Бағдарламалар • 15 Қаңтар, 2018

Ұлттық кітапхана ұжымы Президент Жолдауына қолдау білдірді

889 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.

Ұлттық кітапхана ұжымы Президент Жолдауына қолдау білдірді

Ұлттық кітапхана  ұжымы  жолдауда айқындалған міндеттерді қызу талқылап қолдау көрсетті. Кітапхана басшысы Жанат Сейдуманов Елбасы жолдауына қолдау білдіре отырып, Жолдаудың «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталған жетінші тармағына ерекше тоқталып өтті.

– Адами капиталдың жаңғыруы кітапхана ісімен тікелей байланысты. Өйткені, кітапханалардың басты мақсаты - сапалы адами капиталды арттыруға ықпал ету, жоғары білімді, жан-жақты ұрпақ қалыптастыруға үлес қосу. Осы орайда, Ұлттық кітапхананың басты міндеттерінің бірі –тұрғындардың оқуға құштарлығын арттыру арқылы мемлекетімізде кітап оқудың беделін көтеру, жас ұрпақты оқуға тарту және төлтума мәдениетімізді сақтап қалу. Жолдауда айтылған адами капитал сапасын нығайту және ұлттың рухани, интеллектуалды серпілісінің қажетті құралы ретінде халықты оқуға тартуға, ғылыми-техникалық, ғылыми-танымдық әдебиеттерді ұсынуға, олардың заманауи білім алуына барлық мүмкіндіктерді жасауға тиіспіз. Осы арқылы қазіргі жастарды өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар адами капиталын қалыптастырған  біздің қоғамымыздың идеалына айналдыруға міндеттіміз, – дейді Ұлттық кітапхана директоры Жанат Сейдуманов.

Сонымен қатар ҚР Ұлттық кітапханасының жастарынан құралған Жастар кеңесі кең ауқымды талқылау жасап, жолдаудың маңызы мен ерекшеліктері тұрғысындағы жеке ой-пікірлерін ортаға салды.

«Біз Елбасының Қазақстан халқына Жолдауымен таныстық. Енді көрсетілген 10 бағыт бойынша жұмыс істеп, күш саламыз. Оның ішінде жаңа технологияларды дамытуға үлес қосу үшін кітапхана ісінде онлайн қызмет көрсету мен электронды басылымдарға басымдық беруді жалғастыратын боламыз», дейді «Жастар кеңесінің» төрайымы Айкенже Жақсылыққызы.

Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауы маңызды тарихи құжат деген кітапхана мамандары, оны жүзеге асыруға әрбір кітапханашы өз еңбегімен, өз қызметімен  үлес қосатындарын  білдірді.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ