Қазақстан • 13 Қаңтар, 2018

Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 30 адам көшірілді

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.

 

 

Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 30 адам көшірілді

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қарлы боран республика жолдарындағы қозғалысты айтарлықтай қиындатқан. Мұндай ауа райы дәрігерлер мен құтқарушыларға түсетін ауыртпалықты да еселей түскен. Медициналық көмек сұрап жүгінгендердің саны күрт артты.

«Өткен тәуліктерде Апаттар медицинасы орталығы филиалдарының шұғыл әрекет ететін бригадалары 30 жәбірленушіні қауіпсіз жерге көшірді, соның 5-еуі бала, ал үш адам ауруханаға жатқызылды», - дейді Р. Иманқұлов.

Атап айтқанда, жедел қызметке Аршалы күре жолының 42-разъезінде күзет бекетінде бір адам үсіп қалғаны туралы хабар келген. Шұғыл жеткен бригада оны жылы жерге көшірген.

Астана-Қарағанды күре жолындағы Қызылсуат ауылынан 9 адам, соның ішінде 5 бала, бір жүкті әйел қауіпсіз жерге көшірілді. Сегізі туыстарының үйіне жеткізілсе, жүкті әйел №1 перинаталдық орталыққа жатқызылды.