Жарнамаланғанның бәрі жақсы ма?

Әрине, жарнама – әрқашан өн­діріс пен бизнестің қозғаушы күші болып келе жатқанына ешкім дау айта алмас. 

Егемен Қазақстан
15.01.2018 86

Әрине, жарнама – әрқашан өн­діріс пен бизнестің қозғаушы күші болып келе жатқанына ешкім дау айта алмас. Алайда, өз тауарларын өткізу үшін мақтауын көркемдік құ­рал­дар­дың көмегімен жүзеге асыру ал­ды­мен кімнің ойына келді екен?!

Десек те ұнасын-ұнамасын, қа­лайық-қаламайық енді бізге одан қашып құтылудың жолы жоқ. Миллиондаған көрермен мен оқырманға қалғаны – қызылды-жасылды жарнама легінде малтығып қалмай, қаптаған өндіруші компаниялардың алдап-арбауына салқынқанды байыппен қарау.

Әй, дегенмен, жарнама жасаушылар сөзсіз қабілетті адамдар. Кәдім­гі қатардағы тауардың мақтауын келіс­тіргенде тұтынушысын басқаға мойын бұрмайтындай етеді. Олар жарнаманың тұтынушының басын сауатты түрде айналдыру деп аталатын «ғылым» екенін де әбден біліп алған.

Көгілдір экраннан сәт сайын түс­пейтін жарнамалардың психологиялық ықпалын айтпағаның өзінде, біз оның ерікті құрбандарымыз десек те болады. Жарнамаға құрбан болу үшін оған еліктеп өзіңе қажеті шамалы затты сатып алу міндет емес. Ең бастысы, тауар өндірушілер жарнама жасаушылар арқылы өздерінің талғамын жұртқа таңатынын біз неге жоққа шығаруымыз керек.

Жарнама адамның талғамына билік жасайды. Жарнамаларға әбден басы айналған, өзіндік таңдау жасай алмайтындардың күймеге бір көзін жауып жегіп қоятын аттардан айырмашылығы қайсы?  Естеріңізде болса, ежелден орыстар сәйгүліктер жан-жағына алаңдамас үшін көзде­рінің шетіне арнайы қалқан қыстырып қоятын. Жарнаманың одан не айыр­машылығы бар? Оның міндеті де сол – адамды еліктіру, өзінің же­ке көз­қарасынан айырып, дегеніне көндіру.

Әңгіме аса қомақты қаржыға ба­рып тірелгенде, компаниялар өз кәсіп­терінің майталманы болып алған жарнама агенттіктерінің сценарийстері, психо­логтары, актерлері және сурет­шісімен саудаласып жатпайды. Асыра айтқандық емес, көптеген жарнама роликтерін тұтынушының таным-талғамы үшін талас десе де болады.

Бір реті келгенде ортанқол косметика өнімдерін отандық телеарналарда жарнамалап жүрген танымал бір әншіден:

– Өзіңіз сол сусабынмен шашы­ңыз­ды жуып тұрасыз ба? – деп сұраға­нымызда:

– Әрине жоқ! –  деп жауап берді.

Ал жарнама жасаушылар тұтыну­шыны қармаққа ілудің барлық тәсі­лін біледі: біріншіден, жарнамаланатын тауардың сапасына сендіру, екінші, тауар түрінің тартымдылығы, үшіншіден, кәделілігі, төртіншіден, дәстүрден ауытқымау, ең соңғысы әрі бастысы, атақты жандардың пікірі. Сценарийст жарнама роликтерінде осы аталған тәсілдердің біреуін басты назарда ұстайды.

Жарнамалық ком­па­­ниялардың тағы бір бас­ты қағидаты – оның үнемі қайталанып отыруы. Дөре­кірек айтқанда, жарнамашылар өз дегендеріне жету үшін «миды тескі­лейді де отырады».

Бұл жағдайда ересектерді былай қойғанда, күндіз-түні теледидар бетін бермейтін жарнамалар жас­өспірімдер мен бүлдіршіндердің санасына сөзсіз әсер етеді. Сондықтан болар, Еуропада балалар тауарларын тек кешкі тоғыздан кейін ғана жарнамалауға рұқсат берілген.

Осыған қарамастан жарнаманың ең үздік үлгілері теле және кино саласының үздік туындылары ретінде де қарастырылады. Аса сәтті әрі тиімді жарнамалардың санын арттыру үшін француз продюссері Жан Мари Бурсико «Жарнаманы жалмаушылар түні» деген ғаламат думанды ойлап тапты. Сол Бурсико ширек ғасырдан бері өзінің түнгі думанында сарапшылардың көңілінен шыққан үздік жарнамаларын көрсетеді. Париждегі премьера­сынан кейін оны көптеген елдер қайталап көрсетіп жатады. Мық­ты жарнамаларды ұлықтауға арнал­ған бұл жоба біздің елімізде де 2000 жылдары біраз уақытқа дейін ұйымдастырылып жүрді.

Қалай десек те, жарнама нарық заңдарымен ілесе келген үрдіс болды. Біз одан енді бас тарта алмаймыз. Әйтсе де өркениет үрдісіне сай, рес­публика заңдары шеңберінде оның өскелең ұрпаққа зиянын кеміту, кері әсерін азайту барлық кезде көкейкесті күйінде қала береді.

 

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.05.2018

Лионель Месси «Алтын бутса» сыйлығын бесінші рет жеңіп алды

21.05.2018

Қазақстан мен Халықаралық ҚҚДБ арасындағы Қарыз туралы келісім туралы заң жобасы қаралды

21.05.2018

Қ. Тоқаев Толеранттық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің басшысымен кездесті

21.05.2018

Шымкент-2 жаңа теміржол вокзалы салынады

21.05.2018

Елбасы Өзбекстан Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

21.05.2018

ОҚО-да Нобель сыйлығы лауретының қатысуымен ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті

21.05.2018

Қазақстанның аграрлық ғылымының дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті

21.05.2018

Филиппо Оноранти: Алқалы жиынның алар орны да ерекше

21.05.2018

Ханс-Пол Бюркнер: Мұнай мен газ ғана емес, басқа салалардың да дамуы керек

21.05.2018

Мырзакелді Кемел: Болашаққа бағдарланған форум

21.05.2018

«Нұр Отан» Атырау мен Павлодарда ІТ-мамандарын дайындатын ІТ-орталықтар ашты

21.05.2018

Бурабай ұлттық паркіне арналған «A day in Burabay» бірегей фотоальбомы жарық көрді

21.05.2018

Алматыда 5 жасар бала менингиттен көз жұмды

21.05.2018

Мекен-жай анықтамасын Telegram-бот арқылы алуға болады

21.05.2018

Нұрлан Ноғаев: Бизнес субъектілеріне мемлекеттің қолдауы аймақтың экспорттық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді

21.05.2018

Алматылық педагогтар СДУ-да бас қосты

21.05.2018

Қазақстанда тұңғыш рет көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға СИАХТ отасы жасалады

21.05.2018

Самал Еслямова: Біз бұл кинокартинаны түсіру үшін 7 жылымызды сарп еттік

21.05.2018

Жезқазған қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

21.05.2018

Айдос Қыдырма ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу