Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018

Көшедегі кітаптар

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тротуардың жиегінде кітап сататын кісілерді жиі көреміз. Олар жерге га­зет төсеп, ұзақ жылдар бойы сөреде тұрғандықтан қағаз­дары сарғайып, мұқа­балары мүжіле бастаған классиканы күнге жайып, кептіріп отырғандай әсер қалдырады.

Көшедегі кітаптар

Ерік­сіз бөгелесің. Үңіліп қарайсың. Көңіліңде бір ыс­тық сезім оянады. Қимай­сың. Сол баяғы, студент кез­де оқыған кітаптар. Э.Л.Войнич «Бөгелек», Стен­­даль «Қызыл мен қара», Ги де Мопассан «Новелла­лар», Э. Сетон-Томпсон «Ха­й­уа­нат­тар жайлы әңгі­мелер»...

Ескі томдар мен еңкейген қарттарға қарап: «Кітап кө­нереді, адам қартаяды...» деп көңіліңізді жұбатқыңыз келеді.

Есесіне біздің айна­ла­мыздағы техника күн сайын жаңарып келеді. Таңға­ласыз. Қызығасыз.

Бірақ... Жас күнімізде, яғни, студенттік шақта қы­зық­қан техника – «Вол­га», «Жигули», «Москвич­тердің» қазір мүлде көрін­бейтіні есіңізге түседі.

Ал сол кездегі танысқан классика жадымызда әлі сайрап тұр.

Нұрғали Ораз,
«Егемен Қазақстан»