Ұлы Далаға – ұлтжанды ұрпақ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттың рухани дамуының жаңа бір бағыт-бағдарын айқындап беріп, Қазақ елінің алдында тағы бір үлкен жауапты міндет тұрғандығын атап өтті. Иә, осыған орай ұлттық сананы айшықтайтын, жаңа рухани қоғам қалыптастыратын, рухы биік, санасы жаңашыл, ұлттық рухта тәрбиеленген, ұлтжанды, отансүйгіш өскелең ұрпақ қажет екендігі айдан-анық. 

Егемен Қазақстан
15.01.2018 2085

Сондықтан «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген ұлы жазушы М.Әуезов айтқан ғибратты еске ала отырып, рухани жаңғырған жаңашыл ұрпақ қана еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы болатындығын ескергеніміз жөн. Қазіргі біздің мектептерімізде оқушыны біліміне қарай бағалап, оның тәртіп, тәрбиесіне аса көңіл бөліне бермейді. Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларының мұғалімді тыңдамауы, оған қарсы сөйлеуі, сыйламауы көбейіп барады. Бұл, әрине мұғалім тәжірибесінің аздығынан емес, яғни оқушы санасының төмендігінен және рухани тәрбиенің жетіспеушілігінен. Міне, осылайша шәкірт алдында ұстаз беделінің төмендеп кеткендігін көреміз. Осы тұста ұлы ақынымыз М.Жұмабаевтың «Алашта төр кімдікі десе, мұғалімдікі дер едім» деген сөзі еріксіз еске түседі. Әрине мұғалім мәртебесі өте жоғары болуы керек. Болашақ президент те, министр де, қайсыбір тұлғалар болсын мұғалімнің тәлім-тәрбиесінен, дәріс-білімінен нәр алып барып, жаңа өмірге қанат қағады. Қазіргі қоғамда осы мәселені де шұғыл қолға алып, бәрінің шешімін табатын рухани дүниенің қайнар көзін ашуымыз керек деп ойлаймын. Осы орайда әл-Фараби ғұламаның «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деген сөзін ескергеніміз жөн.

Ұлттық рухты, тіл мен ділді күшейтудің жолы бастауыш мектептегі оқу жоспарын мейлінше дұрыс қалыптастыра білуімізде. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, жапондықтар бастауыш мектепті «ана мектебі, ұлт бесігі» деп атайды. Олардың 6 жылдық бастауыш мектебінде өз ұлтының тілі мен ділін бо­йына сіңіріп, тек ана тілінде ғана оқытады. Өйткені кейін қай тілде оқыса да «ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетіндігіне» бекем сенеді. 6 жастан бастап 6 жылдық бастауыш мектепте оқыған жапондық баланың жасы он екіге келгенде оңы мен солын танып, ұлттық құндылықтарын бойына жиған, ұлттық санасы толық қалыптасқан болып шығады. Міне, бұл біздің ата-бабаларымыздың «он үште отау иесі» деген ұлттық санасымен сәйкес еді. Әрине бұл ата-бабаларымыздың он үш жасқа дейін балаларына оңы мен солын танытып, ұлттық құндылықтарын бойына сіңіріп, өзіндік жауапкершілігі қалыптасқан, болашақ өмірге қадам жасауға дайын азамат тәрбиелеп келгендігін танытады емес пе? Ендеше біздің данышпан ата-бабаларымыздың өмірлік қағидасы жапонның осы заманғы озық үлгілеріне пара-пар деуге болады.

Елімізде ертеңгі өскелең ұрпаққа, ұлттық сана мен ұлттық тәрбиеге терең мән беретін «Руханият» пәнін енгізу қажет деп ойлаймын. Бұл рухани жаңғырып жатқан жаңашыл кезеңде өсіп келе жатқан жас буынды ұлттық құндылықтарды тануға, дұрыс дүниетаным қалыптастыруға, ұлттық тұрғыдағы тәлім мен тәрбиеге баулитын, мән-мағынасы зор, пікір алуандығына жол ашатын рухани дүние болмақ. Мұнда баланың ойлау қабілетінің дамуына, өз ойын еркін айта білуге, қоғамдық дұрыс көзқарас қалыптастыра отырып, өз бойындағы кемшілікті жоюына, жақсы қасиетті дамытуға жетелейді. Жалпы алғанда, санасын өсіріп, өзін-өзі тануға көмектеседі. Оқушыны ылғи бір сарынды оқыта бермей, оның ойлау қабілетін арттырып, ынта-жігерін оятатын, бұрынғыларға, тіпті ұқсамайтын, кітаптың жаттанды сөзін емес, өзінің ой-пікірін білдіруі рухани пән болмақ. «Руханият» пәніндегі берілген әр тақырыпты ақиқатын ашып, шындығын шымыр дәлелдей отырып оқытуымыз керек. Сонымен қатар ұлтымыздың рухани құндылықтарын ұрпақ бойына сіңіру үшін мәдени тәрбие (мәдениеттану) пәнін де бас­тауыш сыныптарға енгізген жөн. Бұл ұлттық тілін, дінін, ділін, құқығын, дәстүрін, әдебін танып өсуге, әрі сыйлауға үйретеді. Міне, біз осындай рухани таным арқылы ғана отаншылдық рухтағы, рухы биік ұлтжанды ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Елбасымыз «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ла­масында «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, иә болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурс­тары болуы мүмкін» деп атап өткендей, аймақтық немесе жаһандық нарық болсын бәсекелестіке төтеп бере алатын ұлттық құндылығы зор білім мен тәрбие жүйесіндегі бірден-бір рухани дүние болары сөзсіз. «Біліммен біліктілігіңді көрсетесің, тәрбиемен тектілігіңді танытасың» деп өте орынды айтылған. Өркениетті ел боламыз десек, қоғамдағы болып жатқан келеңсіздіктерге тойтарыс беруіміз керек. Атап айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық, кісі ақысын жеу, тас­танды бала, ата-ананы сыйламау, мұғалімді сыйламау, қарттар үйіне өткізу, өзге діндерге кіру деген сияқты келеңсіз жайттар біздің қоғам азаматтарының жан дүниесінің рухани жұтаң екендігін көрсетіп отыр. Абай атамыздың «Ар мен ұят ойламай тәнін асырап, ертеңі жоқ бүгін­ге болған құмар» дегеніндей, ұлттың ертеңін, ұрпақтың болашағын ойлайтын азаматтарымыз азайып бара жатқандай. Әрине біліммен биік белестерді бағындыруға болады, бірақ ұлтжандылық, отансүйгіштік, кішіпейілділік, мейірімділік тәлім-тәрбиемен келсе керек.

«Руханият» пәнін орта мектептердің 6-7-сыныптарының оқу жоспарына енгізу қажет. Сонымен қатар 10-11-сынып оқушы­ларына «Абайтану» пәнін енгізсек өте орынды болар деп ойлаймын. «Абайтану» пәні дүниетанымы дұрыс қалыптасқан әрбір азаматты қазақтың философиясына, психологиясына терең бойлатпақ.

«Руханият» рухани жаңғыру аясында оқулық құралына енген аса маңызды ұлттық құндылық болары сөзсіз. Өйткені оны «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы алты бағытты да қамтитын, үлкен рухани дүние десек қателеспейміз. Ұлттық жаңғыру барысында, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, оны белгілі дәрежеде айшықтай түсері анық. Ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, бәсекеге қабілетті, жаһандық және аймақтық нарықта оқу пәнінің озық үлгісін жасамақпыз. Қасаң қағидалар мен кертартпа ұғымдарды жаныштап, ұлттық қасиеттерімізді жаңғыртпақ. Ысырапшылдық пен немқұрайдылыққа жол бермей, керісінше, ұстамдылық пен қанағатшылдыққа, қарапайымдылық пен үнемшілдікке тәрбиелейтін тағылымы мол дүние. Ұлттық бірегейлікті сақтау барысында да ұлттық болмысты ашып, мәдениетіміз бен салт-санамызды жаңғыртудың жаңа бір үлгісінде дамитын болмақпыз. Білімнің салтанат құрған жаңа дәуірінде, білім саласына тың идеялар мен жаңа бағыт-бағдарлар енгізудің өзі ұлттың жаңаша өрлеу сипатын көрсетеді. Еліміздің XXI ғасырдағы эволюциялық дамуы ұлтымыздың өрлеп өсуіне, озық елдердің көлеңкесінде қалып қоймай, солардан қалыспай өркендеуімізге жол ашатынымыз айрықша маңызға ие. Осын­дай білімнің аясында өзгелерден тәжір­и­бе ғана алып қоймай, олардың ең озық жетіс­тіктерінен үлгі ала отырып, рухани қасиетке бай, ұлттық құндылыққа терең бойлайтын, зерденің ашықтығын көрсететін, сананың кеңіп кемелденуіне алып келетін, келешектің кемел дамуына, абыройы асқақтаған ел болуға бірден-бір күш-жігер беретін рухани дүние «Руханият» пәні болмақ.

Рухани жаңғыру аясындағы жасалып жат­қан қандай да бір іс-шаралар болсын, зият­кер­лік өнім, ағартушылық материалдар болсын әр азаматқа рухани нәр беріп, рухын көтеріп жігерлендіре түсуі керек деп ойлаймын. Әрбір азамат рухани түлеп, рухани сусындап, санасына терең ой салып, жан дүниесін жаңғыртып отыратын құндылығы зор рухани дүниелер қажет. Рухани жаңғыру әрбір қазақ азаматы үшін парыз деп білемін. Солай сезінгенде ғана, біз болашақ ұрпақ бойына рухани жаңғырудың дәнін себе аламыз. Сол дәннен өскен ұрпақ қана рухани бай, рухы биік, ұлтжанды, патриот азаматтар болатындығына кәміл сенемін. Ұлтың ұлылығын айшықтайтын оның тарихы мен мәдениеті, өнері мен ерлігі десек, ол да осы ұғым мен қасиеттің тереңінде рухани дү­ние­ден сусындап нәр алып жатқандығын айт­пай-ақ мойындаймыз. Ендеше «адам рухани бай болмай, материалдық байлықпен толық бақытты бола алмайды» деген қағиданы ескер­геніміз жөн. «Руханият» пәні біздің қоғамға ауадай қажет рухани дүние болары сөзсіз, ағайын!

Нұржан БЕКСҰЛТАНОВ,

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейінің ғылыми қызметкері

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2018

Еуропа лигасындағы қарсыластар анықталды

21.06.2018

«Жетісу» газетінің жарық көргеніне бір ғасыр толды

21.06.2018

Джокович үлкен тенниске қайта оралды

21.06.2018

Тайсон келесі кездесуін тамызда өткізеді

21.06.2018

Уилшер «Арсеналмен» қоштасады

21.06.2018

«Егемен академиясының» бірінші маусымы сәтті аяқталды (видео)

21.06.2018

ӘЧ: «Неміс машинасы» атағын қорғай ала ма?

21.06.2018

ӘЧ: Тоналған фанаттар мен жаңарған рекордтар

21.06.2018

Астананың құрдастары: Мақсатым – ақылды адамдарға арналған ұйым құру (видео)

21.06.2018

Түркістан облысы - Зиялы қауым не дейді?

21.06.2018

Шетел басылымдары. Түркістанды бауырлас халықтар да қолдайды

21.06.2018

Түгел түркінің тілегі орындалған күн - Құлбек ЕРГӨБЕК

21.06.2018

Астанада көптілділікті дамытуға арналған жиын өтті

21.06.2018

Үздік мемлекеттік қызметкерлер анықталды

21.06.2018

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуін өткізді

21.06.2018

Біздің мақсат – мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу – А.Шпекбаев

21.06.2018

Ислам қолжазбалары зерттелуі тиіс

21.06.2018

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қорын құру ұсынылды

21.06.2018

Цифрландыру – ел дамуының басты кепілі – А. Оспанов

21.06.2018

Оралда қарақшыны құрықтады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу