Хоккей • 09 Қаңтар, 2018

QazSport 2018 жылғы Хоккей жұлдыздары апталығын тікелей эфирде көрсетеді

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылдың 10-14 қаңтар аралығында Астанада Хоккей апталығы өтеді.

QazSport 2018 жылғы Хоккей жұлдыздары апталығын тікелей эфирде көрсетеді

Осы шараның аясында әйелдер арасындағы хоккей лигасының жұлдыздарының яғни, екі команданың ең мықты деген ойыншылары  кездеседі. Қазақстандықтардың атынан бұл ойынға «Томирис» әйелдер командасының спортшылары қатысады. Сондай-ақ, жастар арасындағы хоккей лигасының ойыншылары да қатысып, өз өнерлерін ортаға салатын болады.

Ал, мастер шоуға құрлықтық хоккей  лигасының үздік хоккейшілері қатысып, осы спорт түріндегі әр түрлі элементтерін көрсететін болады.    Сонымен қатар, 14 күні өтетін кездесу бұл Құрлықтық хоккей лигасындағы барлық үздік ойыншылардан жасақталған екі команданың арасындағы кездесу болады.  Айта кетейік, аталмыш ойынға Астаналық «Барыс» командасының хоккейшілері де қатысады. 

Хоккей апталығы «Барыс Арена» мұз айдынында бірінші болып әйелдер лигасының үздіктерінің шығуынан басталады. Үзілістерде ӘХЛ үздіктері жылдамдыққа, техникалық ойынға байланысты түрлі жаттығу көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісетін болады. 

Ал, 11 қаңтар күні Жастар хоккей лигасы дәстүрлі «Шығыс» және «Батыс» болып Жекпе-жек кубогы жеңімпаздарын анықтайтын болады.

Жұлдызды аптаны құрлықтық хоккей лигасы төрт дивизионының құрамалары қорытындылайды.

ҚХЛ жұлдыздарының кездесуін «QAZSPORT» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. Төменде көрсетілімдер кестесінің уақыты көрсетілген.