Астананы асқақтатқан 20 жыл

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында «2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз», деп атап көрсетті. Осыған байланысты, бас қаламыз – Астананың 20 жылдық қалыптасу және қарышты даму кезеңі хақындағы ой-толғанысымызды ортаға салмақпыз.

Егемен Қазақстан
12.01.2018 35949

Иә, қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары – ару Астанаға 20 жыл! Тарих үшін қас-қағым сәт. Бірақ мынау өзгерістер өлшемі көз ілеспес жылдамдықпен жарысқан бүгінгі кезең үшін аз уақыт та емес сияқты. Қалай болғанда да, осы уақыт өлшемінің ішінде Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та бас қаласы қалыптасты. Осыдан тура 24 жыл бұрын астананы ауыстыру идеясы алғаш жария етілгенде, бұл тым «ұшқары» пікірдің қаптаған қарсыластары түгіл, ат төбеліндей жақтастары да айналасы 20 жылдың ішінде ел кіндігі – Арқа төсінде осындай заманауи мегаполис бой көтереді деп ойламаған еді.

Бүгінде «Ақмола астана болады» дегенде, жұрттың бәрі бөркін аспанға ата қуанып, алып-ұшып, жаппай ат басын Арқаға бұрғандай көрінгенімен, елдің астанасын ауыстыру мәселесі үлкен үгіт-насихат жұмысын жүргізуді қажет етті. Қазір Астананың қадірлі ақсақалдары атанып отырған кейбір азаматтар «Ақмоланың батпағы мен ызыңдаған масасын алға тартып», құлаш-құлаш мақала жазып, қарсылық білдіріп те бақты. Міне, осындай тығырықты сәттерде Елбасы ерен ерік-жігер танытты. Мемлекет басшысы үлкен аудиторияларда, үкіметтік кездесулерде, ақпарат құралдарына берген сұхбаттарында астананы көшіру идеясының стратегиялық, экономикалық, жалпыұлттық маңызын жан-жақты ашып, ел мүддесі, ұрпақ болашағы үшін бұл бастаманың баламасыз екендігін алға тартты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл да тегеурінді ұсынысымен Қазақстан Республикасының Парламенті 1994 жылы 6 шілдеде ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 

Депутаттар алдында жасаған тарихи баяндамасында Елбасы Ақмола қаласының тәуелсіз мемлекетіміздің астанасы болып таңдалуының 32 негізгі өлшемін көрсетіп берді. Олар: әлеуметтік-экономикалық, геосаяси, көлік инфрақұрылымы, инженерлік-коммуникациялық, құрылыс, еңбек ресурстары және басқа да қолайлы мүмкіндіктер еді. Құдіретті уақыт Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған осы 32 артықшылықтың нақты өмір ақиқаты екендігін дәлелдеді.

Ұлы идея ақиқатқа айналды. Көз алдымызда тәуелсіз Қазақстанның тарихы салтанат құрды. 1997 жылы қарашада еліміздің Мемлекеттік рәміздерін Алматыдан Астанаға әкелу, Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, Үкіметтің жаңа астанада жұмысын бастау тарихи рәсімдері өткізілді. 8 қарашада Ақмоланың орталық алаңында Президенттік гвардия жауынгерлерінің салтанатты саппен Мемлекеттік рәміздерді алып жүру шеруімен елорда шежіресі басталды. Әнұран асқақтап, Арқа төсіндегі Президент Әкімшілігінің жаңа ғимаратының төбесіне (қазіргі қалалық әкімдік жанындағы Тұңғыш Президент мұражайы) егемен елдің Көк байрағы көтерілді. 

Сол күні аяқастынан Арқаның ақырған аязы күшіне мініп, ауа температурасы 40 градусқа жетті. Ауа райының осы қатал сынына қарамастан, елорда ертеңіне сенім артқан тілеулес жұрт алаңға лық толып, салтанатты шеру аяқталғанша тарқамады. Шеруді Ұлы даланың астаналары: Сығанақ, Сауран, Сарайшық, Отырар, Түркістан, Тараз, Орынбор, Ақмешіт, Алматы жалғастырды. Елорда – Астананың шеруін ақбоз аттың үстінде аппақ киім киген жас бала бастады. Енді бір сәтте алаң толы жұрттың ортасы қақ айрылып, ортаға оюлы шапан, оқалы бөрік киген ақмолалық ақсақалдар шықты. Ақсақалдар тобын жасы тоқсаннан асқан Арқаның абызы Мұқат Мейірманов бастады. Топ ортасында ел ағалары Әділхан Шабатов, белгілі ақын Нұрғожа Оразовтар бар еді. Мұқат ақсақал Мемлекет басшысына қызыл ағаштан асыл тастармен өрнектеліп жасалған Ақмоланың символдық кілтін тапсырып, ақ батасын берді. Дәл осы сағаттан бастап Астананың жұлдызды сәті бастау алды.

Содан бергі өткен 20 жыл ішінде еліміздің бас қаласы – Астана төрткүл дүниені түгел тамсандырған тарихи құбылысқа айналғаны ақиқат. Арқа төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан елорда бүгінде озық идеяларды, жаңа ғылыми шешімдер мен сәулет өнерінің озық үлгілерін өмірге әкелетін жерұйық іспеттес. Дәл қазір Астанада заманауи құрылыс саласының барлық құрылымын қамтитын еліміздің жаңа құрылыс кластері қалыптасты. Бас қала­мыздың көркін арттырған сәулет өнерінің озық үлгілері салтанат құрды. «Ақорда», «Астана триумфы», «Пирамида», «Бәйтерек», «Хан Шатыр» XXI ғасырдағы сәулет өнерінің озық үлгілері болып табылады. Бұл ахитектуралық ансамбльдерге «Қазақ елі» монументі, «Мәңгілік ел» аркасы қосылды. 91 метрлік зәулім тұғырдың ұшар басынан заңғар аспанға ұмтылған самұрық құс азаттық аңсаған әрбір қазақ баласының жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатты. 

Батыс пен Шығыс өркениетін жалғастыратын алтын көпір атанған ару Астананың бүгінде төрткүл дүниенің толғақты түйіндерін талқылайтын жаһандық орталыққа айналғаны да ақиқат. Оған елордамызда ЕҚЫҰ саммиті, VII Қысқы Азия ойындары, ИКҰ форумы, Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өткізілетіндігі толық дәлел бола алады. Халықаралық айтулы оқиғалардың дүбірлі ордасына айналған елорданың бұл дәстүрлі эстафетасын өткен жылы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі жалғастырды. Тарих қойнауына кірген Тауық жылы тәуелсіз Қазақстанның биік беделін төрткүл дүниеге тағы да паш еткен айтулы оқиға – ЭКСПО-2017 көрмесі болғанын әлем мойындады. Адамзат ақыл-ойының тамаша табыстарының бірінен саналатын Бүкіләлемдік жетістік көрмесінің қос ғасырлық тарихында Орталық Азияда, тіпті ТМД елдерінің ешқайсысында да мұндай халықаралық көрме жалауы желбіреп көрмеген еді. Барыс бейнелі болашағына батыл қадам басқан тәуелсіз Қазақстан төрт құбыласы түгел дамыған елдердің де қолынан келе бермейтін жаһандық шараны зор табыспен, Халықаралық көрмелер бюросы Бас хатшысының берген бағасы бойынша «соңғы 25 жыл ішіндегі ең тамаша көрме» ретінде асқан ұйымшылдықпен өткізуі елордамыз – Астананың әлемдік аренадағы абыройын одан әрі асқақтата түсті.

Міне, осындай тамаша жетістіктер мен жеңістерге толы 20 жыл ішінде Ұлы даланың қақ кіндігі – Сарыарқа төсінде XXI ғасыр ғажайыбы, әлемдік мегаполис, арман қала бой көтерді. Осы жылдар ішінде қала халқының саны үш есе артып, 298 мың адамнан 1 миллион адамға жетті. Қала халқының табиғи өсімі 5,5 есе артып, әрбір мың адамға шаққанда 4,8-ден 26,4-ке дейін өсті. Астаналықтардың өмір сүру ұзақтығы осы жиырма жыл ішінде алты жасқа өсіп, 69 жастан 75 жасқа жетті. Елордадағы жоғары оқу орындарының саны үш есе көбейді. Жыл сайын жас отау, жаңадан шаңырақ құратын жастар саны 3 мыңнан 11 мыңға дейін көбейіп, төрт есе артты. Осы жылдар ішінде жаңа жұмыс орындарымен қамтылған астаналықтар саны 136 мыңнан 466 мыңға дейін өсіп, 3,5 есе артты. 20 жыл ішінде қала аумағы 258 шаршы шақырымнан 800 шаршы шақырымға дейін өсті.

Астана – Қазақстан тәуелсіз­дігінің тұғыры. Еліміздің елордасы Ақмолаға қоныс аударғаннан бергі өткен 20 жыл мемлекетіміздің қауіпсіздігін, геосаяси еркіндігін, территориясының мызғымастай беріктігін, ел экономикасының қарқынды даму стратегиясын қамтамасыз еткен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бетбұрыс кезең болып табылады. Жиырма жыл ішінде Астана Қазақстанның шынайы тәуелсіздігі мен егемендігін паш еткен мемлекеттік орталық болып танылды. Болашақта да елдіктің ерен елордасы – Астанада ғасырлар бойы Қазақстан халқының азат ойы мен мүдделері, асқақ арманы мен мақсаттары іс жүзіне асырыла беретін болады.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2018

Елорда тұрғындары кітап алмасты

22.07.2018

«Цифрлық Қазақстан»: Үкімет басшысы отандық АТ-компаниялармен мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселесін талқылады

22.07.2018

Шолпан-Атада Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

22.07.2018

Тары өндірісі тасада қалмасын десек...

22.07.2018

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға арналған баспасөз мәслихаты өтті

22.07.2018

Білім гранттарының 70 пайызы «ІТ» мамандықтарына бөлінеді

22.07.2018

Қызылордада 18 ауылшаруашылық кооперетиві құрылды

22.07.2018

Шемонаиха тұрғындарына баспана кілті тапсырылды

22.07.2018

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

21.07.2018

Денистің дара жолы

21.07.2018

ЖСҚ-ны әзірлеу ісі сылбыр

21.07.2018

Атыраулықтар Денис Тенмен қоштасты

21.07.2018

Тараз қаласына Денис Тенді еске алуға арналған баннер орнатылды

21.07.2018

Денис Тенді еске алу шаралары Өскемен мен Семейде өтті

21.07.2018

АҚШ-тың атақты хореографтары Астанада шеберлік сыныптарын өткізеді

21.07.2018

Қостанай облысында жыл басынан бері қылмыс азайған

21.07.2018

Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

21.07.2018

Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

21.07.2018

Қостанай облысында жаз басталғалы 12 адам суға кетті

21.07.2018

Астаналықтар Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыс таба алады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Атақ қымбат па, абырой қымбат па?

Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылд­ай­ты­ны­мыз­ды бәрі біледі. Айта­лық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу