Үкіметте Елбасының Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық шаралар жоспарының жобасы мақұлданды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық шаралар жоспарының жобасымен таныстырды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Егемен Қазақстан
16.01.2018 2764
2

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, Жалпыұлттық жоспардың жобасы Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын орындау туралы Үкіметтің 11 қаңтардағы отырысында берілген тапсырмаларға сәйкес әзірленді. Жобада 10 бағыт бойынша мемлекеттің дамуына бағытталған 87 іс-шара қарастырылған.

«Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» бірінші міндеті аясында еңбек ресурстарын басқару, экспортқа бағдарланған өнімдер шығаратын кәсіпкерлік субъектілерін жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған жаңа құралдарды әзірлеу және жетілдіру, сондай-ақ, технологиялар трансферті бойынша 8 шара қарастырылған.

Бұл шаралар Тұжырымдаманы әзірлеу арқылы, содан кейін «цифрлық дәуір» өнеркәсібін дамытуға арналған жаңа Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.

«Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту» екінші міндеті аясында экологиялық заңнаманы, соның ішінде Экологиялық кодексті өзекті ету арқылы іске асырылатын «жасыл» технологияларды дамыту, табиғи ресурстарды басқару тәсілдерін қайта қарауға бағытталған 5 шара қарастырылған. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарту арқылы қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша бірқатар шараларды әзірлеп, қабылдау көзделген.

«Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» үшінші міндеті аясында жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, кооперативтерді дамыту, тиімсіз субсидияларды қайта қарау арқылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, сондай-ақ, АӨК ғылыми қарқындылығын арттыруға бағытталған 6 шара қарастырылған. Осы мақсатта 2017–2021 жылдарға арналған ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізіледі.

«Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру» төртінші міндеті аясында 3 шара қарастырылған. Бұл іс-шараларды іске асыру үшін цифрлық технологияларды қолдану арқылы Зияткерлік көлік жүйесін біртіндеп енгізу жоспары әзірленеді. Сонымен қатар жергілікті автожол желілерін жөндеу мен реконструкциялауға жұмсалатын қаржы ұлғайтылады.

«Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу» бесінші міндеті аясында тұрғын үй заңнамасын, сондай-ақ табиғи монополиялар саласын реттейтін заңнаманы жетілдіруге, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік нормативтерді жетілдіруге бағытталған 5 шара қарастырылған.

«Қаржы секторын «қайта жаңғырту» алтыншы міндетін жүзеге асыру аясында 8 шара қарастырылған. Олар Ұлттық Банктің банк секторын сауықтыру жөніндегі бағдарламасы арқылы, сондай-ақ бизнесті ұзақ мерзімді несиелендіруді қамтамасыз етуге және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы заң жобасын әзілеу мен Ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған шаралар арқылы қамтамасыз етіледі. Осы бағыт аясында АХҚО алаңын ұлттық компаниялардың IPO акцияларын өткізуге дайындау жұмыстары жүргізіеді. 2018 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ың жекелеген портфельді компанияларының акцияларын біртіндеп көпшіліке тарату жұмыстары басталады.

«Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші міндеті аясында 32 іс-шара қарастырылған. Барлық деңгейлерде білім берудің озық жүйесін құру мақсатында білім беру үдерістерін жетілдіруге, оқу бағдарламаларын жаңартуға, педагогтың беделін арттыруға бағытталған іс-шаралар қарастырылған. Бұдан өзге, білім және ғылымның 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына цифрлық технологиялар мен ЖОО ғылымын дамыту тұрғысынан өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Денсаулық сақтау саласында аурулардың алдын алу мен емдеуді жақсарту үшін жаңа технологияларды қолдануға бағытталған іс-шаралар, оның ішінде онкологиялық ауруларға қарсы күрес бойынша Кешенді жоспарды әзірлеу іске асырылады. 
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жаңа жобасы әзірленеді.  

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды қамтуды кеңейту мақсатында Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның жаңа құралдары жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бейресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметін формализациялауға бағытталған заңнаманы жетілдіру, еңбек кітапшалары мен еңбек келісім-шарттарын электронды форматқа көшіруді қамтамасыз ету, электронды еңбек биржасын іске қосу, әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төлемдерді жетілдіру қарастырылған. 

«Тиімді мемлекеттік басқару» сегізінші міндеті аясында 10 іс-шара қарастырылған. Бизнесті қайта реттеу мақсатында бизнесті қолдау бойынша, оның ішінде жергілікті деңгейде, жүйелі шаралардың жаңа пакетін әзірлеу, сондай-ақ цифрлық технологияларды енгізу, мемлекеттік қызмет көрсетудің және мемлекеттік қолдаудың сапасын арттыру қарастырылған.

«Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» тоғызыншы міндеті аясында сот және құқық қорғау жүйелерін институционалдық түрлендіруге бағытталған 8 іс-шара іске асырылады.

«Ақылды қалалар ақылды ұлт үшін» оныншы міндеті аясында «Смарт Ситидің» «эталонды» стандартын қалыптастыруға және үздік практикаларды тарату және Қазақстан қалалары арасында тәжірибе алмасу арқылы қала ортасын басқару үшін оны енгізуге бағытталған 2 іс-шара қарастырылған.  

«Жалпыұлттық жоспарды іске асыру технологиялық және инфрақұрылымдық дамудың жаңа кезеңіне серпін береді, ол төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында елдерді дамытуға негіз болмақ және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді Т. Сүлейменов.

Министрлер кабинетінің мүшелері ұсынылған жобаға бірауыздан дауыс берді. 

Ұлттық экономика министрлігіне Премьер-Министрдің кеңсесімен бірге бекітілген тәртіпте сәйкес Жарлықтың жобасын ҚР Президенті Әкімшілігіне ұсыну тапсырылды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу