Аймақтар • 12 Қаңтар, 2018

Семейлік таэквондошылар Алматы қаласында жүлдегер атанды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында өткен ITF таэквондодан Қазақстан чемпионатында және ITF таэквондо Федерациясының құрметті президенті Нам Ю. М. кубогына мықты спортшылар бақ сынады. «Семей» спорт академиясының спортшылары жүлделі орындарға ие болды.

Семейлік таэквондошылар Алматы қаласында жүлдегер атанды

Малика Әшірова (70 кг) – 1-ші орын, Болат Томирис (55 кг) – 1-ші орын, Жансұлу Стаханова (52 кг) – 3-ші орын иеленсе, өзі 1-ші дан бағдарламасында – 1-ші орын алды. Дастан Алшымбаев (64 кг) мен Арман Айгелдин (71 кг) – 2-ші орынды иеленді, десек те  командалық спарингте – 1-ші орынға шықты.  Және тағы басқа спортшылар да үздіктер қатарынан табылды, олардың ішінде Алмас Мәдениетов, Мөлдір Еңбекшілова, Темірлан  Серікқанов, Әлішер  Қалимолдаев Әлишер, Рүстем Омаровтар бар.  

Раушан Нұғманбекова

Семей