ОҚО-да төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясының кезекті отырысы өтті. Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың төрағалығымен өткен жиында өңіріміздегі су қоймаларының бүгінгі жай-күйі талқыланып, көктемгі тасқынның алдын-алу шаралары пысықталды.

Егемен Қазақстан
16.01.2018 763

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н. Дербісовтің айтуынша,   облыс аумағында жалпы 43 су қоймасы бар. Оның 20-сы республикалық, 18-і облыстық және аудандық коммуналдық, 5-і жекеменшік саналады.

«Қоймалардың 90 пайызының құрылысы 1941-1990 жылдары аралығында салынып, пайдалануға берілген. Яғни, соңғы құрылыстың салынғанын есепке алғанда  25 пен 80 жыл  аралығында үздіксіз пайдаланылып келеді. 2017 жылғы қазан-қараша  айларында облыс аумағында орналасқан барлық  су қоймалардың меншік түріне қарамастан ағымдағы жағдайын анықтау мақсатында облыстық құзырлы мекемелерден құрылған комиссия визуалды зерттеу жұмыстарын жүргізді», - деді Нұрболат Дербісов.

Басқарма басшысының айтуынша, бірқатар су қоймалары электр жарығымен, байланыс құралымен, арнайы күзетпен, бейне бақылаумен толықтай қамтамасыз етілуі керек.

Жиынды қорытқан өңір басшысы су қоймаларына қатысты олқылықтардың орнын толтыру мақсатында аудан, қала әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

«Көктемгі су тасқынының орын алуына көбінде су қоймаларының материалдық-техникалық жағдайлары мен мекемдігі сеп болады. Осы жайды ескерсек, өңіріміздегі 43 су қоймасының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырамын. Арнайы комиссия анықтаған олқылықтар толығымен орындалып, қажетті құрал-жабдықтар мен қамтамасыз етілуі қажет. Бұл ретте тиісті мекеме басшылары аудан, қала әкімдерімен тығыз байланыста жұмыс істеуі тиіс», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.05.2018

Айдос Қыдырма ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

21.05.2018

Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясы дөңгелек үстел өткізді.

21.05.2018

Қарақиялық оқушылар арасында «Жас құтқарушы» сайысы өтті

21.05.2018

Солтүстік Қазақстанда өрт сөндіру  көпсайысынан аймақаралық чемпионат өтті

21.05.2018

Солтүстік Қазақстан шенділері тегін үйлерді туыстарына үлестірген

21.05.2018

Академик Түймебай Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

21.05.2018

Петропавл әкімдігінің әрекеті тұрғындарды таң қалдырды

21.05.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен біріншілік өтті

21.05.2018

Алматыда «Музей түні» өтті

21.05.2018

Әлем чемпионатында қазақстандық муайтай шеберлері 7 медаль иеленді

21.05.2018

Қостанайда орманда от жаққандарға айыппұл салынады

21.05.2018

Семейде журналист, жазушы Дәулет Сейсенұлының «Жәнібек ән салады...» пъесасы сахналанды

21.05.2018

Шәмші шығармалары шырқалды

21.05.2018

Ғасыр әдісі (сурет сыры)

21.05.2018

Латын әліпбиімен диктант жазды

21.05.2018

Таңғажайып тас

21.05.2018

Нәсір көкемнің өкпесі

21.05.2018

Қатты қалдықтарды қайта өңдеу – заман талабы

21.05.2018

Көпір құрылысы аяқсыз қалмайды

21.05.2018

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жетілдірген жөн

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу