2018 жылы ынтымақты зейнетақы 8%-ға, әлеуметтік жәрдемақылар 16%-ға өсті

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақысы 8%-ға, базалық зейнетақы 6%-ға өсті. Осылайша, орташа зейнетақы шамамен 72 мың теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды. 

Егемен Қазақстан
10.01.2018 3765

Биыл азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыр үшін 1,9 трлн-нан астам теңге қарастырылып отыр.  

Оған қоса, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілін және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ескере отырып, базалық зейнетақыны тағайындау әдісін өзгерту жоспарлануда. Мұндай өзгеріс базалық зейнетақының өсімін орта есеппен 1,8 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осыған орай, 2018 жылы 1 шілдеден бастап зейнетақының орташа мөлшері базалық зейнетақыны ескергенде шамамен 82 мың теңгені құрайтын болады.

Бұдан өзге, 2018 жылы бала туылуына байланысты жәрдемақы мөлшері өзгереді. Осылайша, бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы 91 930 теңге, ал төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 151 515 теңге болады. Бұл мақсаттарға республикалық бюджетте 40,2 млрд теңге қарастырылған.

2018 жылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 36,8 млрд теңге қарастырылады және жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай бірінші балаға 13 853 теңгеден (16 379 теңге – екінші балаға, 18 880 теңге – үшінші балаға)  21 405 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) беріледі.   

Айта кеткен жөн, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында жарналары бар және күтімінде бір жасқа толғанға дейін баласы бар жұмыс істейтін әйелдер табысынан айырылып қалған жағдайда, оларға әлеуметтік төлем жасалады. 2014 жылдың басынан бастап, жұмыс істейтін әйелдер үшін бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста жүргенде, міндетті зейнетақы жарналары субсидияланады, бұл жинақталған зейнетақы қаражатының ұлғаюына ықпал етеді. Республикалық бюджеттен субсидиялауға жалпы көлемі (2014-2017 жж.)  16,5 млрд теңге жұмсалды.

Өзгерістер мүмкіндігі шектеулі адамдарға және олардың күтіміне арналған жәрдемақыларға қатысты болды. Өткен жылы 255,9 млрд теңге мүгедектігі, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеміне бағытталды. 2018 жылы аталған әлеуметтік қолдау үшін қаражат көлемі 326,8 млрд теңгені құрайтын болады.

ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, 2018 жылы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға төленетін жәрдемақы мөлшері 15,6%-ға артып, 29 699 теңгені құрайды. Барлығы аталған жәрдемақы түріне 2018 жылы республикалық бюджеттен 29,9 млрд теңге қарастырылған.  

2018 жылдың басындағы жағдай бойынша, мүгедектерге берілетін жәрдемақы көлемі орташа есеппен 33 087 теңге, асыраушысынан айрылғандар үшін – 31 334 теңге, жасына қатысты – 12 719 теңге болды. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушылар саны 518 мыңнан астам, асыраушысынан айырылған – 168 мыңнан астам, жасына байланысты – 1 мыңнан астам адамды құрайды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.08.2018

Мыңнан аса астаналық веложарысқа қатысуда

18.08.2018

ҚМДБ еліміз қалалары бойынша айт намазының уақытын жариялады

18.08.2018

Демалыс күндері елімізде ауа райы тұрақты болады

17.08.2018

Қазақстан Президенті «Журавлевка 1» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

Роман Григорчук «Астана» клубының бас бапкерлігінен уақытша кетті

17.08.2018

Қазақстандық велотрекші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

17.08.2018

Тау туризмін дамыту қажет

17.08.2018

Еңбек ері – ұрпаққа үлгі

17.08.2018

Тарихи текетірес:Олжабай ма, Жаяу Мұса ма?

17.08.2018

Мемлекет басшысы «Агрофирма Эксимнан» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

«Нұрлы жер» аясында миллионнан астам шаршы метрі пайдалануға берілді

17.08.2018

Өзбекстанға Қазақстан арқылы өтетін автокөлік ағыны көбейді

17.08.2018

Озық идеядан – өндіріске

17.08.2018

Қазақстан және Германия Сыртқы істер министрлері екі елдің ынтымақтастығын талқылады

17.08.2018

Балаларға лагерь, лагерьлерге қаражат жеткіліксіз

17.08.2018

Елбасы Ильичевка ауылындағы тұрғын үй құрылысымен танысты

17.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Тайынша май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

17.08.2018

«Корея» синдромы

17.08.2018

Жақсы іс жалғасын табады

17.08.2018

ШҚО-да Шәкәрімнің160 жылдығы тойланып жатыр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу