Төрағалық – әлем назарында

Қазақстан қаңтардан бастап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы қызметіне кіріскені белгілі. Бұл маңызды шара әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының назарынан тыс қалған жоқ. Осы орайда еліміздің беделді Ұйымға төрағалық етуі жөнінде жазылған жаңалықтарды шолып шыққан едік.

Егемен Қазақстан
09.01.2018 1879

Xinhua:
Ядролық қаруды таратпауға көңіл бөледі

Xinhua БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан тарапы ұсынатын бастамаларын санамалап шыққан екен. Агенттік үш басымдықты – жаппай қырып-жою қаруын таратпау, Орталық Азия мен Ауғанстан және Таяу Шығыс мәселесін ерекше атап көрсетеді.

«Қазақстанның БҰҰ-дағы Тұрақ­ты өкілі Қайрат Омаров жаппай қы­рып-жоятын қаруды таратпау және сенім шаралары жөнінде жоғары деңгейлі брифинг өтетінін мәлімдеді. «Бірқатар мемлекет басшылары мен министрлері ша­раға қатысады» деген ол жиынның Қазақстан Пре­зи­ден­ті Нұрсұлтан Назарбаевтың төра­ға­­лығымен жүргізі­ле­­тінін сөз етті» делінген агенттік жа­рия­­л­аған мақа­лада.

Xinhua-ның ақпаратына сай, 18 қаңтарда өтетін шараға БҰҰ Бас хат­шысы Антонио Гутерриш те қаты­сады. Бұдан бөлек, Қ.Омаров Орта­лық Азия мен Ауғанстанның арасын­да әріп­тес­тік орнату мақсатында ми­нис­тр­лер деңгейінде жарыссөз өтеті­нін ха­барлаған. Осы шараға Қазақ­стан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірах­ма­нов төрағалық етеді.

«Қ.Омаров 25 қаңтарда Кеңесте Таяу Шығыс, соның ішінде Палестина ахуалы талқыланатынын айтты. Күн тәр­тібінде тұрған мәселелерге сәй­кес, Кеңес мүшелері Конгодағы қал­пы­на келу шараларын бақылайды. Сон­дай-ақ Ұйым Орталық Африка Республикасына салынған санкцияны жаңарту жөнінде қарар қабылдауға ниетті», дейді Xinhua.

The Hill Times:
Қазақстан әлемге үлгі

Канада 2021-2022 жылға БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесіне мүше болуға талпынып көрмек. Осы орайда, елдегі белді басылымдардың бірі The Hill Times өздерінің дипломаттары қазақстандық әріп­тестерінен үлгі алу керек деп есеп­тейді.

«Канада үшін Қазақстан дипло­ма­тиялық сабақ алатын ел ретінде бірден еске түспеуі мүмкін. Алайда премьер-министр Джастин Трюдо Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне төраға болуы барысында бұл елден үлгі алуымыз керек дейді», деп жазады басылым.

Газеттің деректеріне сай, еліміз Қау­іпсіздік Кеңесіне мүше болу кезе­ңін басқа елдерге қарағанда кештеу бас­таған. Әйтсе де Африка құрлы­ғын­да­ғы дипломатиялық қарым-қатынасын жақ­сарту нәтижесінде Қазақстан бас­ты бәсекелесі Тайландтан көп дауыс жи­на­ған.

«Бұл – бір кездері жұтқа ұшы­рап, қаналған халық үшін үлкен жетіс­тік. Елдің өткен ғасырдың 30-жыл­дарындағы қиын-қыстау кезеңі­нен 2017 жылғы БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесіне мүшелікке сайлан­ғанға дейінгі жүріп өткен жолы ұйымға 2021-2022 жылдары сай­ла­нуға талпы­натын Канадаға үлгі бо­лар­­лық. Канада саяси тұрғыда өзін «орта күш» (middle power) деп есеп­тей­ді, бірақ солтүстігі Ре­сей­мен, шығы­­сы Қытаймен шектес­кен, оң­түстігі мұ­сыл­ман әлемімен қор­шал­ған, Ұлы Жі­бек жолының бойында жат­қан Қа­зақ­стан тура мағынасында ор­та күшке ай­налып үлгерді», дейді The Hill Times.

Басылым бұдан әрі тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанның өз еркімен ядролық қарудан бас тартқанын, әлі күнге дейін жаппай қырып-жоятын бомбаларға қарсы берік ұстанымы бар екенін тамсана жазады.

«Қазіргі таңда халықаралық мәсе­ле­лерді шешуде Канаданың БҰҰ алдын­да беделі төмен. Салыстырмалы түр­­де қарасақ, Қазақстан Астанада Сирия келіссөздерінің 8 раундын өт­кізіп, деэскалация аймақтарын құруға қол жеткізді. Канада БҰҰ Қауіп­сіз­дік Кеңесіне мүшелікке ұмты­ла­ды. Ендеше, қазақтардың мысалынан үлгі алып, ядролық қаруы бар оң­түстіктегі көршімізден ауылымыз­ды алыс қондырып, бейбітшілік пен ха­лықаралық әріптестіктің үздігі болу үшін әлі де кеш емес», делінген газет­те­гі мақалада.

FoxNews:
Жаңа мүшелермен толықты

АҚШ-тың беделді арналарының бірі FoxNews Қауіпсіздік Кеңесіндегі жыл сайынғы мүше мемлекеттердің ауысуы жөнінде ақпарат таратты.

«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жаңа жылдан кейін 6 мемлекет мүше болып кірді. Олар: Экваторлық Гвинея, Кот-д’Ивуар, Кувейт, Голландия, Перу және Польша. Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың қатысуымен өткен салтанатты рәсімде аталған елдердің тулары Кеңес ғимаратының сыртына қойылды. Қ.Омаровтың мемлекеті қазіргі таңда Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді», дейді FoxNews.

Арна Қауіпсіздік Кеңеске мүше болу халықаралық қауіпсіздік пен бейбіт­шілік мәселесін талқылауда орнықты ұста­нымын білдіруге мүмкіндік бере­тін­ін айтады.

«Кеңес БҰҰ-дағы ең қуатты мекеме саналады. Қытай, Франция, Ресей, Ұлыб­ритания және АҚШ тұрақты мү­ше­лер және олардың вето қою құқығы бар. Басқа мемлекеттер БҰҰ-ға мүше 193 елдің ішінен екі жыл мерзімге сайланады. Бірақ биыл Голландия мен Италия аталған мерзімді бөліп атқарады», дейді FoxNews.

Iran Daily:
Иран Қауіпсіздік Кеңесінің назарында емес

Iran Daily Иранда болып жатқан оқиғаларға қатысты Қазақстанның Тұ­рақты өкілі Қайрат Омаровтың мә­лім­де­месіне тоқталған. Агенттіктің хабарла-
у­ынша, парсылар еліндегі жағдай ҚК-нің күн тәртібінде тұрған жоқ.

«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төра­ғасы Иранға қатысты кезектен тыс кез­десу өткізу жоспары жоқ екенін айт­ты. Бұған дейін АҚШ өкілі Ники Хейли елдегі наразылық шеруіне қатыс­ты жедел отырысқа шақыратынын мәлім­де­ген болатын. «Иран Қауіпсіздік Кеңе­сі­нің күн тәртібінде емес. Бірақ мүше мем­лекеттердің бірі мәселені көтеріп, оны талқылауға шақырса, осы төңіректе жұмыс істеуге әзірміз. Сондықтан бәрі ҚК-нің шешіміне байланысты», деді Қ.Омаров Нью-Йорктегі баспасөз жиынында. Бірақ ол осы тақырыпта пікірталас болғанын атап өтті», дейді Iran Daily.

АҚШ-тың Тұрақты өкілі Никки Хейлидің алдағы уақытта Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Адам құқығы жөніндегі комиссияның отырысын шақырып, Иран ахуалын қозғайтынын айтқан-ды. Н.Хейли «Иран халқы азаттық үшін күресіп жатыр, БҰҰ өз сөзін айтуы керек» деген болатын. Агенттіктің сөзіне сай, Иранның БҰҰ-дағы өкілдігі оның сөзіне наразылық білдірген.

Report.az:
Қаңтардың жұмыс жоспары таныстырылды

Әзербайжандық Report агенттігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бекіткен негізгі тақырыптар жөнінде тарқатып жазған. Ядролық қаруды таратпау басты басымдықтардың бірі екенін айтады.

«Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаров алдағы айдың жұмыс жоспарын таныстырып, 18 қаңтарда жоғары деңгейдегі тақырыптық брифинг өтетінін мәлімдеді. Шараға Қазақ­­стан Президенті Нұрсұлтан Назар­ба­ев төрағалық етеді. Келесі күні Қаз­ақ­­с­танның Сыртқы істер министрі Қай­­рат Әбдірахмановтың бас­шы­лы­ғы­мен Орталық Азия мен Ауған­стан ара­сындағы аймақтық әріптестікті ны­­­ғайтуға арналған министрлік дең­гей­­індегі жарыссөз өтеді. Оған БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш қатысады», дейді Report.az.

Шолуды әзірлеген

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.02.2018

Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауын беру мақұлданды

25.02.2018

Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200  грант  бөлінді

25.02.2018

Алакөл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады

25.02.2018

Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

25.02.2018

Олимпиада-2018: Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден алтын алды

25.02.2018

Мәлік Мырзалин: Ақмола облысына 257 миллиард теңге инвестиция тартылып, 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды

25.02.2018

2018 жыл Ақтөбе облысында «Бала жылы» деп жарияланды

25.02.2018

Оралда құсбегілердің республикалық «Қансонар-2018» турнирі өтіп жатыр (ФОТО)

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

  Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу