Аймақтар • 17 Қаңтар, 2018

Сенаторлар «Полимер-Пласт» ЖШС-ның өндірістік қуатымен танысты

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаторлар Рашит Әкімов пен Дәурен Әділбеков Ақ­мола облысындағы Шортанды ауданына жасаған жұ­мыс бабындағы сапары аясында «Полимер-Пласт» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қуатымен танысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенаторлар «Полимер-Пласт» ЖШС-ның өндірістік қуатымен танысты

Кәсіпорын 2014 жылдан бері 400 миллион теңге болатын мыңдаған тонна полиэтилен өнімдерін өндірді. Осы заманғы жабдықтар қойыл­ған цехтардың арқа­сында мұнда қалдықсыз өнім шы­ға­рылады. Қалдық шикізаттан қоқыс салынатын қаптар шы­ғару жолға қойылған.

Р.Әкімов пен Д.Әділбеков аудан активімен болған кеңес­те Президент Н.Ә.Назарбаев­тың «Төртінші өнеркәсіптік ре­волюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында алға қойылған негізгі міндеттерге тоқталды. Сенаторлар, сондай-ақ Пар­ламенттің өткен жылғы жұмысының қорытындылары мен заңнамадағы өзгерістер туралы баяндады.

Д.Әділбековтің Це­лино­град ауданында бол­ған кез­де­су­лер­інде де Елбасының Қазақ­стан хал­қы­на Жол­дауын талқы­лау негізгі та­қырып болды. Депу­тат әлеуметтік дү­кен жұ­мы­сымен танысу ба­ры­сында мүмкін­дігі шектеу­лі адамдарды ең­бекке ор­на­лас­тырудағы жұмыстарын жо­ғары ба­ға­лады. Парламентші, сон­дай-ақ «Capital Projects Ltd» және «Eco Park Astana» кә­сіп­­орындарында да болды.

Әкімдіктің қызмет­кер­лері­мен, мәслихат депутаттарымен, кәсіп­орындар мен шаруа қожа­лық­тарының басшыларымен кездесулерде сена­тор салық заңнамасына енгі­зілген өзгерістер туралы әң­гі­меледі. Д.Әділбеков биыл­ғы жылдан бастап патент не­гі­зіндегі арнайы салық тәртібін қол­да­на­тын кәсіпкерлер үшін салық мөлшері 2 пайыздан 1 па­йыз­ға дейін азайтылып, әлеу­меттік салық жойылатынын атап өтті.