Қазақстан • 13 Қаңтар, 2018

Н.Назарбаев пен Буштың кездесуінде түсірілген видео жарияланды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақорда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы АҚШ-қа сапарында түсірілген видеоның үзіндісін жариялады

Н.Назарбаев пен Буштың кездесуінде түсірілген видео жарияланды

1992 жылдың 18-20 мамыр аралығында Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына тұңғыш ресми сапармен барды. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Джордж Бушпен, Мемлекеттік хатшы Джеймс Бейкермен және өзге де министрлер, сенаторлар және кәсіпкерлермен кездесті.

Алғашқы сапар аясында Қазақстан мен АҚШ Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік Меморандумына, Капитал салуды қолдау мен өзара қорғау туралы келісімге, Сауда қатынастары туралы келісімге және басқа да құжаттарға қол қойылған.

Бұған дейін Ақорда Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы АҚШ-қа бірінші ресми сапарында түсірілген мұрағаттағы видеоны жариялаған болатын.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен Вашингтонда 2018 жылдың 16 қаңтарында кездеседі. Мемлекет басшысы АҚШ-та 18 қаңтарға дейін болады. Сонымен қатар, 18 қаңтарда Қазақстан Президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қару қолдануды жаппай жоюға арналған брифингіне қатысады.

Соңғы жаңалықтар