Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018

Республика бойынша 28 адам газдан уланып, көз жұмған

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов газдан уланудың алдын алу бойынша азаматтық қорғау органдарымен жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.

Республика бойынша 28 адам газдан уланып, көз жұмған

Оның сөзінше Республика бойынша 28 адам газдан уланып, көз жұмған.

 «Газбен улану жаңа проблема емес. Әр жыл сайын ауа райы суытқанда азаматтарымыз арнайы пештерді пайдаланып, өкінішке орай ол пештерді дұрыс қарамағандықтан улы газбен улану проблемасы туындап жатады. Бүгінгі таңда яғни, 2017 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін республика бойынша барлығы 28 адам көз жұмды, 183 адам жарақат алды. Көз жұмғандардың арасында 1 бала, жарақат алғандардың ішінде 39 бала бар. Бүгінгі күні біздің азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері демалыстарға қарамай күнде арнайы рейдтер жүргізеді. Ол рейдтер барысында азаматтардың үйлеріне кіріп оларға арнайы үгіт-насихат парақшаларын таратып, пештерді ақаусыз қалай қолдану керегі туралы айтып тұрады. Сондықтан тұрғындарды олардың айтқанын мұқият тыңдауға шақырамыз. Осындай төтенше жағдайларды болдырмау үшін біздің қызметкерлер түрлі шаралар атқаруда»,-деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов.

Ресми өкілдің мәліметінше қаза тапқандардың көбісі Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Алматы облысының тұрғындары.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан».