Қазақстан • 12 Қаңтар, 2018

Заң қолдану тәжірибесі талқыланды

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратурада ведомство басшысы Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен жиналыс өтті. Оның жұмысына Бас прокурордың орынбасарлары, орталық аппараттың қызметкерлері, сондай-ақ бейне байланыс арқылы облыс прокурорлары қатысты.

Заң қолдану тәжірибесі талқыланды

Басқосуда «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа Заңның аясында атқарылған бір апталық жұмыстың тәжірибесі мен туындаған проблемалық мәселелер талқыланды.

Қ.Қожамжаров Заң талаптарын бұзуды алдын алу мақсатында ұйым­дастырушылық шаралар қабыл­данғанын жеткізді. Атап айт­қанда, барлық құқық қорғау ор­ган­дары басшыларының қа­ты­су­ымен жиын өткізіліп, облыс про­ку­рорларына Заңды қолдану тәртібі мен жеке құрамды оқыту бойынша нұсқау жолданды, сондай-ақ әдістемелік құралдар әзірленді. 

Облыс прокурорларының есе­бін тыңдаған Бас прокурор қыл­мыс­тық қудалау саласында азамат­тардың конституциялық құқығын бұзу фактілеріне жол бермеу керек­тігін, себебі бұл адамның жеке бас бостандығын шектеумен, ұстау мен қамауға алумен байланыс­ты екендігін атап өтті. Жиналыстың қорытындысы бойынша Қ.Қожамжаров бірқатар нақты тапсырмалар берді.