Қазақстан • 07 Қаңтар, 2018

Жасыл белдеуде қырғауыл саны қалай көбеюде?

654 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана орманы мекемесі құрылғалы сегіз мыңнан астам қырғауылды жасыл белдеу орманына жіберген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Жасыл белдеуде қырғауыл саны қалай көбеюде?

Астана орманы мекемесі Астана жасыл белдеуін аң мен құсқа қолайлы ету үшін біраз жұмыстар атқарып жатыр. Соның бірі - Астана орманына қарасты қырғауыл фермасы. 

Ең бірінші Астана қаласының жасыл белдеуінде аңшылық қырғауылды жасанды өсіру  және жерсіндіру бойынша биологиялық негіздеме алынған. Қырғауылдар аязға төзімді (түнде қарға оранып алады), олар күтімді аса қажет етпейді. Тек қана қысқы уақытта қосымша тамақтандыру қажет.

Табиғатқа жіберілген қырғауылдар қорегі өсімдік тағамдарынан - тұқымдар, жемістер, тамыр сабақтарынан және өсімдіктердің жасыл бөліктерінен тұрады, алайда мүмкіндік болса олар жануарлар азықтарымен, жәндіктермен және олардың балаңқұрттарымен, өрмекшілермен, құрттармен, ұлулармен қоректенеді.