Футбол • 08 Қаңтар, 2018

Мардан Төлебек: Жеңіс үздіксіз жаттығу арқылы келеді

586 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Былтыр «Ордабасы» футбол клубы үшін олжалы жыл болды. Оңтүстік командасы тұңғыш рет ел біріншілігінде қола жүлдегер атанды. Тарихи жетістік. Үздік үштікке кіру шымкенттік футболшылар үшін оңай болған жоқ. «Ертіс» пен «Тобылды» артта қалдырған Алексей Петрушин шәкірттері өз жанкүйерлерін қуанта алды. Оңтүстік оғландарының қатарында мергендігімен көзге түскендердің бірі – Мардан Төлебек. Жартылай қорғаушыдан былтырғы маусымның қорытындысы туралы ойларын білген едік.  

Мардан Төлебек: Жеңіс үздіксіз жаттығу арқылы келеді

– Мардан былтыр қола жүлдеге қол жеткіздіңдер. Өт­кен жылға өкпе жоқ шы­ғар. Қоланы қанағат тұтты­ңыздар ма, әлде одан да жақ­сы нәтижеге жетуге бо­лар ма еді?

– Көп рахмет. Клуб бас­шыларының маусым алдында қойған талаптарын орындадық деп ойлаймын. Әрине, оңай болған жоқ. Қазіргі қазақ футболында «Астана» мен «Қайратқа» қайрат көрсету қиын. Қос клуб­тың қаржылық мүм­кіндігі, құрамындағы фут­­болшылардың дең­гейі, әле­уеті қалған командалардан әлдеқайда жоғары. Мұны мойын­дауға тиіс­піз. Бізге «Ер­тіс» пен «Тобылды» тізе бүк­тіру маңызды болды. Бар­лық ойындарда мүм­кін­дігінше ұпай жоғалт­пауға күш салдық. Шү­кір­­шілік етеміз. Қолаға қол­­дау көрсеткен қалың жанкүйер­ле­ріміздің ар­қа­сында қол жеткіздік.

– «Ордабасы» Еуропа лигасының іріктеу кезе­ңінде екі жыл қатарынан сәтсіз ойнап келеді. Себебі неде деп ойлайсыз?

– Рас. Сәтсіз ойнадық. «Широки Бриег» коман­дасын жеңуге тиіс едік. Соншалықты мықты қар­сылас емес-тұғын. Футбол болған соң жеңіс те, жеңіліс те қатар жүреді. Биылғы маусымда бұл сәтсіздікті болдырмауға тырысамыз. «Астана» командасы се­кілді қазақ жанкүйерлерін жетістіктерімізбен қуант­қымыз келеді.

– «Астана» демекші, елор­да клубының же­тіс­тіктерін қалай ба­ғалайсыз. Басқа коман­даларымызға Еуропа алаңдарында жо­ғары дең­гейде ойнауға не ке­дергі?

– Біріншіден, елорда ұжымының Еуропа лига­сының 1/16 кезеңіне өтуі керемет жетістік. «Сла­виямен» болған ойынды көрдік. Жан­күйер бол­дық. Қазақ ко­ман­­дасы мық­тылардың қатарына қосылғанына қуан­дық.

Екіншіден, бұл басқа командаларымызға сер­пін бе­реді деп ойлаймын. «Қай­ратты» да болашақта биік­терден көретініміз анық. Біздің ауылда да іргелі же­ңістер болады деп үміт­тенемін. Сол мақсатта бар күш-жігерімізді са­луға дайын­быз. Өткен ойындардан қорытынды шығарып, би­ылғы жылы барынша биік белестерді бағындыруға жұмыс іс­тейміз.

– Мар­­дан, енді жеке өзіңіз­дің ойындарыңызға тоқ­талсақ. Маусымда 26 ойын өткізіп, төрт гол соқ­тыңыз. Ойын­да­рыңызға көңіліңіз тола ма?

– Біржақты жауап беру қиын. Сәтті де, сәтсіз де кез­десулер болды. Негізі, қа­лай ойнағанымның нақ­ты бағасын футбол жан­күйерлері береді деп ойлай­мын. Бапкер мен жан­күйер­­­лердің сенімінен шығу үшін ойнаймыз. Жеке өзімінің көр­сеткіштерімді емес, коман­дамыздың же­ңісін бас­ты назарда ұс­таймын. Егер мүмкіндік болып жатса, гол соғуға да тырысамын.

– Барлық гол­дарыңды айып добын орын­дау ар­қылы соғып­сың. Кере­мет. Айып добын соғудың сыр­­ларымен бөліс­сең. Ар­найы жаттығу жасайтын болар­сың?

– Сыры жоқ (күліп). Жасырмаймын, жатты­ғу­дан соң, өзім қалып жарты сағат­тай дайындығымды пысықтаймын. Жалпы, жат­тығусыз ешқандай нәти­жеге қол жеткізу мүмкін емес. Меніңше, барлығы еңбектің арқасында келеді. Сондықтан шеберлігімді арт­тыру үшін қосымша еңбек­тенемін.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Еркебұлан ЖОМАРТ,

«Егемен Қазақстан»