Парламент • 15 Қаңтар, 2018

Нұрлан Нығматулин Елбасы Жолдауын финляндиялық әріптестерімен бірге талқылады

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Финляндия Республикасы Парламентінің депутаты, Финляндия – Орталық Азия достық тобының тең төрағасы В.Скиннари бастаған делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі. 

Нұрлан Нығматулин Елбасы Жолдауын финляндиялық әріптестерімен бірге талқылады

Тараптар Қазақстан-Финляндия қатынасының өзекті мәселелерін алға тарта келіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың таяуда Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауына айрықша назар аударды. Елбасы өз Жолдауында мемлекет алдында тұрған он басым бағытқа тоқталғанын атап өткен Палата Төрағасы әсіресе, жаңа технологияларды енгізу, цифрландыру мәселесіне барынша көңіл бөлді.

Н.Нығматулин финляндиялық әріптестерімен аталған саланы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жайын талқылады. Өйткені, Финляндия инновациялық даму тұрғысынан алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Сондықтан олардың заңнамалық тәжірибесі қызығушылық тудырады. Мәжіліс Спикері атап өткендей, осы ретте ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топтардың рөлі зор.

Өз кезегінде мәртебелі мейман Қазақстан Президенті Жолдауының маңыздылығын айта келіп, инновация, цифрландыру салаларындағы ортақ мақсаттарға түйістіретін басым бағыттарға тоқталды.

Кездесуде қос мемлекет ынтымақтастығының стратегиялық сипатына мән берлііп, екіжақты қарым-қатынастың сындарлы дамуына сенім білдірілді.