Әлем • 09 Қаңтар, 2018

Иса Байзақов атын­дағы филар­монияның оркестрі Италияда өнер көрсетіп жүр

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иса Байзақов атын­дағы облыстық филар­монияның симфониялық оркестрі Италияда гас­трольдік сапармен жүр. Қазір Рим, Милан, Неа­поль, Флоренция, Бари, Генуя, Турин, Солерно, Перуджа қалаларында, Аппенин аралында концерт беруде.

Иса Байзақов атын­дағы филар­монияның оркестрі Италияда өнер көрсетіп жүр

Облыстық мәдениет, мұра­ғаттар және құжаттама бас­қармасының басшысы Ардақ Райымбековтің айтуынша, бұл сапар біздің еліміз бен Италия арасындағы дипломатиялық қа­­­рым-қатынастың 25 жыл­­­дығына арналды. Былтыр Жұ­­мат Ша­ниннің 125 жыл­ды­ғы­на ар­налған симфониялық ор­кес­трдің концертіне италия­лық белгілі маэстро, импрессарио Лео­нардо Куадрини ди­рижерлік етті. Сонымен бірге, Нью-Йорк­тен келген Жұ­мат Шаниннің скрип­ка­­шы немересі Арман Мыр­­­зағалиевтің, Леонардо Куадринидің концерттері өтті. Екін­шіден, гастрольдік сапар «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ай­тыл­ған «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына да қатысы бар.

Облыстық филармонияның 60 жылдық тарихы бар. Ал, Ита­­лияда өнер көрсетіп жүр­ген оркестрдің концерттік бағдарламасында Чайковский, Масканьи, Верди, Моцарт, Рос­сини, Штраус жә­не Мен­дельсонның шығар­ма­ла­ры бар. Сапардың ұйым­дас­ты­рушылері және дирижерлері Леонардо Куадрини және Болат Рахымжанов.

Бұған дейін Болат Ра­хым­жанов жетекшілік жасайтын сим­фониялық оркестр Түр­­кияда өткен Түркі тілдес ха­лықтардың мәдениеті фести­валінде Траб­зон, Самсун, Амасья, Анкара, Болу, Ыстанбұл қала­ларында, Германиядағы Нойш­тадте, Лан­дау, Шпайерде өнер көрсетті.

– Еліміздегі Италия күндері аясында скрипкашы Нелло Сальца және дирижер Массимо Скпино да келді. Шетелдік қонақтар үлкен ықыласпен өткен концерттерден соң, мә­дениет-өнер саласында өзара ынты­мақтастық туралы ұсыныс білдірген-ді. Әлемдік маэстро Куадринидің арнайы шақыр­туын қабыл алдық, – дейді филармония директорының орынбасары Латипа Құрақбаева.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Павлодар