Қазақстан • 16 Қаңтар, 2018

Трамп Ақ үйде Қазақстан Президентімен кездесіп, Ауғанстан стратегиясын талқылайды - Fox News

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Американың «Fox News» ақпарат агенттігі «Трамп Ақ үйде Қазақстан Президентімен кездесіп, Ауғанстан стратегиясын талқылайды» атты мақала жариялады. Мақаланың ықшамдалған мазмұнын назарларыңызға ұсынамыз. 

Трамп Ақ үйде Қазақстан Президентімен кездесіп, Ауғанстан стратегиясын талқылайды - Fox News

Ақ үйдің баспасөз қызметі Президент Дональд Трамп пен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасындағы ресми кездесуде талқыланатын басты тақырыптардың бірі Ауғанстан төңірегінде болатынын, екі елдің көшбасшылары «аймақтық қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық» мәселелерін талқылайтынын хабарлаған болатын. Сонымен қатар Ақ үйдің айтуынша, кездесу барысында Қазақстанның бірқатар халықаралық мәселелер бойынша көшбасшылық ететіні де талқыланатын болады. 

Бұл сапар Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ету уақытымен тұспа тұс келіп отыр. Соңғы рет Трамп Назарбаевпен мамыр айында Сауд Арабиясында Араб-Ислам-Американ саммитінде жолыққан болатын.

Қазақстан Ұлттық баспасөз клубының хабарлауынша, Трамп Президенттікке сайланғаннан кейін, ол Назарбаевқа «сіздің басшылығыңызбен Қазақстан көптеген жетістіктерге қол жеткізді, тіпті, оны «ғажайып» деп те атауға болады» деген.