Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018

Владимир Божко шыны  изоляторды Қазақстанда жасауға кеңес берді

302 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Рудный қаласында болып, ондағы Қазақ арматура-изляторлық зауытында болды. 

Владимир Божко шыны  изоляторды Қазақстанда жасауға кеңес берді

Бұл баламасы елімізде ғана емес,  Тәуелсіз елдер достастығы кеңістігінде  жоқ  бірден бір зауыт электр энергиясын тасымалдауға арналған арматура-изоляторлар құрастырады. Изоляторларды дайын  түрде   Ресейден әкеледі де, осында құрастырады. Зауыттың жұмысын бастағанына да  бес жыл енді толады.  Соған қармастан, осы жылы өндіріске  жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Зауыт директорының орынбасары Татьяна Рыбалконың айтуынша, өндіріс цехы екі есе ұлғаятын болады.   Жаңғырту жұмыстары үшін  шетелден 170 миллион теңге инвестиция тартылып отыр.

«Ароматура-изоляторларға  дүние жүзінде  сұраныс өте үлкен. Сонымен қатар біздің зауыт осыларды өндіріп отырған ірі зауыттарға бәсеке болады. Қазір өндірген өнімнің 70 пайызы Қазақстанды қамтамасыз етеді. Экспортқа әзірге Азербайжан мен Ресейге шығара бастады. Алдағы жылдары Ислам және Азия даму банктері қаржыландыратын халықаралық нарыққа да шығатын боламыз, ол үшін аттестациядан сәтті өттік.  Қазір жылына 500 мың арматура-изолятор өндіреміз, цехты кеңейткеннен кейін оның санын 2 миллион данаға жеткізетін боламыз»  дейді Татьяна Александровна.

Владимир Божко зауыт жұмысымен  жете танысты. Зауыттың ешқандай несие алмай, инвестиция арқылы жаңғырту жұмыстарын қолға алғалы отырғанына ризашылық білдірді.

«Қызылордада заманауи шыны зауыты жұмыс істейтін болады. Шыны изоляторды өзімізден шығаратын болсақ, өнімнің өзіндік құны   кеміп, зауыттың табысы артады» деді Владимир Карпович.

 Мұнан кейін Парламент Мәжілісінің депутаттары Владимир Божко, Василий Олейник, Александр Суслов «Нұр Отан» партиясы Рудный қалалық филиалында партия мүшелерімен кездесті. Онда депутаттар өткен жылы Мәжіліс депутаттарының жасаған жұмысына шолу жасады, шығарылған заңдардың маңызына тоқталды. Кездесуге қатысушылардың  сұрақтарына жауап берді.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Рудный

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51