БҚО-да кəсіпкер көпір салды

Көпір – өзенді, сай-салалы елдің аса өзекті мәселесі. Мысалы Батыс Қазақстан облысы аумағынан Жайық өзенінің 500 шақырым бөлігі ағып өтеді. Бірақ көпір Орал қаласы тұсында ғана бар. Өзен бойындағы өзге жұрт қыстың күні мұз қатқанда болмаса, қалған уақытта өткел іздеп сабылып жүреді. Жайықтан бөлек Сарыөзен, Қараөзен, Қалдығайты, Өлеңті, Бұлдырты, Шыңғырлау секілді шағын өзендер де батысқазақстандықтардың бас ауруы болатын кезі аз емес.

Егемен Қазақстан
13.01.2018 1830

- Біздің Белогор ауылынан, қазір Ақтау дейміз, аудан орталығы Шыңғырлау селосына бара жолда Ащы және Шыңғырлау өзендері бар. Жазғытұры су тасығанда Шыңғырлау өзені бір ай өткел бермейтін. Ай бойы қайықпен қатынайтын едік. Жыл сайын жаздың бір айы осы жолдағы көпірді жөндеуге кететін. Су тасығанда тіпті кісі өлімі де болды. Ел азаматы Мерболат Тасмағамбетов халықтан бір теңге алмастан жаңа көпір салып отыр. Бүкіл ақтаулықтар қуанып, әр отбасы алғыс жаудырып жатыр, - дейді ауылдың ардақты қарты, ауданның құрметті азаматы Клим Бексейітов.

Белогор ауылдық округінде бүгінде 535 адам тұрады. Табиғаты әдемі, тарихи Торыатбасы тауы бар өңірден бір кездері халықтың жаппай көшіп кетуіне осындай жол қиындығы да әсер еткен шығар-ау. Жыл сайын көктемде айдан аса уақыт «аралда» қалатын ақтаулықтар енді бұл азаптан құтылды.

– Белогор ауылына барар жолда Ащы және Шыңғырлау өзендері ағып жатыр. Совет үкіметі кезінде де бұл жолға дұрыс көпір салынбаған. Ауыл тұрғындары 1991 жылдан бері көктемде өткел қиындығын тартатын. Өз күшімен жөндеп, жамап-жасқап қойған көпірсымақты жыл сайын көктемгі тасқын қиратып алып кететін. 2011 жылы мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, Ащы өзеніне көпір салынды. Арнайы жобалық-сметалық құжаты жасалып салынған көпірге 250 млн теңге қаражат кеткен. Бүгін Шыңғырлау өзеніне салынған өткел де сапасы жағынан сол көпірден кем түспейді, - дейді Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Ержан Тұрмағамбетов.

Жаңа көпірді Мерболат Тасмағамбетов басқаратын «Жарас» ЖШС жұмысшылары 1 айдан аса уақыт ішінде салып шыққан. Түрлі ақпарат көздерінде «7 млн теңге жұмсалды» дегенімен, Мерболат Алғалиұлы шыққан шығын бұдан әлдеқайда көп екенін айтады. Мал шаруашылығымен, егін сақтаумен, құрылыс ісімен шұғылданатын қожалық бұл сауапты іске өз жұмысшыларын, техникаларын және өздері шығарған құрылыс материалдарын пайдаланған. «Ең алдымен көпірдің сапасына көңіл бөлдік» деген Мерболат Тасмағамбетов көпірден 40 тонналық көлікті өткізіп сынағанын, жаңа нысан сынақтан ойдағыдай өткенін айтты.

- Торыатбасы – бүгінде жасы 80-ге келген әкемнің туған жері еді. Бұл көпірді атажұртыма, ауылдастарыма құрмет ретінде, Алланың разылығы үшін ғана жасадым. Басқалай ойым, кәсіпкерлік мүддем жоқ бұл істе, - дейді бізге Мерболат Тасмағамбетов. «Көпір салу – сауапты істердің ең үлкені» дейді екен пайғамбар хадисінде. Елге пайдалы, өзге әріптестеріне үлгілі болған бұл істің бітуіне Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов арнайы барыпты. Сөйтіп, «Жарас» ЖШС жетекшісі Мерболат Тасмағамбетовке және осындай бастамаларға үн қосып, демеушілік көрсетіп жүретін жергілікті тұрғын Таубай Мұқановқа алғыс хат табыс еткен.

«Бар болсаң, халыққа пайдаң тисін, Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін» деген ғой. Оқиға орнында болған шыңғырлаулық әріптесіміз Қаршыға Елемесов Мерболаттың мәрттігіне ел-жұрттың ықыласы ерекше болғанын айтады. Біз де осы көпірден өткен әр жанның алғысы сансыз сауап болып кәсіпкердің алдынан шықсын дейміз.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, 

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан

Суретті түсірген Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.07.2018

МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ШОҚ ЖҰЛДЫЗ...(ДЕНИС ТЕНГЕ АРНАЛАДЫ)

20.07.2018

Қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

20.07.2018

Үкімет басшысы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

20.07.2018

Шымбұлақта ІІІ Халықаралық тау және спорт фестивалі басталды

20.07.2018

Әлемдегі ең ауқатты командалар қайсы?

20.07.2018

Мектеп түлектері ауылдастарына ойын алаңын сыйға тартты

20.07.2018

Токио Олимпиадасының бағдарламасы бекітілді

20.07.2018

Астанада «Ұлы Дала рухы» фестивалі аясында іріктеу сындары жалғасады

20.07.2018

Елбасы Денис Теннің қазасын қатты күйзеліспен қабылдаған

20.07.2018

Семейде  «Күміс сиқыры» атты  көрме ашылды

20.07.2018

Бердібек Сапарбаев мәжіліс депутаттарымен кездесті

20.07.2018

Астанада қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді

20.07.2018

Елбасы Денис Теннің өліміне байланысты қылмысты бақылауда ұстауды тапсырды

20.07.2018

Шымкентте «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелері талқыланды

20.07.2018

Денис Теннің өліміне қатысты екінші күдікті іздестіріліп жатыр

20.07.2018

Гомерден қалған мұра

20.07.2018

Көкшетауда көшпелі көрменің тұсаукесері өтті

20.07.2018

«Астана» – келесі кезеңде

20.07.2018

Астанада ертеңнен бастап жолақы 180 теңге болады

20.07.2018

Суға түскенде сақтық керек

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Атақ қымбат па, абырой қымбат па?

Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылд­ай­ты­ны­мыз­ды бәрі біледі. Айта­лық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу