Қазақстан • 16 Қаңтар, 2018

Қазақстанның көмірсутек өндірісі рекордтық көрсеткішке жетті - The Mice Times of Asia

1059 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

The Mice Times of Asia порталы 16 қаңтар күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Дональд Трамппен кездесетіні туралы айтып, Қазақстан туралы көлемді мақала жариялады. Назарларыңызға мақаланың ықшамдалған мазмұнын ұсынамыз. 

Қазақстанның көмірсутек өндірісі рекордтық көрсеткішке жетті - The Mice Times of Asia

2017 жылы Қазақстан 86 млн тонна көмірсутек өндіріп, мемлекет тарихындағы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. 

2014-2016 жылдар аралығында Ақтөбе, Қызылорда облыстарындағы мұнай кен орындары сарқыла бастады да, Қазақстанда мұнай өндірісі төмендеді. Дегенмен Қашаған кен орнының қалпына келтірілуі жағдайды өзгертуге мүмкіндік берді.

Қазақстан ОПЕК+ келісіміне қатысады. Оған сәйкес мұнай экспорттаушы мемлекеттер  аталған шикізат өндірісін қысқартуы керек болатын. Қазақстанның Энергетика министрлігі мемлекет бұл міндеттерді толығымен орындайтынын айтқан еді. 

Bloomberg былтыр Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша өз міндеттерін толық орындамады деп жазды. Аймақтық проблемалар институтының бас директоры Дмитрий Журавлев Қазақстанның саяси рөлінің маңызды екенін айтып, бұл пікір алаңдаушылық туғызатын дүние емес екенін айтты. "Қазақстан үшін мұнай негізгі шикізат саналады деп ойласақ, мүлдем қателесеміз. Қазақстан уран өндіруден көш бастап тұр. Сонымен қатар Қазақстанның мұнай экспорты әлемдік көрсеткіштің аз ғана бөлігін қамтиды", деді ол. Сарапшының айтуынша, ірі мемлекеттердің көбі Қазақстанмен жақсы қарым-қатынаста болғысы келеді. "Бұл Қазақстанның БҰҰ ҚК төрағасы болып сайланғанына байланысты деп ойласаңыз, қателесесіз. Себебі Қазақстан Ресей, Қытаймен қарым-қатынасынан бөлек Батыс елдерімен де экономикалық байланыстарды арттырып келеді. Әсіресе, Еуропа елдерімен экономикалық серіктестік жақсы деңгейге жеткен. Мысалы, Германия Қазақстанның тасымал жүйесіне көп инвестиция салады", дейді институт директоры.