Парламент • 09 Қаңтар, 2018

Парламентшілер еліміздің бірнеше өңірін аралады

226 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Парламентшілер еліміздің бірнеше өңірін аралады

Мәжіліс депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Сырдария ауданында болды.

Қуаныш Сұлтанов, Бақтықожа Ізмұхамбетов, Абай Тасболатов, Мұхтар Ерман, Балайым Ке­се­баева, Абзал Ералиев, Геннадий Ши­повских ауысымына 250 адам­ды қабылдайтын орталық емха­наның жұмысымен танысып, денсаулық сақтау саласы қыз­мет­керлерімен кездесті. Ам­була­ториялық емхана «150 дәрігер­лік амбулатория, емхана және фельдшерлік-акушер­лік пункттер құрылысы» бағдар­ла­масына сәйкес салынған.

Кездесу барысында медицина қызметкерлері денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында жасалып жатқан игі істерге риза­шы­лықтарын білдіріп, өздерінің зейнеткерлік жасын қайта қарау туралы ұсыныстарын айтты.

Аталған кездесуден кейін Мә­жі­ліс депутаттары аудандағы бірқа­тар кәсіпкерлік нысандар мен әлеуметтік-мәдени мекеме­лердің жұмысымен танысты.

Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА

 

* * *

Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы 183 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Есіл су» бөлімшесінде болды.

Кәсіпорын қызмет көрсететін аймақтағы 2920 шақырым су құбырының басым көпшілігінде апаттық жағдай орын алып отыр. Ұзындығы 1800 шақырым болатын құбыр бөліктеріне жедел жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 48 млрд теңге бөлу керек. Кә­сіп­орын басшылығы су құ­бырын жаңартуға рес­пуб­­ли­ка­лық бюд­жеттен қаржы бөлуге кө­мек­­тесу үшін сенаторға өтініш айтты.

О.Перепечина, сондай-ақ Пет­ро­павл қаласындағы Машина жасау колледжінің ұжымымен де кездесті. Оқу мекемесінде дуал­ды жүйе негізінде білікті маман­дар даярлау жөніндегі жоба табысты жүзеге асып келеді. Бұл жоба Елбасының «Қа­зақ­стан­ның үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дауындағы төртінші басымдықты іске асыруға – адам капиталы сапасын жақсартуға бағытталған.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

* * *

Облысқа келген Парламент Мәжілісінің «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» және «АгромашХолдинг» машина жасау зауыттарының өндіріс алаңында болды.

Халық қалаулылары зауыт­тар­дың цехтарындағы автомо­бильдерді құрастыру жұмыс­тарының дәнекерлеу, бояу, құрас­тыру және тағы басқа жұмыс­тарынан тұратын толық үдерісімен танысты. «СарыарқаАвтоПром» зауытында бүгінде бірқатар әлемдік брендтер шығарылады.

Депутаттар келесі кезекте «АгромашХолдинг» зауы­тын­да құрастырылатын ауылша­руа­шылық техникаларын көрді. Бұл зауыт Беларусьтің ауылшаруашылық техникаларын өндіретін атақты «Гомсельмаш» зауытының өнімін Қазақстанда құрастыру құқына ие болған жалғыз өндіріс орны екенін айту ләзім.

Құрамында И.Аронова, А.Рау, А.Суслов, В.Олей­­­ник, И.Климен­ко, С.Құ­­сайынов бар мәжі­ліс­­мен­­­дер сапарлары барысында «Нұр­­­­лы жер» мемлекеттік бағдар­ла­ма­сын жүзеге асырып жатқан Қос­­­та­най ауданындағы «Север­ный» шағын тұрғын ауданында болды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
​​​​​​​«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ

* * *

 

Парламент Сенатының депутаттары Мұратбай Жолдасбаев пен Абдалы Нұралиев Байзақ ауданында болды. Халық қалаулылары ауданда Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің жүзеге асырылу барысымен танысты.

Депутаттар болған Қостөбе ауылдық округіне қарасты Талас ауылындағы «Мамбетова К» жеке кәсіпорны шұжық және нан өнімдерін өндіреді. Аталған кәсіпорында 40 адам жұмыспен қамтылып, екі ауысымда жұмыс істейді. Кәсіпорын басшысы Раушан Мәмбетованың айтуынша, өндірілетін тәтті тоқаштарға облыстың барлық аудандарымен қатар, Алматы және Байқоңыр қалаларынан тапсырыс берушілер көп екен. Сенаторлар кәсіпорын жұмысына оң баға берді.

Бұдан кейін Сенат депутаттары Көктал ауылында салынып жатқан май өңдеу цехына барды. Аталған кәсіпорын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, 74 миллион теңгеге құрал-жабдықтар сатып алған. Жас кәсіпкер Болат Есенбаев депутаттарға енді өндіріс орны то­лық іске қосылса, 50 жаңа жұмыс орны ашылатынын жеткізді.

Хамит ЕСАМАН,
​​​​​​​«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

* * *

Өңірге келген Мәжіліс депутаттары Айзада Құрманова мен Айгүл Нұркина жергілікті тұрғындармен кездесті.

Облыс орталығындағы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы кеңсесінде өткен кездесуде қала тұрғындарының тегін берілуі тиіс дәрілерді дәріханалардан ала алмауы немесе басқа дәрімен алмастырып беру жағдайлары сөз болды.

Оның мәнісін облыстық Денсаулық сақтау бас­қарма­сының мамандары түсіндіруге ты­рысты. Ал депутаттар тегін бері­луі тиіс дәрі-дәрмектердің тұр­ғын­дарға қол­жетімді болуы ал­ды­мен барлық мәселе жер­гілікті жерде нақты шешімін табуымен тікелей байланысты екендігін атап көрсетті.

Мәжіліс депутаттары Артур Платонов пен Мейрам Пішем­баев «Павлодар» СЭҚ аума­ғындағы «Гис­сенхаус» ЖШС алю­миний қоспасын өндіретін кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті. Айта кетейік, Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы ретінде іске қосылған нысанның инвестициялық көлемі 6,7 млрд теңгені құрайды.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

* * *

Парламент Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин жұмыс сапары барысында Жарма ауда­нының жұртшылығымен жүз­десіп, Елбасының «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспары, «Нұр­лы жол», «Рухани жаңғыру» бағдар­ламалары жайында баяндады.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Шафхат Өтемісов, Ольга Шишигина, Евгений Козлов Өс­ке­менде О.Рыпакова атындағы же­ңіл атлетика манежінің, №1 қа­лалық аурухананың жұмысы­мен танысып, облыстық сот ұжы­мымен кездесу өткізді. Соны­мен қатар Семейдегі спорт академия­сында болып, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты ұжымымен жүз­десті және Парламенттің атқа­рып жатқан жұмыстары туралы баяндап, орманшыларды тол­ған­дырған мәселелерге құлақ түріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Аягөз, Үржар және Тарбағатай аудан­дарының тұрғындарымен кез­десті.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы