Аймақтар • 16 Қаңтар, 2018

Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің орынбасары болып Ерлан Спанов тағайындалды. Ол бұрынғы орынбасары Роза Кемалованың зейнеткерлікке  шығуына орай босаған орынға келді.

Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ерлан Махмұтұлы Қостанайдағы Инженерлік және экономикалық университетті бітірген. Ол Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманынан бөлім басшысына, басқарма басшысының орынбасарына дейін өсіп, содан кейінгі жылдары басқармаға жетекшілік етті. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа орынбасары жетекшілік ететін салаларды таныстырды.

«Жаңа орынбасар экономика, қаржы, мемлекеттік сатып алу, салық және қаржы-несие салалары, мемлекеттік аудит, қаржылық бақылау, бюджетаралық қатынас мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Сонымен қатар облыстық бюджеттік комиссияға басшылық етеді, ауылдық жерлерді дамыту үшін атқарылатын шараларды қамтамасыз етеді» деді Архимед Бегежанұлы.

Сонымен қатар облыстағы басқа басқармаларға жаңа басшылар тағайындалды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»