Жаңсақ ойдың жетегінде...

Шетелде іссапарда жүрміз. Қасымызда Сыртқы істер ми­нис­тр­лігінің өкілі Ержан есімді жас жігіт бар. Жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі сондай жатық, сыпайы. Ізетті жігіттің болмысында қалада өскен баланың қалыбы да байқалады. Бір күні екеуміздің орнымыз қатар келіп қалған. 

Егемен Қазақстан
12.01.2018 487

– Ержан, сіз қалада өскеніңізбен ата-әжеңіздің бауырында болған жоқсыз ба? – деп сұрағанмын.

– Иә, апай, оны қайдан білдіңіз,  – деп таңданды. 

– Бірнеше күннен бері түйген ойым ғой, ата мен әже көрген баланың өз ерекшелігі болады, сол сіздің бойыңыздан анық байқалады,  – дедім. 

– Рахмет, апай, ата-әжемнің арқасында тілім қазақша шықты, ертегі айтып беріп, қазақша шара­лар­ға, ұлттық театр мен музейлер­ге ертіп баратын. Бүгінде ол кісілер о дүниелік болды, әкем де сол кісі­лерд­ің соңынан аттанды. Ал қазір анам бар, күніне бір рет телефон соғып тұрмасам мазасы кетеді, – деп жұмсақ жымиды.

– Онда, – дедім Ержанға, – бүгін сөйлескеніңізде анаңызға сәлем айтыңыз. Бір журналист апай бала­ңыз­ға әулетіңіз болып жақсы тәрбие берген екенсіздер деп айтты деңіз, танымайтын адамның баласына сондай сөз айтуы ана үшін мәртебе ғой. Шынымен анаңыз есті кісі екен, сізді ата-әжеңіздің баулуына бергенінен жақсы азамат тәрбиеленіп шығыпты. Ендігі жерде немере, шөбере сүйіп тек рақатқа бөленсін деп тілегін айтты деңіз, – дедім. Сол сәт Ержанның жүзі ерекше нұрлана түсті.

Расымен де атаның, иә әженің тәрбиесін көрген бала ерекше. Әуле­тімізде әкеміз немере сүймей ерте қайтыс болды да, немерелер ата көрген жоқ, есесіне әжелері сексенді артқа тастап көз жұмған. Әлі күнге немерелері көшеде әже көр­се айналып қасынан шыға алмай­ды. Қолындағы сөмкесін көтеріп, есі­гін ашып беріп, көшеде тайып кет­песін деп қолтығынан сүйеп бара жат­қан­дарын әлденеше рет көрдім. Бірде «Осы сендер көшеде әже көрсеңдер ел­жіреп тұрасыңдар, иә десем, иә, ата болмағандықтан ба, атаға үлкен кісі деп қана қарайсың, ал әжені көргендегі сезіміміз мүлде бөлек. Мамамыз (әжелерін мама дейтін) еске түседі», десті.

Өткенде әлеуметтік желі бетінде «Қазақта бірінші перзентін кемпір-шалға беру деген жабайы дәстүр бар. Сонда әке-шешесі ертең оны қайтып алатынын, сөйтіп, бала өзі үшін бөтен отбасына тап болатынын ойламайды», деген пікірге қатысты үлкен пікірталас туды.

Сонда бірі «Мен әжемнің тәрбиесін алмасам осындай адам болмас едім. Себебі сені өмірде тәжірибесі жоқ, жас адам емес, тірліктен түйгені бар, жақсы мен жаманды көргені бар адам тәрбиеледі. Тәжірибесіз әке-шешеден гөрі әжеден алған тәрбие көп артық, ол сені әр нәрсенің аражігін ажырататын адам етіп өсіреді. Аялайды, мойымауға, ойлануға, алға ұмтылуға, адами қасиеттерді меңгеруге баулиды. Олардың ойлау жүйесі де жастардан мүлде бөлек қой, әжең өзінен гөрі маңайын, туған-туыстың жағдайын ойлайды, қайсысына көмек, қайсысына мейірім керектігін, қайсысының бұрыс кетіп бара жатқанын көрсе қайыруын да біледі. Менің қазіргі дәстүрді білуім, ағайынмен араласуым, жақсы көру сезімімнің болуы сол әжемнен дер едім. Менің өзіммен құрдас бөлем бар. Ол қалада әке-шешесінің қолында өсті. Ауылда тұратын ата-әжесіне демалыстарда ғана баратын, ал біздің үйге сирек келетін. Маған қарағанда ол өмірге икемсіздеу, дәстүрді біліңкіремейтін, ал туған-туыстың басында бір жағдай болса тек ұят болады, сондықтан баруым керек деген міндетті орындау тұрғысынан ғана қарайтын адам болып жетілді. Әженің баласының өзге баладан мәртебесі де жоғары, туыстар да, көршілер де, тіпті былайғы таныстың өзі саған сол тұрғыдан қарайды. Сондықтан сен еркінсің, бірақ ессіз болмайсың. Өйткені еркелете тұрып, қатеңе жауап бергізетін, менің балам жаман деген атты естіртпе дейтін мейірім мен қаттылығы егіз мықты қамалың бар», дейді.

Қоғамда осы сауалдың тууы көңі­лі­ме алаң кіргізді. Көпшілік қол­дап кетпегенімен осы мәселе кө­те­рі­луінің өзі ұлттық дәстүрді ман­сұқ­тау, өз қағынан өзі жеру және оны насихаттау емес пе?! Пенденің өзі ғана адаспай, жаңсақ ойдың жетегіне көпті батырса не болмақ?..

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.04.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

24.04.2018

Солтүстік Қазақстанда құс өнімдері сатылымнан алынып тасталды

24.04.2018

Солтүстік Қазақстанда асық атудан ел чемпионаты өтті

24.04.2018

Қазақстан мен Норвегия парламенттерінің ынтымақтастығы нығая түседі

24.04.2018

Майқайың кентінде дзюдо күресінен ашық турнир өтті

24.04.2018

Қостанайда үш тілде сөйлейтіндер қатары көбейіп келеді

24.04.2018

Сенат Төрағасының орынбасары «Единая Россия» партиясының өкілімен кездесті

24.04.2018

Назарбаев орталығында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы талқыланды

24.04.2018

Қостанайда «Тіл – парасат» атты облыстық байқау өтті

24.04.2018

Солтүстікқазақстандық жас бишілер бас жүлдемен оралды

24.04.2018

Гендік ауруды емдейтін әлемнің үздік дәрігерлері Қазақстанға келді

24.04.2018

СІМ: Торонтода зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр

24.04.2018

Қазақстанның 12 кеден бекетінде байланыс жылдамдығы ұлғайды

24.04.2018

Үкімет басшысы мал шаруашылығын дамытуды тапсырды

24.04.2018

Оңтүстікте «7-20-25» бағдарламасы бойынша 104 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр

24.04.2018

Қазақстанның жас ғалым-педагогтарының I Республикалық Слеті өтеді

24.04.2018

Петропавлда бірнеше отбасы баспанасыз қалды

24.04.2018

Қазақстан Ауғанстанда болған террорлық шабуылдарды айыптады

24.04.2018

Астанада инвестициялық форум өтеді

24.04.2018

Торонтодағы көлік шабуылынан 10 адам қайтыс болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Киберспортпен күнелткендер

Балаңыз телефон немесе теледидар арқылы түрлі ойындар ойнаса аса қатты қорықпаңыз. Ол қазір еріккеннің ермегі емес. Мұны қазіргі жаһанданған әлемде киберспорт деп атайды. Ғаламтордың дамуымен бірге бұл спорт қазір елімізде де белең ала бастады.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Не ішіп-жеп жүрсіз, ағайын?

Жақында Астананың ірі азық-түлік дүкенін аралап жүріп бір қыздың атағы бүкіл Қазақстанға танымал мүйізі қарағайдай компанияның сүтін іздеп таба алмай, ол неге жоқ деп жағалай сұрап жүргенін кө­ріп қалдым. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Тажалға қарсы табанды күрес керек

Ашығын айту керек, есірткі мәселесі біздің елде өте күрделі. Ол небір отба­сының шаңырағын шайқалтып, айық­пас кеселге ұшыратып жатыр. Сондықтан да Елбасы «Таразының бір басында оны әкеліп, тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның  «көмегімен» қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр» деді.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Оқшауланудан – интеграциялануға

Алдымен мына мәселеге назар аударайық. Өткен жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан, Түрікменстан және Қырғызстан елдерінде сапарда болды. Биылғы жылдың наурызында ол Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барды. Душанбе халықаралық әуежайында Ш.Мирзиёевті Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның өзі қарсы алды.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Кісілік әліппесі

Жер бетінде сонау да сонау көз жеткісіз, көңіл сенгісіз небір ықылымдардан бері жасап келе жатқан заты адам баласының ең зарлы мақсаты не десе, ол – адам болу дер едік. Түр-сипатыңмен, тәніңмен ғана емес, жаныңмен, алпыс екі тамырыңдағы қаныңмен, бүкіл болмыс-бітіміңмен. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу