Қалтөре Жұмақұлов: Сахна безендірудің мақсаты – қойылымның көркемдік бейнесін ашу

Жаңа көзқарастан жүгі жинақталып, жасара түсетін әдемі өнердің бірі – театр өнері. Ғасырлық тарихты өкшелеп келе жатқан өнердің қалтарысымен қақтығыспай өтіп, шарықтау шегіне шалынбай жеткен өнер иесі кемде-кем болар. Өйтпесе өнер бола ма?!

Егемен Қазақстан
16.01.2018 3637

Көрермен мен сахнаның ортасын жұмбақ сырымен тұмшалай түсетін перденің ар жағынан сиқыр күтеміз. Сіз бен бізге беймәлім де мәлім тіршіліктің жықпылдарынан сүзіліп шыққан сұлулықты ынтыға күтеміз. Сахна пердесі ашылған сәттен-ақ, күнделікті күйбің тіршіліктен өзге, шоқтығы биік өмірге қалықтай ұша жөнелеміз. Ол – сахнаны сан алуан декорацияларымен жұмбақтандыра түсетін сценографиялық шешім!.. Ғасыр бастауындағы сахна жабдығы мен бүгінгі сахналық безендірудің арасы жер мен көктей екені айтпаса да түсінікті жайт. Соңғы кездері жаңа технологиялық құралдармен жабдықталған сахнаға анау айтты декорация құрып әуре болмайтын, минимализм заңдылығына сүйенген қойылымдар да жеткілікті. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облыстық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының бас суретшісі, Қазақстанның мәдениет қайраткері Қалтөре ЖҰМАҚҰЛОВПЕН әңгімелесіп, ой бөлісудің сәті түсті. 

– ХХ ғасыр сахнасындағы декорацияға, яғни безендіру ісіне актер қызмет етті, ал бүгінгі ми­нимализмдік шешімдегі сцено­гра­фиялық еңбек сіз үшін несі­мен ерекшеленеді?

– Негізі сахна безендірудің мақсаты қойылымның көркемдік бейнесін ашу болып табылады. Мен соған қызмет жасап келдім. Сонау 1970-1980 жылдарға қарағанда бүгінгі күннің декорациясының айыр­машылығы осында. Ол жылдары декорация әрекет орнын ғана бейнелеген болса, бүгінгі күн ол актермен бірге жұмыс істейді. Егер сценографияның тарихына тоқталатын болсақ, бірнеше ке­зеңді басынан өткергенін кө­ре­міз. Бүгінгі сценографияның ми­ни­мализмге бет бұруы – уақыт талабы. Минимализм дегенді қа­рапайымдылық деп түсінсек болады. Ал қарапайымдылықтан асқан сұлулық пен ғажайып құпиялық жоқ. Сол қарапайымдылыққа қалай қол жеткізуге болады, міне, бүгінгі мәселе осында. Ол кез келген адамның «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» таба бермейтіні секілді оңай шаруа емес. Сахна нақтылықты қажет етеді. Нақты ой. Нақтылы өзгеріс. Бірақ қандай да бір жаңа көзқарас болсын қойылымның өзегін ұстап тұратын идеяға қызмет жасап, мәнін ашуға ойын барысында актерге жәрдем етуі керек. Сол се­бепті декорация тек минимализммен шектелмей, әр қырлы болуы мүмкін. Әр спектакльдің айтатын ойы, көтеретін салмағы мен идея­сын минимализм аша алмауы мүмкін. Оған режиссердің ойы мен талабын қосыңыз. Кейде рас, сіздің тапқан минимализміңізге режиссердің ойы сай болмай қалуы әбден мүмкін. Режиссерге көп нәрсе байланысты. Пьесаны оқыған сәтте минимализм жасаймын деп ойламайсың. Ізденіс барысында, екшеле келе минимализмге айналып кетуі не керісінше шешімге ұшырауы мүмкін. Режиссермен тығыз жұмыс жасау, тіл табысу, ойлардың бір жерге тоғысуы шығармашылық жетістіктің жартысы деуге болады.

Режиссер трактовкасы – үл­кен мәселе. Өз басым алдымен, режис­сердің талабын жүректен өткізіп барып жұмыс істеймін.

– Қолыңызға пьеса тиген сәт­те сізді ең алдымен қандай нәр­­се мазалайды?

– Мені толғантатын нәрсе: «Бұл пьесаны қолға алғандағы мақ­сатымыз не?» деген сұраққа жауап табылмай қиналған сәт. Тиісті жауап алынған кезде жұмысқа деген құлшыныс пайда болады. Бағытың айқындалады. Ойыңды сол бағытқа жинақтайсың. Бастапқы ойымда айтқандай, мұны «сахнада өмір сүрсе екен» деген мақсатпен жүзеге асырамын. Өкінішке қарай, көптеген қойылымдарда санамда сараланған декорацияларым тек әрекет орнын бейнелеумен ғана шектеліп қалады. Ұйқысыз түндер мен мазасыз күндердің куәсіндей туындыңды актер қарекетке айналдыра алмай, ал режиссер көздеген нысанасынан мүлт кетіп, ой ыдыраса, жүрегің май ішкендей кілкиді. Сол үшін әр қойылымға тапқан дүниелерің ойналып, идеяң орындалса екен дейсің.

– Сахналық шешім жүректі жарып шықпаса – қалғаны зая кетеді. Десе де түйіні табылмай қалған сахналық шешіміңіз болды ма?

– Шығармашылық жолымда мені қинаған шешім Ш.Айтматов пен М.Шахановтың «Сократ түні» тарихи драмасы еді. Тақырыпты дөп баспай, дөңгелене қиыс кетіп, драманың түбіне тереңдеп бата алмай кібіртіктеп, ұзақ қиналдым. Авторлар әлемдік деңгейдегі мәсе­лені қозғап тұр. Сол үшін белгілі бір шешімге тоқтамас бұрын алдымен, саралауды қажет ететін сараптама жолынан өтесің. Адамзат өткен тарихи кезеңдерді көп зерттеуге тура келді. Мишығыңа әлдене ендеген кезде, жауабы табылады. Толғантқан шешімімді тапқандағы сезімді жай сөзбен айтып жеткізу қиын. Түпкілікті байлам қойылымның төңірегімен шектелмей, адамзаттық ортақ ой биіктігіне жеткізер кеңістікке шығып кетті. Әлемдік толғаныс тудыратындай шешім жасадым. Көрерменнің көңілінен шыққан дүние болды-ау деймін...

– Бүгінгі көрермен сахналық өмірден қандай да бір өнегелі ой түйеді деп ойлайсыз ба? Жал­пы олардың кейіпкерлеріне сағы­ныш-мұңын, сүйіспеншілік сезі­мін байқайсыз ба? Жоқ әлде сол заматта ұмыт қалып жата ма?

– Адам ең алдымен, қоғамда өмір сүреді. Қоғамдағы өзгеріс, кімге болсын әсерін тигізбей қоймайды. Жа­ныма бататыны – қоғамдағы сү­лесоқтық. Адамдар өзіне емес айналасындағы тіршілікке нем­­құрайлы. Кешегі кеңестік кезеңде мәңгүрт болдық дейік, ал қазіргімізге не жорық?! Адамның айналасынан қол үзуі, бейтарап күй кешуі оңай. «Сен тимесең, мен тименнен...» қауіптенемін. Көре тұра көрмегенсу, біле тұра білмегенсу – қауіпті. Жан ауырмау дерті жаман. Мөлдір шыныдан футляр киіп алған сияқтымыз. Бұрынғы адами құндылықтар, қасиеттер басқаша түсінік ала бастады...

– «Сахна – көрерменді тәр­биелейтін орын» дегенге қалай қарайсыз?

– Біз көбіне біреуді тәрбие­ле­гіміз келіп жатады. Негізі әр­қайсымыз өзімізді тәрбиелеуге күш салуымыз керек. Шариғатта келеңсіз нәрсені қолмен тоқтату, қолмен тоқтата алмасақ – сөзбен, сөзбен тоқтамаса – жеккөру деген сөз бар. Сахнада шығармашылық топ өздеріне солай сұрақ қоюы керек. Бұл ретте егер көрерменді толғандырып, ойландыра алсақ, сахнагер үшін үлкен жетістік сол.

Қоғамға ой тастайтын парасатты дүниелермен жұмыс істегенді жаным қалайды. Жұмысқа жауап­кершілікпен қарағанды ұнатамын. Көрерменнің алтын уақытын ұр­ламауға, өкіндірмеуге тырысамын.

Әңгімелескен

Сая ҚАСЫМБЕК,
Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.05.2018

Оңтүстік және Солтүстік Корея көшбасшылары екінші рет кездесті

26.05.2018

Астанада «Қолөнер – рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты шеберлік сыныбы өтті

26.05.2018

Қазақстанның барлық балалары ТОКАМАК ғылыми орталығымен танысулары қажет - Даниал Ахметов

26.05.2018

150-ден астам студент Ақтөбе облысы әкімінің шәкіртақысын иеленді

26.05.2018

Астананың 120 гектардай жері саябақ пен гүлзарға айналады

26.05.2018

«Тоғызқұмалақ» мобильді қосымшасының авторы арнайы марапатқа ие болды

26.05.2018

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Оңтүстік Қазақстанға экскурсиямен барды

26.05.2018

Павлодарда Оқушылар сарайында IT-сыныптар ашылды

26.05.2018

Батыс Қазақстанның Ақжайық ауданында жерлестер форумы өтті

25.05.2018

Азия ойындарында жүлдегер атанды

25.05.2018

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

25.05.2018

Алакөлге 15 маусымнан бастап пойыз жүреді

25.05.2018

Қармақшы ауданында жаңа мектеп пен балабақша ашылды

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысындағы технологиялық жаңғыртумен танысты

25.05.2018

Атырау облысында бес мыңнан астам мектеп бітіруші үшін соңғы қоңырау соғылды

25.05.2018

Премьер-Министр Рудный студенттерімен кездесті

25.05.2018

БАӘ инвесторлары Атырау облысында жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

25.05.2018

Соңғы қоңырау сыңғыры

25.05.2018

Қызылорда облысында қосалқы станцияның құрылысы аяқталды

25.05.2018

«Сыр дарыны» медалімен марапатталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу