар лигасы: «Астана» «Динамодан» 0:1 есебімен жеңіліс тапты

15.08.2018

Ақтөбе өңірінде егін ору басталды

14.08.2018

Дзюдошы қыздар үш жүлде алуды көздеуде

14.08.2018

Делдалшылар көмір бағасын қолдан жасап отыр

14.08.2018

Астанада «Сергек» камераларының көмегімен 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған

14.08.2018

Құқықтық талапты сақтаса шетел телеарналарына шектеу жоқ - Дәурен Абаев

14.08.2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды

14.08.2018

Қорытынды көрсеткіштер көңілге қонымды

14.08.2018

Қара жолдың қасиеті

14.08.2018

Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған көрме-байқауы өтті

14.08.2018

Қажымұқан көтерген тас

14.08.2018

Арал аумағында атқарылар шаруа көп

14.08.2018

«Хрущевкалардан» құтылудың тиімді тетігі

14.08.2018

Оқулық шығаруда олқылықтарға жол берілмеуі қажет

14.08.2018

Байзақ батыр кесенесі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Халық санының артуы – елге құт

Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мем­лекеттерге ежелден маңызды мәселе­лердің бірі болып келеді. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу