Б.Сағынтаев: Мемлекет басшысының жекешелендіру жүргізу бойынша тапсырмасы 2018 жылы орындалуы тиіс

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысы барысында Қазақстанда жекешелендіруді жүргізу барысы қаралды. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады.  

Егемен Қазақстан
16.01.2018 2640
2

Мемлекет басшысы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы аясында мемлекеттік органдардың ведомствоға қарасты ұйымдарын қысқарту есебінен кеңейтумен жекешелендіру жоспарын іске асыруды жылдамдатуды, сондай-ақ әкімшілік шығындарды азайту үшін мемлекеттік органдардың ведомствоға қарасты ұйымдарды мүмкіндігінше шоғырландыруды тапсырды.  

«Қазіргі уақытта 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары 904 объектіні қамтиды. Олардың 876 объектісі туралы толық ақпараттар gosreestr.kz веб-порталына шығарылды. Бұл тізімге қайта құрылатын және қайта тіркеуден өтетін 28 республикалық меншік объектісі енгізілген жоқ», — деді Бақыт Сұлтанов.

Екі жыл ішінде Кешенді жоспардың 476 объектісі сауда-саттыққа шығарылып, 164 млрд теңге сомаға 367-сі сатылды. 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 255 объекті қайта ұйымдастырылу және таратылу сатысында.

Қаржы министрінің айтуынша, жалпы Жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы 71% құрайды.

2017 жылы сауда-саттыққа шығаруға 463 объекті жоспарланған. Жоспар 97% орындалды: 289 объекті сауда-саттыққа шығарылып, оның 190-ы сатылды. 162 объекті қайта ұйымдастырылды және таратылды. 12 объекті ауыртпалықтарға байланысты 2018 жылға ауыстырылды.

«Министрлік ұсынған талдау көрсеткендей, объектілерді өткізу қарқыны жылдамдағанын көрсетті. Осылайша, 2017 жылы өткізушілік өткен кезеңдегі сәйкес көрсеткіштен 15% асты. Сатылған объектілердің бағасы олардың теңгерімдік құнынан 8%-ға асты. Бұрынғыдай сатудың негізгі әдісі аукцион мен тендер болып қалды – 73%», — деп мәлімдеді қаржы министрі.

Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов өткізіліп жатқан жекешелендіруге қызығушылық едәуір артқанын атап өтті. Сауда алаңына белсенді келушілер саны 12% артты. Бұдан өзге, сауда-саттықтағы бәсекелестік артты — бір сауда-саттыққа қатысушылардың орташа саны шамамен 4-5 құрайды, ал бұған дейін олар 3-тен аспайтын.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов өз кезегінде мемлекеттік меншіктегі ірі объектілерді және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның активтерін жекешелендіру мәселелері тұрақты негізде ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясында қаралатынын атап өтті.

Мемлекеттік комиссияның ұсынысы негізінде жекешелендіруге жататын ұйымдардың тізбесі мемлекеттік меншіктегі бес ұйымды және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның бір объектісін алып тастау арқылы өзектендіріледі. Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі қаулысының сәйкес жобасы әзірленді, қазір мемлекеттік органдарда келісуде жатыр. 

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР ҰЭМ барлық мүдделі тараптардың қатысуымен мемлекеттік органдардың бағынышты ұйымдарын толық түгендеу жүргізу үшін жұмыс тобын құрады. Осылайша, жекешелендіруге жататын объектілер тізбесін жаңарту бойынша алдағы жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде жүзеге асырылатын болады», — деді Тимур Сүлейменов.

Жекешелендіру жүргізу барысы бойынша сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарушы директоры Нұрлан Рахметов, «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасының орынбасары Ғалымжан Тәжияқов, «Қазагро» ҰБХ басқарма төрағасы Нұрлыбек Мәлелов түсініктеме берді.

Талқылау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдар мен холдингтердің басшыларына объектілерді сату кестесін сақтау қажеттігі туралы еске салып, оларды бекітілген мерзімдерде өткізуді тапсырды. Премьер-Министр айтып өткендей Мемлекет басшысының жекешелендіруді жүргізу бойынша тапсырмасы 2018 жылдың соңына дейін орындалуы тиіс. Ешқандай дәлелдер қабылданбайды. Бақытжан Сағынтаев жекешелендіруді жүргізу барысын кім орындап жатқанын және кім қалып келе жатқанын көрсете отырып, тоқсан сайын тексеруді тапсырды.

Тапсырмалардың орындалуын бақылау Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа жүктелді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

23.02.2019

Мақсат - әр тұрғынға отыз шаршы метр баспана беру

23.02.2019

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы үшін гарнизондық жиын өтті

23.02.2019

Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу