Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018

Қазақстандық жастар АҚШ-тағы Кремний алқабына аттанады

244 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Шынына келсек, көк­темде Кремний жазық­ты­ғына аттанатын қазақ­стандықтардың біреуі – корей баласы. Ал қа­зақ балаларының ақпараттық технологияларға ерекше бейім­ділігі бұрыннан да ай­тылып жүрсе, ол негізсіз емес. Қаңтар айының басында елімізде «АҚШ-тың ІТ-стар­таптарында өтіл жинау» байқауы қоры­тындыланды. 

Қазақстандық жастар АҚШ-тағы Кремний алқабына аттанады

Биыл бұл жарыс­та ақ­па­раттық технологиялар саласында қызмет етіп жүрген Олжас Айтбек, Ислам Мәдениет, Дәурен Малаев, Арай Сабыр­жан мен Сергей Тянның жолы болды. Енді олар жарты жыл­ға Кремний жазықтығына тәжі­ри­бе жинақ­тау үшін жолға шы­ғады.  

Бұл байқауға қатысуға 43 адам­­нан өтінім келіп түс­кен. Оның ішінде 19 автор ке­лесі тур­ға өтті. Екінші тур­ға өт­­кендер екі тараптың, яғни қазақ­стандықтар мен осы іс­ке­ мүдделілік танытып отыр­ған америкалықтардың бір­лесуімен өткен әңгімелесуге қа­тысты. Нәтижесінде, жоға­рыда аты аталған бес адам ірік­теліп, білім гранттарына ие болды. Бұл грант тәжірибе жинақтаушылардың барлық шығындарын өтейді. 

Айтқандай, бұл байқау биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Оның жеңімпаздарының бағдарламалау, мәліметтер база­сын жоспарлау машықтары өте жоғары. 

Отандастарымыздың әрбі­реуіне екі америкалық стартаптан таласып отыр десек те бо­лады. Олардың ішінде Amplifylive, Hexa, Vimchat, 11sight, Powr сынды алпауыттар да бар. 

– Жеңімпаздардың кейбі­рімен жұмыс істеп үлгердік. Біз стартаптарды таңдап біткен соң виза мәселесін шешумен айналысамыз. Біз үшін олардың тәжірибесін өз елінде пайдаланып, америкалықтармен де әріптестікті үзбей, Қазақстанға қайтып оралғаны аса маңызды, – дейді осы байқауды ұйым­­дас­тырған академик Шах­мардан Есенов атындағы ғы­лыми-білім беру қорының бағ­дарламалар менеджері Ильзира Алдағарова. 
Өз кезегінде алғашқы бай­қау­дағы жеңімпаздардың жоға­ры біліктілігіне көздері жеткен америкалық тарап та жақсы пікір білдіріп отыр. 

– Біз Қазақстанмен 2016 жыл­дан бастап жұмыс іс­тей бас­тадық. Сол кезде же­ңім­паз­дар арасынан Абай Нүсіп­бе­ковті таңдап, ол бізбен бірне­ше ай жұмыс істеді. Оның кә­сі­би деңгейі өскені сон­ша­лықты, нәтижесінде Абай­ды­ то­лық жұмыс күніне қыз­мет­ке жал­дадық. Ол қазір Қазақ­­­­станда отырып, біздің ин­же­нерлік бөлімді басқарады. Биыл екінші рет аталмыш Қор­мен әріптестік аясында же­­ңім­­паздардың ай­рық­ша қабілетіне қайран қалып отырмыз. Мүмкіндік болса, бәрін де қызметке шақырар едік. Іс жүзінде әрқайсысы кез келген компанияда жұмыс істей алады, – дейді AmplifyLive негізін қалаушылардың бірі әрі бас директоры Брайан Кэнти. 

Қазіргі таңда алғашқы бай­­­қау­дың үш жеңімпазы Қазақ­­станнан жырақтағы стар­­тап­тарда жұмыстарын жал­­­­­ғас­тыруда. Ал Айгүл Има­дил­дае­ва тікелей Жа­зықтықтың өзінде қызмет ету­де. 

Осы арада америка­лық­тар­дың келесі байқауды өткізуге Ай­гүлдің тікелей ықпал ет­кенін айта кеткен жөн. Сан-Фран­цискодан бір-ақ шыққан жерлесіміз өзінің командада мықты бағдарлама әзірлеуші екенін дәлелдеген. Осындай табысты әріптестіктен кейін POWr стартапының HR маманы МакКензи Ринг Қазақ­станмен жұмыс жасауды жалғастыруға шешім қабыл­дағандарын айтады. 

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ