Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018

Павлодарда ұлттық өнерді ұлықтаған "Сырмақ" үйірмесі жұмыс істейді

1012 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дәуірбек Жақсы­лық­қызы облыс орталығындағы Оқушылар сарайында «Сыр­­мақ» аталатын ұлт­тық қолөнер үйірмесін бас­­қарады. Балалардың сана­­сына ұлттық мұраны жаң­ғырту арқылы ой са­ла­ды.

Павлодарда ұлттық өнерді ұлықтаған "Сырмақ" үйірмесі жұмыс істейді

Киіз ұғымы ар­хаизм­­ге айналып бара жат­қандай еді. Дәуірбек секілді қолөнершілер қазір киіз­ден, жүннен түрлі бұйымдар жасап, қайта жаң­­ғыртуда.

Жаһандану за­­манында ұрпақтарымыз хал­қының рухани-мәдени мұралар сабақтастығын білуі қажет. Сарайдағы бас­қа да үйірмелерге 3 мың­дай оқушы келеді екен. Шы­ғар­машылықпен айна­лы­­суларына жақсы жағдай жа­салған. Айпақшы, опе­­­ра әншісі Мария Му­дряк, әншілер Жанар До­ға­лова, Ринат Малцагов, Әсел Мұқатаевалар да осы сарай­­дағы ән студиясынан өнер әле­міне қанат қаққаны белгілі.

– Мақсат – бала­лар­ға халқымыздың әрқай­сы­сының ғасырлық тарихы бар қолөнер түрлерін үй­ретіп, ою-өрнек арқылы ой салу. Мән-мағынасын түсіндіремін. Содан барып ұлттық қолөнерге деген ерекше қызығушылық, сүйіспеншіліктері оянады, – дейді Дәуірбек мұғалима. 
Үйірмеге келуші ұл-қыздарымыз ши тоқу, ши орау, жүн түту, иіру, құрақ құрау, кесте тігу, ою-өрнекті ою тәсілдері және алаша тоқудың барлық қыр-сырын үйренуде.

Сөм­ке, шашқыстырғыш, әше­кей бұйымдарын, аяққа іліп алар сүйретпелер тігеді. Балалар жасаған бұ­йым­дардың «Сыр­мақ» үйір­месінде ерек­­ше қоры жи­нақталған. Дәуірхан мұғалима шиді күз айларын­да даладан өзі буып, жинап әкеледі. Ал киіз басуға жүнді ата-ана­­лар өздері жеткізіп бе­реді. Мысалы, Мәскеуде өткен «Детство без границ» атты халықаралық ба­лалар шығармашылығы көр­месіне қатысқан Әйге­рім Қуан­ның киізден жаса­ған жұмыстары жүлде ал­ды. Әмина Исабекова, Ме­руерт Смағұлова, Да­лия Ма­дьярова, Жанар Құл­ма­ғам­бет, Қайдар Сая­жан­дар – болашақ қол­өнер­­ші, суретшілер. Олар «Сыр­мақ» үйріме­сінен үйрен­­ген­дерін жоға­ры оқу орын­да­рына түскен соң да жалғас­тыр­мақшы.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген
Әсем Айып