Қазақстан • 17 Қаңтар, 2018

Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы әлеуметтік көңіл күй тақырыбындағы өлшеулерді қорытындылады

553 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының (СТСЗО) Қазақстан халқының 2017 жылғы әлеуметтік көңіл күйі тақырыбында жүргізілген өлшеулерді қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өтті. 

Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы әлеуметтік көңіл күй тақырыбындағы өлшеулерді қорытындылады

Республика аумағы бойынша 1600 респондент пен Демократиялық күштер коалициясының сарапшылары арасында өткен сұрау нәтижелерін Орталықтың директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Юлия Кучинская және Социологиялық зерт­теулер бөлі­мінің меңгерушісі, әлеу­мет­тану ғы­лым­дарының кандидаты Салтанат Ермаханова таныстырды.

Юлия Кучинскаяның айтуы бо­йынша, аталған зерттеу рухани жаңғыру бағытында жетістікке қол жеткізу және Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан хал­қына Жолдауын жүзеге асыру жо­лында қоғамдық сана жай-күйі­нің маңыздылығына негізделген.

«СТСЗО-ның блиц-сұрауына сәйкес, халықтың 71,3 пайызы Президенттің Жол­дауынан хабардар. Ендігі міндет – Жолдаудың мазмұнын барынша то­лық ашып, халыққа жеткізу болмақ. Бұл орайда әлеуметтің көңіл күйін түсіну маңызды. Өткен жылдың төр­тін­ші тоқсаны, сол сияқты 2017 жыл­дың ағымында Қазақстан халқы­ның әлеу­меттік жағдайы жалпы алған­да жақ­сы көрсеткішке ие. Дерек­терге үңіл­сек, тұрғындардың 86,2 пайызының  көңіл күйі жақсы. Сауалнамаға қатысу­шылардың пікірі бойынша, соңғы үш ай ішінде олардың өмірінде жағымсыз оқиғадан гөрі, жағымды оқиғалар 5,2 есеге артқан. Бұл қоғам­дық көңіл күйдің жалпы көріні­сін береді», деді Юлия Кучинская.

Сондай-ақ ол өткен жылдың соң­ғы тоқсанында тұрғындардың көңіл күйіне ең көп әсер қалдырған жайт­тарға да тоқталып өтті.

Орталық басшысы ойын қоры­тын­дылай келе, тұрғындардың ең өткір мәселелері үштігін де атап, солардың ал­ғашқысы материалдық проблемалар екенін тілге тиек етті.

Жиынға қатысушылар әлеумет­тік көңіл күйдің қалыпты болуына ел­дегі экономикалық даму мен әлем­дік саясаттың әсері де тиетінін жеткізді.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»