ОҚО-да 4 басқарма қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басқарма басшылары «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл жолғы қабылдау шарасына облыстық Сәулет және қала құрылысы, Құрылыс, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Ауыл шаруашылығы басқарламаларының басшылары қатысып, өңір азаматтарының арыз-шағымдарына жауап берді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

Егемен Қазақстан
12.01.2018 5581

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің бастамасымен қолға алынған ашық қоғамдық қабылдау шарасы өңірімізде жаңаша ұйымдастырылып отыр. Ондағы мақсат – қордаланған мәселелерді шешу үшін билік пен бұқара арасына ашық диалог орнату.

«Төрт бірдей құрылым өткізген шара бірінші күннен-ақ, өзінің тиімділігін көрсете білді. Жиында ауыл шаруашылығы мәселелері мен сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарына қатысты түрлі түйіткілдер қаралды. Сағат 11:00-де басталған қоғамдық қабылдауға 58 азамат арыз-шағымдарын ала келіпті. Тұрғындарды көбінде жер телімі, үй құжатын рәсімдеу, ауыл шаруашылығы саласына қатысты жеңілдіктер мен қаржылай қолдаулар толғандыратынын байқауға болады», - дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Берік Құлжанов. 

Қоғамдық қабылдау шарасына келген азаматтар көтеретін мәселелеріне орай топтастырылып, басқарма басшыларына арыз-шағымдарын тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік жасалған. Олардың арасында жеке түйткілдің түйінін іздегендер де аз болған жоқ. Солардың бірі -  сайрамдық тұрғын Гүлжаухар Мәмбетәлиева да бар. Мүгедек баланың күтіміндегі ана мемлекеттен берілген баспанасын жекешелендіре алмай жүргенін айтып, шағымданды. Ал, С. Сапарханов үй құжаттарының 2007 жылдан бері рәсімдей алмағанын алға тартса, Ж. Тұрғанбаев жеке үйінің қызыл сызыққа орналасқанын оңтайлы шешілмей жатқанын жеткізді. Басқарма басшылары тұрғындарды тыңдай келе олардың мұқтаждықтарын заң аясында қарап, оңтайлы шешуге ықпал ететіндіктерін мәлімдеді.

Алдағы уақытта қоғамдық қабылдау бөлмесі партия ғимаратының кіріберісіне әр басқармаға жеке үстел орнатуды жоспарлануда. «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өтетін келесі қоғамдық қабылдау 18 қаңтарға жоспарланып отыр. Тұрғындар білім, мәдениет, дін істері, тіл мәселеріне қатысты арыздана алады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.01.2018

Қ.Тоқаев Елбасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі сөзі туралы пікір білдірді

19.01.2018

ОҚО тұрғындары салымдарының басым бөлігін ұлттық валютада сақтауда

19.01.2018

Ақтөбедегі автобус апатынан қаза болғандардың толық тізімі жарияланды

19.01.2018

Нұрлан Ноғаев: Шақырылған дәрігерлерге қолайлы жағдай жасауымыз керек

19.01.2018

Маңғыстаулық ұстаздар баспаналы болды

19.01.2018

Алматыда бастауыш сынып оқушылары арасында футболдан чемпионат өтті

19.01.2018

Маңызды мүмкіндіктер

19.01.2018

Шаттық Батан шығармалары шашқан шуақ

19.01.2018

Атаның ақылы

19.01.2018

Айгүл Үсен. Балдырған рухани сүйенішке мұқтаж

19.01.2018

Жүсіпбек Қорғасбек. Балалар әдебиетінің кейіпкері мен идеясы

19.01.2018

Бекен Ыбырайым. Виртуалды кеңістік тұтқыны немесе ұрпақты өз діліне қалай қайтарамыз?

19.01.2018

Өмірсүйгіштікке тәрбиелеп жүрміз бе?

19.01.2018

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

19.01.2018

Электронды пішімдегі квота диқанның көңілін көншіте алды ма?

19.01.2018

Еуразияның болашақ «қаржы қақпасы»

19.01.2018

Ғажайып жаңалықтар

19.01.2018

«Тәуелсіздік дәуірі»: түйін және болашаққа көзқарас

19.01.2018

Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының мәлімдемесі

19.01.2018

Елбасы Goldman Sachs басшысымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

АҚШ-та білім алып жүргенімізде екі апта бойы сөз бостандығы абсолют­тік болуы тиіс пе деген тақырыпты тал­қыладық. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ғажайып жаңалықтар

Заманауи экономиканың дамуы адамзатқа орасан зор жаңа мүмкіндіктер ұсынатындығын, соған сай экономиканың кейбір дәстүрлі салаларының түбегейлі өзгеріске түсетінін қазірдің өзінде байқауға болады. Тек бір ғана ауыл шаруашылығын алып қарайықшы.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қайдасың, менің ертегім?!

Алпысыншы жылдардың басында мектеп табалдырығын аттаған біздің толқынның бала қиялын баураған ғажап – қазақтың ертегілері мен батырлар жыры еді-ау. Сол кезде сол бір ғажайыптар әлемінен санамызға сің­ген сансыз суреттер бұл күнде сағындырып, сабырымызды сарқып ішкендей болады. Сондағы небір керемет сиқырларды көруге көңіл ынтығып, көкірек көзі құмартып, құштарлана ашылғандай күйге енеті­німіз бар.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Тажалды тізгіндеудегі байыпты бітімгерлік

Вашингтондағы кездесулер жоғары деңгейде өтті. Әлемнің белді, белгілі ақпарат құралдары да ол туралы жарыса жазуда. Маңызды кездесулердің өзекті тұсы – Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі табанды ұстанымы мен байыпты қызметін жоғары бағалау болды. Бұл іс жүзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бейбітшілікті сақтау мақсатындағы жеке бастамалары мен осы бағыттағы қажырлы қызметіне, әлем­дік деңгейдегі қайраткерлік болмысы­на берілген баға деп пайымдаймыз. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу