Н.Назарбаев: АҚШ-пен экономикалық байланыстың деңгейі жоғары

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев АҚШ Президенті Д.Трамппен кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастағы экономикалық байланыстың маңызына тоқталды. 

- -
Егемен Қазақстан
17.01.2018 2042
2

«Бүгінгі дөңгелек үстелде 7 миллиард доллар көлеміндегі 20 келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отырмыз. Бұл ‒ бизнес өкілдері арасындағы өзара байланыстың жоғары деңгейін көрсетеді. Біз Боинг ұшақтарын сатып алуды, Қазақстанда 900 электровоз салуды және ауыл шаруашылығы саласындағы байланысты арттыруды көздейміз», деді Мемлекет басшысы.

Қазақстандағы америкалық компаниялар ел экономикасына 50 миллиард доллардан астам қаржы құйып, бес мыңға жуық жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады. Елімізге келетін АҚШ азаматтарына визасыз режім енгізілген. Елбасы визаға қатысты ендігі қадамды АҚШ тарапынан күтетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, алдағы уақытта екі ел арасында тікелей әуе қатынасы орнатылмақ.

Ақ үй басшысы АҚШ-тың Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы және негізгі сауда-саттық әріптестерінің бірі екеніне тоқталды. Д.Трамп Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі табысты дамудың моделі ретінде танитынын атап көрсетті.

«Біз алдағы уақытта Қазақстанға салынатын инвестиция көлемін арттыруды көздеп отырмыз. Әсіресе, энергетика секторына маңыз беру жоспарда бар. Қазіргі таңда Қазақстанмен стратегиялық әріптестігіміз алға жылжып келеді. АҚШ пен Орталық Азия арасындағы әріптестік көпшіліктің күткенінен әлдеқайда жедел жүріп отыр», деген АҚШ Президенті екі арадағы әріптестіктің Қазақстанның БҰҮ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы қызметіне кірісуімен одан әрі нығайғанын атап өтті.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

"Егемен Қазақстан" арнайы Вашингтоннан

Суретті түсірген Бауыржан ЖУАСБАЙ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.10.2018

Агросекторда ілкімді қадамдар қажет

19.10.2018

Инвестор тақыр жерге келмейді

19.10.2018

Тұрмыс сапасын арттырудағы іргелі істер

19.10.2018

«Барыс» - «Трактор»: 5:4

19.10.2018

Керчьтегі қарулы шабуыл жиырмадан аса адамның өмірін қиды

19.10.2018

Нұрлан Нығматуллин: Бұл – бүкіл халықтың жағдайын жақсартуға арналған Жолдау

19.10.2018

Жас спортшы джиу-джитсудан күміс медаль иегері болды

19.10.2018

Ресми бөлім (19.10.2018)

19.10.2018

Жаһандық үнқатысу алаңындағы жүздесу

19.10.2018

Серіктестік серпінді дами береді

18.10.2018

Егемен академиясында Қайнар Олжай дәріс оқиды

18.10.2018

Астанада вирусты менингитке күдікті сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды

18.10.2018

Еуроодақ саммиті: «Брексит» мәселесі қиындай түсті

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Рольф Драакпен және Мехран Эфтехармен кездесті

18.10.2018

Қарағандыда әнші-композитор Қорабай Есеновтің мерейтойлық кеші өтті

18.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездесті

18.10.2018

Маңғыстауда алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

18.10.2018

«Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы басталды

18.10.2018

Көлік кептелісінде көмекші - Road Zipper

18.10.2018

«Хабар 24»: «Egemen Qazaqstan»-ға шолу

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу