Ұжымдық ұстаным

Ұжымдық рух ұлы жеңістерге қол жеткізеді. Қазақ айтады: «Үш адамның басы қосылса – қауым». Қауым­дасқаннан бері адамзат сан түрлі қоғамдық құрылысты өт­кер­ді. Ал қазіргі нарықтық қоғам­ның кілті – табыс. Яғни биік мүдде жолында ұжымдасу және белгілі нәтижеге қол жеткізу.

Егемен Қазақстан
16.01.2018 172
2

Мұны коммерциялық мүдде тұр­ғы­сы­нан қарағанның өзінде ақша үшін емес, ішкі түсіністікке құрылған энтузиазм бірлігіне айналдыра алсақ, ұта­рымыз көп. Көп айтылатын инно­ва­цияның өзін энтузиазм тудырады. Төрт жыл бұрын Астана экономикалық фо­румына мәртебелі мейман болған хи­мия саласы бойынша Нобель сый­лы­ғының лауреаты Курт Вютрих Өс­кеменге де келіп, студенттермен кез­де­с­кен еді. Сол жүздесуде студенттер ға­лымға инновация жөнінде сауал қой­ды. Сәл ойланған сыңай танытқан К.Вютрих сонда «Инновация дегеніміз мынау» деп қолындағы смартфонын көрсеткен. Расында «цифрлы революцияның әкесі» аталатын Стив Джобс сынды жаһандық сауда желісін жау­лаған компаниялар мен кә­сіп­орын­дар жетекшілерінің өмір­бая­нынан осы ұжым­дық энтузиазмды айқын аңдауға бо­лады.

Асанәлі Әшімов өзінің авторлық жанрына айналдырған күнделігінде Камал Смайылов туралы қазақ киносында одан артық басшы болмағанын жазады. Расында К.Смайылов «Қазақ­фильмді» басқарған тұста қазақ кино­сы­ның классикасына айналған алтын қо­ры­мыздағы фильмдер түсірілді. Көр­некті қайраткер «Қыз Жібек», «Атам­ан­ның ақыры», «Шоқ пен шер», «Көксерек», «Транссібір экс­пре­сі», «Тақиялы періште», «Қараш-қараш оқиғасы» сияқты ұлттық кар­ти­наларға кіл классиктер ұжымын тар­та білді. Жазушысы, драматургі, сце­нарийшісі, суретшісі, актері, компо­зи­торы – әрқайсысы дара тұлға еді. Ұжым­дық рух ұлттық рухқа ұласты. Шы­ғар­машылықта мұндай рухпен әде­биет те жасалады. Мәселен, Ілияс Есен­берлиннің әйгілі «Көшпенділер» три­ло­гиясындағы төрт ғасырды қамтыған эпи­калық құлашқа сол тұстағы жас қа­ламгерлер Мұхтар Мағауин, Қадыр Мырзалиев, Қабдеш Жұмаділовтер дерек пен мағлұмат жинау жағынан қол ұшын созғандарын мемуарлардан оқыдық. Кейін бұл шығарманың шең­беріне сыймаған тарихи кезеңдер мен кейіпкерлер жазушылардың жаңа ты­нысты жеке туындыларына өзек бол­ды. Әрине шығармалардың дара ав­торлық қуатпен қағазға түскені кү­мә­нсіз.

Қазақ «кемедегінің жаны бір» деп қа­лай дөп айтқан! Сапардың да қиын­ды­ғы мен азабы жетерлік. Құр­лық­та, суда, әуеде болсын, жолаушылар да бір ұжым. Яғни «жол мұраты – жету» болса, діттеген жерге аман-есен жетуге де жұмылған жұдырықтай ішкі сый­ласым, қолдау керек. Бұл бойын біл­мекке, көрмекке деген құштарлық би­леген жаңалық ашушы саяхатшылар үшін тіпті үлкен сын. Айталық, планетаның жартысын алып жатқан Тынық мұхитының құс қанаты шыдамас бір бұрышындағы шөкімдей ғана Полинезия аралдарының тұр­ғын­дары қайдан, қалай келді? Арал­да­ғы байырғы тұрғын айтады: жел жә­не ағыс. Міне, осы жұмбақты ше­шу үшін норвегиялық әйгілі саяхат­шы Тур Хейердал Оңтүстік Аме­ри­ка жағасынан кәдуілгі бөренені буып жасалған сал-қайықпен 8 мың ша­қы­рымды артқа тастап, ежелгі поли­не­зия­лықтар секілді ұлы мұхитты ке­сіп өтеді. Мұхит арғы жағадан бергі жағаға жүзіп өте шығатын өзен, тіпті көл де, теңіз де емес. Оның өзіне тән таңғажайып әлемі бар. Осы адуынды да үрейлі, әсем де әйдік әлеммен бар-жоғы бес серігімен 101 күн ішінде бір бөлшегі ретінде тұтасып кеткен Хейер­далдың сол сапары да адами ұлы рухтың, ұжымдық қуаттың белгісі іспетті әсер қалдырады.

Жалпы, ұжымдық рухты әркім әрқалай түсінеді. Бірақ бәрі «Бірлік түбі – береке» немесе «Ізденген жетер мұратқа» деген қазақы арнаға саятын сы­қылды. Ұжымдық рухты түйсіну де осы лекте екеніңізді көрсетеді. Алайда адамдарға тәуелді болғандықтан ұжым­дық мақсат өте кінәмшіл келеді. Яғни ең алдымен ішкі әлеміңіздің үні маңызды. Осы ағымға ілесуге қажетті қуатты әлдекім Дэйл Карнеги, Наполеон Хилл, Джозеф Мерфи си­яқты әлемдік бестселлерге айналған шы­ғар­малардан іздесе, тағы бір жандар мотивациялық семинарлар мен дә­ріс­терден қалмауға тырысады. Барлығы да құптарлық. Өйткені бізді орта өсіреді, тәрбиелейді, ортақ мақсатқа жұмылдырады. Бұл ретте бір-біріміздің жақсылығымызды, артықшылығымызды, біліктілігімізді бағалай білуге машықтанғанның айыбы жоқ. «Гүл сыйлаған қолдан гүлдің иісі шығып тұрады», дейді қытай мәтелі. Қоғамның өзі үлкен ұжым іспетті. Яғни алдымен адами капиталды, сол арқылы ұжымдық рухты дамыту ұлт және ұлы мемлекет ретінде дамудың алғышарты болса керек.

Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Биік белестерді бағындыруға мүмкіндігіміз мол

13.11.2018

Ізшіл иттер 300-ден аса қылмыс ашты

13.11.2018

10 мыңдай адамның еңбекақысы көбейеді

13.11.2018

Өзбек халқының өнері

13.11.2018

Жолдау – қазақстандықтардың конституциялық құқықтарының кепілі

13.11.2018

Бейбіт аспан астында

13.11.2018

Үкімет сағатында өрт мәселесі қаралды

13.11.2018

Мұқағалидың полиптих портреті

13.11.2018

Жасасын, фонограмма!

13.11.2018

Жылы сөз жанды да, тәнді де емдейді

13.11.2018

Sheraǵań shertken sher

13.11.2018

Тойшыл халық ойшыл бола алмайды

13.11.2018

Елді дамытудың басты бағдары

13.11.2018

Халықаралық саясаткерлер – Астанада

13.11.2018

Құдықтарға қамқорлық қажет

12.11.2018

Аустрияның Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

12.11.2018

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы музыкалық байқау өтеді

12.11.2018

Атырау облысында жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысан іске қосылады

12.11.2018

«Түркілердің атасына» көрсетілген құрмет

12.11.2018

Өскемен қаласының көшелеріне Әміре Қашаубаев пен Қалихан Ысқақтың аты беріледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу